|
Байланысты: «мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке дЖалпы әдістемелік тәсілдер
- үйде, не қоғамдық орындарда әр баланың күнделікті ішкі сырын сұрап-білуге уақыт табыңыз;
- оқу стратегиясын бала мәдениетімен біріктіріңіз (өлең-ойындар, музыка, қимылдарды танымдық дамумен қатар қолданыңыз);
- баланы қоршаған ортаның бала үшін түрлі жағымсыз жағдайлардан қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз;
- күрделі тапсырмаларды бірнеше бөліктерге бөліп, деңгейлер санын азайтып, жеңілдетіңіз;
- балаларды күн бойында түрлі іс-әрекетке қатыстырыңыз;
- оқытудың барлық түрінде сенсорлық дамытуды қарастырыңыз (сипап көру, ұстап көру, қарау, дәмін сезу, иісін иіскеу, әрекет жасау);
- балалардың қабілеттілігіне және оқыту түрлеріне байланысты оқыту әдістерін таңдаңыз;
- балалардың ізденіске деген талабын қолдай отырып, күнделікті олармен ойнаңыз;
- балалардың шығармашылық процесін қолдаңыз;
- баланың күнделікті өміріндегі: отбасындағы, қоғамдағы, әлеуметтік ортадағы жетістіктерімен танысып, бақылау жасаңыз;
- баланы оқыту мен тәрбиелеуге қолдау жасау үшін отбасында қолданылатын тиімді стратегияны педагогикалық стратегиямен біріктіріңіз;
- сезім мүшелерін (көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу) кірістіре отыра, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлі жолдарын қамтамасыз етіңіз;
- бала бір нәрсені бүлдіріп немесе былғап қойса оған ұрыспаңыз;
- егер сіз балаңыздың жасаған жұмысына көңіліңіз толмаса оның көзінше оны жөндемеңіз;
- танымдық процесті балалардың өздерін жақсы сезінуі үшін мәдени дәстүрлерді бейнелеу түрінде ұйымдастырыңыз;
- вербалды, визуалды және дене интуициясын қолданыңыз;
- балалардың танымдық тәжірибесінің түрлі спектрінің жинақталуын қамтамасыз ететін орта құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|