Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Педагогикалық талдап қорыту әдістері



бет15/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Педагогикалық талдап қорыту әдістері. Әдістердің бұл тобына педагогикалық бақылау енеді. Күнделікті бақылаудан мұның айырмашылығы-ол арнайы ұйымдастырылады, айқын тұжырымдалған міндеті, анық белгіленген бақылау заты, сондай-ақ бақылау фактілерін түйіндеу жүйесі болады. Мұның өзінде зерттеуші педагогикалық үрдіс барысында араласпайды. Ол фактілерді жинау, оларды түйіндеу жүйесінің бір ізділігі көрсетілетін бақылау өткізу және өңдеу жоспарын алдынала жасайды. Бақылау тапқыр, нақты болуы керек. Педагогикалық бақылаудың артықшылығы - ол обьектілерді табиғи жағдайда зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық бақылау фактілері обьективті болып, зерттеушінің жеке басының қасиеттеріне тәуелді болмауы тиіс. Бақылау үрдісінде бақыланатын нәрсені дәл есепке алып отыру әдісін пайдалану керек. Мысалы, қозғалыс техникасын есепке алып отыру үшін фото түсіру, кино түсіру, циклография, көріністік-магнитофондық, бейне таспа, үн таспа, жазба, т.б. пайдаланылады. Қозғалыстардың жеке параметрлерін тіркеу үшін әртүрлі аппарат қолданылады.
Хронометрлеу әдісімен дене жаттығуларын, белгілі бір әрекеттерді орындауға кететін уақыт, сондай-ақ сабақтың жекелеген бөліктері мен толық сабақ ұзақтығы анықталады. Хронометрлеу хронометрлердің, қол секундомерлердің және басқа аспаптардың көмегімен жүргізіледі.
Тәрбиешінің сөзі стенографиялау, магнитофонға жазу арқылы тіркеледі. Бақылау нәтижелері журналға, күнделікке хаттамаға жазылады. Бақылау процесінде тіркелген мәліметтерді алдынала бағалау қажет. Оларды өңдеу кезінде кездейсоқ фактілер алынып тасталып, байқалған заңдылықтар іріктелінуі, жинақталып, қорытылуы тиіс. Фактілерді зерттеу және талдау нәтижесінде олардың жеткіліксіз болуы немесе қарама-қайшы болып, түбегейлі қорытынды жасауға негіз бола алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда бақылау одан әрі жүргілуі тиіс. Қайта бақылаудан алынған мәліметтер негізінде алдынала жасалынған қорытындылар тиянақтала түсуі және бастапқы жорамалға, бақылауды ұйымдастыруға түзетулер енгізілуі мүмкін. Бақылау бақылаушының өзіне қатысты әрекеттерді, денсаулық жағдайын және басқа факторларды өздігімен тексеру түрінде өзін-өзі бақылау сипатында болуы мүмкін. Өзін-өзі бақылау дене шынықтыру жаттығулары сабақтары үрдісінде де, соңдай-ақ бұдан соң оның ағзаға әсерін зерттеу үшін де қолданылады. Мұның өзінде субьективті түйсіктерді ғана емес, обьективті мәліметтерді де (қан тамырының соғысы т.б. ) басшылыққа алып отыру керек. Өзін-өзі бақылау мәліметтері арнаулы күнделікке жазылып, талдануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет