Мақсаты:Балаларға табиғатта, ауа райында және адамдардың киімдерінде өзгерістерді байқауға ынталандыру. Тәрбиешімен бірге табиғат құбылыстарын бақылауға құштарлығын тәрбиелеу. Қоршаған ортаның әсемдігімен байланысты мейірімді сезімдерді тәрбиелеу.
1
3
Тақырыбы: «Күн және біз»(табиғатқа бақылау жасау)
Мақсаты: Балалардың күн жарық және жылу көзі, адамның денсаулығы күнге байланысты сияқты түсінігін кеңейту. Күннің көзінде мінез-құлық ережелерімен таныстыру. Балалардың ойлай білуін дамыту.
1
4
Тақырыбы: «Ауылға саяхатқа шығу»
(үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Мақсаты: Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.