Мектеп миссиясы


Алматы қаласындағы «Достар» Халықаралық мектебінің миссиясы



бет6/15
Дата31.12.2021
өлшемі61,04 Kb.
#23420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
6. Алматы қаласындағы «Достар» Халықаралық мектебінің миссиясы: «Ақпараттық қоғамда түрлі өмірлік әрекеттерге толыққанды әрі тиімді қатысуға және өзін-өзі дамытуға дайын, өз қабілеттерін іске асыра білетін, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру».

Әдетте миссия директордың өз мектебінің мінсіз бейнесі туралы көрінісіне негізделеді. Ал болашаққа бағдар дегеніміз не?

Болашаққа бағдар (ағылш. visionкөзқарас, көрініс) – бұл біздің санамызда қалыптасқан өзіміз қалайтын болашақтың мінсіз бейнесі, оған қол жеткізу ең қолайлы ішкі және сыртқы жағдайлар болғанда ғана мүмкін болады; мектептің жетілдірілген қалпының ең үздік бейнесі. Болашаққа бағдардың болмауы, айқын белгіленбеуі немесе оның шынайы мүмкіндіктерге сәйкес келмеуі мектептің даму жолындағы кедергі болып табылады. Ал айқын, нақты негізделген, іс-әрекетке ынталандыратын болашаққа бағдардың болуы мектеп қызметінің стратегиялық жоспарларын құруда жетістікке жетудің негізі және шарты ретінде қарастырылады.

Мысалы:

Біздің мектебіміз шағын ауданның әлеуметтік-мәдени белсенділігінің орталығына айналуы тиіс.

Біздің мектебіміз аймақтағы білім беру инновацияларының ресурстық орталығы бола алады.

Егер мектептің болашаққа бағдары директордың көзқарасымен мектептің мінсіз бейнесі болса, миссия бұл педагогикалық қоғамдастық мүшелерінің жалпы ұжымдық шешімінің нәтижесі, әлеуметтік тапсырыс талаптары мен ұжымның нақты мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескерілетін шешім болып табылады.

Миссияны тұжырымдауға қойылатын негізгі талаптары:


  • мектеп ұжымының барлық мүшелерінің ортақ құндылықтары мен көзқарастарын білдіру, яғни ұйымның мәдениетімен байланысты болуы;

  • қызметкерлердің басым бөлігінің қолдауына ие болу;

  • ұйымдастыру мен қызмет стиліне белгілі бір дәрежеде әсер ете отырып, шешім қабылдау процесін бағыттау;

  • қызмет мектептің жалпы құндылықтарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға болатындай тұжырымдалуы.

Миссияның мақсаты оның функцияларымен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет