Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері


Оқыту теориясының негізін қалаушы Я.А.Коменскийдің дидактикалық көзқарастары



бет6/31
Дата07.06.2023
өлшемі71,26 Kb.
#99337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
педагогика жауаптары

8.Оқыту теориясының негізін қалаушы Я.А.Коменскийдің дидактикалық көзқарастары.
Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Ян Амос Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика " кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. 
Чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.
 "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Ян Амос Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Ян Амос Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;•оқушыларды сыныптарға бөлу;•әр сыныпқа бір бөлме беру;•күніне 4 сабақ өткізу;• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;•қоңыраудың соғылуы;•тәртіп;• бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;•сабақты күзде бастау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет