Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет11/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі қандай ғылым?
2. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің мектеп жасына дейінгі балалардың денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым екенігін дәлелдеңіз.
3. «Ұғым» сөзі қанай мағынаны білдіреді? «Ұғым», «түсінік» сөздерінің байланысы, сәйкестігі бар ма?
4. «Ұғым» сөзіне және дене тәрбиесі теориясында жиі қолданылатын ұғымдарға түсінік беріңіз.
5. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының педагогикамен байланысы қандай?
6. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының мамандандырылған ғылыми пәндердің тұтас кешенімен байланыстылығын ашып көрсетіңіз.
7. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің мақсат, міндеттері мен мазмұнын түсіндіріңіз.


2 - дәріс. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі ғылыми - зерттеу әдістері
Дәріс жоспары

  1. Зерттеу әдістерін ұйымдастыру (бақылау, әңгіме, эксперимент, теориялық талдау және қорыту әдістері: оқып білу, талдау, қорыту, ғылыми әдебиеттермен жұмыс, сауалнамалар әзірлеу, бақылау, құжаттарды зерттеу, оқушы жұмысын зерттеу, математикалық әдістер)

Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі зерттейтін мәселелердің ауқымы кең. Зерттеу кезінде педагогикалық әдістер ғана емес, шектес ғылымдарда – социологияда, психологияда, физиологияда, антропологияда, биохимияда, т.б.-да пайдаланылатын әдістер де қолданылады.


Методология - дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді, өзіне тән әдістерін қолданады. "Даму" сөзі - философиянікі. Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі ғылымы да өзінің күш-жігерін дене тәрбиесі мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Әдіс - бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Сондай-ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс-әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерін толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін-өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.
Зерттеулер теориялық және эмпирикалық, ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау - объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу - объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау - құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру - дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.
Интерғылыми әдістерге - экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.
Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

  • анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

  • синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

  • абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

  • жалпылау - объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

  • индукция - жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

  • дедукция - жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

  • аналогия - объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия-ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалы: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б

  • классификация - зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).

Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:

  • экстрополяция - ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;

  • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;

  • модельдеу - шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу - түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;

  • ретроспекция - объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;

  • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;

Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:

  • декомпозиция - үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;

  • селекция - зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;

  • агрегирование - жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.

Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады. Тақырыбымыз мектепке дейінгі дене тәрбиесінің зерттеу әдістері туралы болғандықтан осы салада жиі қолданылатын зерттеу әдістеріне ғана түсінік беруді жөн деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет