Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдынала айтылған ой - гипотеза деп аталады.
Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз адам қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдың 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға көшті. Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі. Тексеру эксперименті ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтардың пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампаз эксперимент дейді. Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы, қалыптастырушы, нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады. Зертханалық эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бөліп алу керек. Табиғи эксперимент өткізу үшін зерттеуші жобаны оқу-тәрбие, басқару жұмысының күнделікті жоспарына енгізеді. Зертханалық эксперимент арқылы зерттеуші өзінің гипотезасын алдын ала тексеру үшін жасанды жағдайлар жасайды. Ол рөлдік ойынға ұқсас, себебі тәжірибедегі керек модель тексеріліп, табиғи экспериментке енгізу үшін әзірленеді. Нәтижесінде эксперимент бағдарламасы жан-жақты түзетіліп, табиғи экспериментте қолдануға әзірленеді. Табиғи педагогикалық процестің нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша тәрбие, білім беріледі. Эксперименттің мәні мынада: зерттеуші арнайы жағдай туғызып, жанама құбылыстарды жояды, қажетті материалды жинақтауда кездейсоқтықтар мен кідірістерге жол бермейді. Бұған қоса ол құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды дәлірек анықтау үшін эксперимент шарттарын түрлендіре алады. Қажетті жағдайда, мәселен, фактілер жеткіліксіз болған кезде, эксперимент қайталанады. Зерттелініп жатқан мәселеге тікелей қатысы жоқ жанама факторлар әсерін жою үшін эксперимент көбіне, әдеттегіден басқаша жағдайда жүргізіледі.
Әдеттегі жағдайдың өзгеруіне қарай эксперимент табиғи және зертханалық (лабораториялық) болып бөлінеді.
Табиғи эксперимент кезінде сабақтар кәдімгі дене жаттықтыру сабақтары жағдайынан алшақ кету болмайтын күйде өткізіледі, алшақтаулар болғанның өзінде олар шамалы ғана болады.
Зертханалық эксперимент. Жасанды жағдай туғызудан және жанама әсерлерді жоюдан тұрады.
Эксперименттер белгілі бір фактілерді немесе олардың тәуелділіктерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кейбір эксперименттер қайсыбір көрсеткіштерді салыстыруға бағытталады. Мұндай эксперимент-салыстармалы эксперимент деп аталады. Эксперимент жүргізер алдында міндеттерді анықтау және зерттеулердің жоспарын жасау, жұмыс жорамалын қалыптастыру, эксперименттік сабақтардың әдістемесін, фактілерді тізімге алу және оларды өңдеу әдістемесін жасау қажет. Салыстырмалы экспериментте екі немесе бірнеше біртекті топтар қатысады. Олардағы сабақтар қандай да бір фактормен ерекшеленеді. Эксперимент соңында қандай топта, мәселен, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жөнінде, неғұрлым жоғары көрсеткіштерге қол жеткені анықталады. Экспериментті сабақтар өткізілетін топ эксперименттік топ деп аталады. Әдеттегі әдістеме бойынша айналысатын топты бақылау тобы деп атайды. Эксперимент нәтежелерінің неғұрлым дұрыс болуы үшін айқыш-ұйқышты эксперимент деп аталатын сызба қолданылады. Мысалы алғашқы экспериментте бір топ бірінші әдістеме бойынша, ал басқа топ екінші әдістеме бойынша айналысады. Екінші экспериментте бірінші топ екінші, ал екінші топ бірінші әдістеме бойынша айналысады.Үш және одан да көп нұсқалар (варианттар) тиімділігі салыстырылатын зерттеулерде эксперименттер үш және одан да көп кезеңде өткізіледі де нұсқалардың біреуінің артықтығы анықталады. Егер бірден бірнеше фактордың әсерін анықтау міндеті қойылатын болса, көп факторлы эксперимент деп аталатын сызба пайдаланылады.