Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет130/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   138
Бала бағушы дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Ол бөлмелердің, спорт залының тазалығы мен ауасының тазаруын қадағалап отырады. Сәбилерге серуенге, дене шынықтыру сабағына барарда киінулеріне көмек­теседі. Сонымен бірге, балаларды мезгілінде тамақтандырып, ұйықтатып, оларды қоғамдық гигиеналық әдетке қалыптастырады, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстайды (доптарды жуу, т.б.). Бала бағушы балаларға өз жұмысымен үлгі көрсете білсе, олардың дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс шешулерінде атқаратын рөлі зор.
Музыка жетекшісі тәрбиешімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар дене және музыка тәрбиесі жоспарларын өзара үйлестіре отырып, бірыңғай дене жаттығуларын жасайды, со­нымен қатар мерекелік бағдарламаларды, таңертеңгілік жаттығу кешендерін талқылайды. Музыка жетекшісі таңертеңгілік жаттығуда, дене шынықтыру сабағында оларды музыкамен сүйемелдеп отырады, қимыл-қозғалыс ойындарын жасағанда керекті әндер, ырғақтарды таңдауға кеңес береді. Музыка жетекшісіне балалардың дене тәрбиесі бойынша сабағына теориялық, практикалық дайындығы керек, бұл оған музыка сабақтарында секіріп билеу, өлең айтып, ойнауды дұрыс қолдануына мүмкіндік береді.
Дәрігерлік бақылау жасау. Дене тәрбиесін дәрігерлік бақылауға алу, біздің елімізде дәрігерлік көмек көрсетудің біріккен жүйесінің құрамды бөлігі. Дәрігерлік бақылау - дене шынықтыру, спортпен шұғылданатын әртүрлі жастағы адамдардың денсаулық жағдайын, дамуын тексеретін дәрігерлік білімнің арнаулы саласы. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүргізу барысында дәрігерлік бақылаудың негізгі міндеті: олардың денсаулығын, дене, жүйке психикасының дамуын нығайтуға көмектесу.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дәрігерлік бақылауға:
1) балалардың денсаулық жағдайын, дамуын олардың организмдерінің функционалды мүмкіншіліктерін анықтау үшін дәрігерлік тексеруден өткізу;
2) дене тәрбиесінің жүргізілуін дәрігерлік-педагогикалық бақылауға алу, дене жаттығуларының мазмұны мен жүргізу әдістемесін және балалардың организмінің жасына байланысты функциялық мүмкіншіліктерінің үйлесуін тексеру;
3) дене жаттығулары сабақтарын ертеңгілік гимнастиканы, қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық жаттығуларды, шынықтыру шараларын өткізетін жерлерге, дене тәрбиесі жабдықтарының, құрал-саймандарының, сондай-ақ дене тәрбиесімен айналысушылардың гигиеналық жағдайларына санитарлық бақылау;
4) ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу кіреді.
Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру дәрігердің, медбикенің, педагогтың бірлескен жұмысы бойынша қарастырылады. Балалар дене тәрбиесі құралдарының алуандығы оның организмге әсер ететін сауықтыру тиімділігіне дәрігерлік бақылау жүргізуді талап етеді. Бұл іспен ғылыми орталық және дене шынықтыру диспансерінің, санитарлық-эпидемиологиялық стансалардың, балалар гигиенасы бөлімдерінің әдістемелік жағынан басшылық етуімен балалар мекемелерінің дәрігерлері айналысады. Мектепалды және мектепке дейінгі мекемелерде балалар денсаулығының жағдайын бақылау жоспарлы түрде балаларды қосымша қайталап қарау түрінде шынықтыру процедуралары басталар алдында жүргізіледі. Бөбекжай жасында сәби денсаулығындағы кез келген жағымсыздық дене тәрбиесін жүргізуге карама-қайшылық әкелмек. Денсаулығы мен денесінің даму жағдайына қарай балалар үш топқа бөлінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет