Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет131/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   138
Бірінші топ - жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, денеге түсетін қайсыбір күшке олардың денесінің даярлық дәрежесіне сәйкес дене тәрбиесінің барлық түрін жүргізуге болатын бірінші және екінші денсаулық тобындағы балалардың бір тобы.
Екінші топ - дене тәрбиесін шектеп, яғни еттің күш жұмсауын шектей отырып, ал шынығуды - су мен ауаның температурасын төмендетпей өткізуге болатын балалар. Бұл топқа дене дамуында кідірісі, жүрек ауруына әкеп соқтыратын тыныс демікпесі бар балалар жатады. Шынықтыру процедураларын өткізгенде осы топқа жоғары тыныс жолдары ауыратын балаларды да қосуға болады.
Yшінші топ - дене тәрбиесінің барлық түрін де өте сақтықпен өткізуге болатын балалар, бұларды су процедураларымен шынықтырамын деп ойлаудың өзі әбестік болар еді. Бұған көптеген сырқаттарға шалдыққан балалар жатқыз жатқызылады. Баланың денсаулық жағдайы мен дене дамуы жақсарғанда, дәрігер тексеруден өткізіп, оны тиісінше, үшінші топтан екіншіге немесе екіншіден бірінші топқа ауыстыра алады.
Негізгі топқа дені сау балалар мен жеткіншектерді, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары жүйесінде шамалы ғана функционалды ауытқушылығы бар, жалпы өзін жақсы сезінгенмен де дене дамуында елеусіздеу артта қалушылығы бар балаларды жатқызады.
Даярлық тобына денесін аз жаттықтырған, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу қызметінде шамалы ғана функционалды ауытқушылығы бар, гастритпен, созылмалы бронхитпен ауыратын, бұрын күшті жұқпалы аурулармен (дифтерия, скарлатинамен) ауырған балаларды енгізеді. Даярлық тобындағы балалардың көпшілігі жылдам шаршауымен, жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жоғары деңгейде қозуымен ерекшеленеді. Осыларға байланысты күш жаттығулары мен шыдамдылықты арттыруға бағытталған жаттығуларды мөлшерлегенде ерекше бір ұстамдылықты сақтау, секірулердің, қысқа қашықтыққа жүгірулердің, арқанмен өрмелеудің санын шектеу қажет болады, жаттығу құрамынан қашықтыққа жүгіру мен шаңғымен жүру жаттығуын алып тастаған жөн. Гимнастикалық, спорттық жаттығулар техникасын даярлық тобының балалары бағдарлама талаптары шегінде жалпы негізде оқып үйренеді. Дегенмен, жүктеме біршама азайтылады және жаттығуды іріктеп алу мен жүктемені мөлшерлеуде үлкен көлемде жекелеу ісі жүзеге асырылады.
Арнайы топқа күшті сарп (ревматизм) дертіне шалдыққаннан кейін 6-12 ай өткесін, дерттің қайталап қозу кезеңі аралығында сарппен, жүрек ауруымен ауыратын, дене дамуында елеулі түрде кейін қалған, асқа тәбеттің тартпауымен қосарлана жүретін ішек-асқазан ауруларын басынан өткізген, алыстан көрмейтін, козғалыс-тірек аппаратының ақауы бар балаларды жатқызады. Олардың дене тәрбиесі елеулі түрде шектеледі немесе онымен айналысуға тіпті рұқсат етілмейді. Осы топтағы балаларға емдеу дене шынықтыруын белгілеу және дәрігердің тікелей бақылауымен 30-45 минуттен аптасына 2-3 рет сабақ өткізу тиімді. Дене тәрбиесінің пайдалы екендігіне дәрігер күмәнді болса сабаққа рұқсат етпейді. Баланың денсаулық жағдайына байланысты мамандармен кеңескеннен кейін дәрігер жаттығудың нақты түрлерін белгілейді, олардың орындалу ұзақтығын анықтайды, балалардың іс-қимылы мен денсаулығын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Қатты науқастанып тұрған балаларға дене тәрбиесі сабақтарына қатынасуға уақытша рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет