Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері


Интеграциялау принципі және оның шарттары



бет7/31
Дата07.06.2023
өлшемі71,26 Kb.
#99337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
педагогика жауаптары

Интеграциялау принципі және оның шарттары.

Интеграциялау принципі-бұл жалры білім мазмұнын анықтауда,оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын жазып шығаруда ескерілетін маңызды принцип.Интеграция-әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика т.б. өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланысын анықтап,оқушылардың білімін тереңдетуге болады.
Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды.
Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.


  1. Мектептегі тәрбие жұмысының маңыздылығы.

Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Тәрбиенің заңдылықтарына:

    1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;

    2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;

    3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;

    4. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;

    5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;

    6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

Мектептегі оқу-тәрбие істерінде іс-әрекеттің барлық түрлері кешенді түрде іске асырылады. Әр оқушы өз таңдауымен, қалауымен, еркімен атқаратын қоғамдық істерді таңдайды. Мұғалім әр оқушының ішкі қажеттілігін ескереді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет