Күтілетін нәтиже:
Баланың төмендегідей іскерлігі дамиды:
Қоршаған ортаны, дүниені белсенді тану;
Тану алгоритіміне сай жұмыс істеу;
Жаңа сұрақтар қойып, оған өз бетінше жауап іздеу;
Алынған нәтижні дәлелді түсіндіру.
Өзектілігі. Балаларды зерттеу іс-әрекетіне араластыру – балалардың әрқашан жаңа білімді игеріп отыруы. Балалар зерттеу арқылы әлемді, табиғатты танып біледі.
Бұл:
балалардың білімділік белсенділігін қанағаттандыру;
Шығармашылық қабілетін дамыту және білдіру жолы ;
Табиғаттың көпқырлы екенін түсіну;
Табиғатты қорғау іс-әрекеті арқылы тәжірибе алу.
Баланың өзімен өткізілетін зерттеу алынған нәтиженің, құбылыстың моделін құруға әрі оларды салыстыруға, жүйелеуге көмегін тигізеді. Зерттеу ізденіс технологиясы өзіне дәстүрлі және дәстүрден тыс жұмыс түрлерін енгізе алады.
Тәжірибе жұмысының негізгі идеясы –іс-әрекет жасау барысында бала өзі қарастырып жатқан объектісін жан-жақты тани біледі, оның сан-қырлы қызықтарын өзі үшін ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |