Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


-дәріс. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау



бет128/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

20-дәріс. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау


Дәріс жоспары

  1. Басшылық жасауға жауапты адамдар. Негізгі міндеттері

  2. Дәрігерлік бақылау жасау

  3. Балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық мүмкіндіктеріне баға беру

  4. Сабақ өткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайлары

  5. Балалардың отбасында дене тәрбиесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



Басшылық жасауға жауапты адамдар. Негізгі міндеттері. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі барлық ұжым қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Меңгерушіден техникалық қызметкерлерге дейінгі барлық қызметкер әрбір баланың денсаулығын сақтауға, дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуге жәрдемдесуге міндетті.
Меңгеруші. Меңгеруші дене тәрбиесі бойынша барлық ұйымдастыру жұмысына жауапты. Ол жұмыстың жалпы жоспарын жасап, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді және балабақша қызметкерлерінің қызметін басқаруды жүзеге асырады. Меңгеруші ойын алаңын, дене шынықтыру залын, топ бөлмелерін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге міндетті. Олар: дене шынықтыру құрал-саймандары, ойыншықтар, атрибуттар, бөлмелердің ішіндегі, алаңдағы тазалық жағдайы, әдістемелік кабинет үшін әдебиеттерді, материалдарды таңдау. Тәрбиешілердің жұмысын тексеріп, көмек көрсету мақсатында меңгеруші дене тәрбиесі сабақтарына, ертеңгілік гимнастикаға, серуендеп жүргенде және дене тәрбиесінің басқа да ұйымдастыру түрлеріне бақылау жасайды. Бақылау жазбаларын қорытындылап отырып, ол жетістіктерін, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысты жақсарту жөнінде практикалық кеңестер береді. Меңгеруші сонымен бірге әдістемелік құжаттарды тексереді, тәрбиешілерге жоспар құруға, берілген есептерді талдап белгілеуге, т.б. көмектеседі. Педагогикалық ұжымның білімдерін көтеру үшін кеңес, ашық сабақтар ұйымдастырып, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін педагогикалық кеңестің талқылауына қояды. Ол тәрбиешілер жұмысын талдауға және педагогикалық оқуларда баяндамалар жасауына жәрдемдесіп, мектепке дейінгі мекемедегі барлық топтардың дене тәрбиесі тәжірибесін жинақтап қорытады. Сонымен бірге, тәрбиешілерді аудан, қалаларда әдістемелік кабинеттер арасында болатын (дәріс, үйірме, семинар, т.б.) шараларға қатысуға жібереді. Меңгеруші өз мекемесіндегі барлық қызметкерлердің денсаулығына, дамуына, дайындықтарына үнемі көңіл бөліп отырады. Ол балабақшаның қызметкерлерімен әңгіме, кеңестер ұйымдастырады (дене жаттығуларын және оларды жүргізу әдістемесін таңдап алады), денсаулық топтарындағы, спорт секцияларындағы сабақтар туралы ұсыныстар беріп, өзі үлгі көрсетеді. Дене тәрбиесі бойынша теориялық және практикалық дайындықтың тиісті шамада болуы мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлерге өз міндеттерін неғұрлым жетік атқаруларына, балаларға үлгі көрсетулеріне көмегін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет