Мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтану ерекшелігі



Дата09.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#33831
Байланысты:
баланың тамақтануы


Мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтану ерекшелігі

Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.

Асқорыту жүйесі біздің денемізде көптеген тапсырмаларды орындайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - сыртқы энергиядан шығатын қоректік заттарды жасушалар үшін энергия мен құрылыс материалдарына айналдыру.

Асқорыту процесі асқазан-ішек жолымен (ауыз, өңеш, асқазан және ішек) және көптеген ас қорыту бездерімен қамтамасыз етіледі.

Балалардағы өттің ерекешеліктері

Өт – бауырдың оң жақ бөлігінде орналасатын, ұзындығы 3 см құрайтын мүше болып табылады. Қалыпты күйдегі алмұрт пішінге 7 айлық кезінде ие болады, ал 2 жаста бауыр шетіне дейін жетеді.Өттің негізгі қызметіне: өт сұйықтығын бөлу жатады. Бала мен ересек адамның өт құрамының өзге тән ерекшелік болуы тән. Бала өтінің құрамында: өт қышқылы, холестерин, тұз аз мөлшерде, ал су, муцин, пигмент керісінше көп мөлшерде болады. Туылған кездегі өт мочевинаға бай болады. Баланың өтіндегі гликохол қышқылы бактериацидтік және ұйқы безі сөлінің бөлінуін жеделдету қасиеттеріне ие. Өт майды эмульгирлеу, май қышқылын еріту, перистатиканы жақсарту қызметтерін атқарады.

Балалардағы өттің көлемі (Чапова О. И., 2005 ж.):жаңа туылған нәресте- 3,5 x 1,0 x 0,68 см;1 жас – 5,0 x 1,6 x 1,0 см;5 жас – 7,0 x 1,8 x 1,2 см;12 жас – 7,7 x 3,7 x 1,5 см.

•Ішегінің ұзындығы үлкен адамдардікімен салыстырғанда едәуір ұзын, жүйке жүйесі жетілмеген, сондақтан жас баланың іші жиі кеуіп кетеді.



•Ішектің шырышты қабатында қан тамырлары көп, сондықтан сәл ас қорыту бұзылса уыттар денеге тез жайылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет