Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет134/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жұмысына басшылық жасауға жауапты адамдар, олардың негізгі міндеттері қандай?.

  2. Дәрігерлік бақылау жасау дегенді қалай түсінесіз?.

  3. Балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық мүмкіндіктеріне баға беру.

  4. Сабақ өткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайлары.

  5. Мектеп жасына дейінгі балалардың табан қалыптасуы туралы процесін қалай анықтайды?

  6. Бала тұлғасын тексеру қалай және неше жағдайда өткізіледі?

  7. Балалардың отбасында дене тәрбиесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.



21-дәріс. Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы, мектеппен дене тәрбиесіндегі сабақтастығы
Дәріс жоспары

  1. Сабақтастық ұғымы

  2. Мектеппен дене тәрбиесі мазмұнымен сабақтастығы

  3. Отбасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру.Ата-аналармен жұмыс



Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



Халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық дегеніміз – сабақтастықтың оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу қажеттілігі мақсатында оның аралас буындары арасында өзара байланыс орнату. Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы олардың тәрбиелеу жә­не оқыту жұмысы мазмұнының, оны жүзеге асыру әдістерінің өзара байланысты болуын көздейді. Н.К.Крупская балалар бақшасы мен мектептің негізгі байланысын көрсете келіп: «Eгер біз балалардың мектепке дейінгі тәрбиесін дұрыс жолға қойсақ, сол арқылы біз мектепті неғұрлым жоғары сатыға көтереміз...», - деп айтты. Балалар бақшасы мен мектеп арасындағы сабақтастықтықтың қажеттігі біздің еліміздегі мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие рөлінің едәуір артуына байланысты да мықтап күшейіп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие - ха­лыққа білім берудің біртұтас жүйесінің бірінші буыны. Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балаларды мектепке жалпы дамуы мен тәрбиелік дәрежесі жөнінде мектептегі оқу талаптарына сай келетіндей етіп даярлап беруді, екінші жағынан, мектептің мектеп жасына дейінгі балалар алып үлгерген білімге, іскерлікке, сапаға сүйенетін оқушыларды одан әрі жан-жақты дамыту үшін соларды пайдаланатын болуын көздейді.
Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері 1-сыныпта балаларға қойылатын талаптарды жақсы білуге, сол талаптарға сәйкес мектепке дейін­гі ересектерді жүйелі оқуға дайындауға тиіс.
Балалар бақшасы мен мектептің арасындағы сабақтастық оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны бойынша да, оқу-тәрбие жұмысының әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру формалары бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің мұғалімі оқудың тиімділігін арттыру үшін балалар бақшасында жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балалар бақшасының тәрбиешісі оқыту процесіне арнаулы оқу тапсырмаларын, жаттығулар енгізіп біртіндеп оларды күрделендіреді, сол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда оку іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оқу оқыту формасы ретінде мектептегі сабаққа негіз даярлайды. Балалар бақшасына бармайтын алты жастағы балаларды мектептегі оқуға дайындау мектептердің жанында ұйымдастырылатын дайындық сыныптарында жүзеге асырылады. Еліміздің кішкентай азаматтарын тәрбиелеу мен оқыту тиімділігін арттыру мақсатында үкіметіміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда «Жалпы білім бе­ретін мектептер жанындағы мектепалды сыныптары мен балабақшаның мектепалды топтарына балалар қабылдау ұлғайтылсын», деген міндет қойылды. Мектепке дейінгі мекемелердің практикасында балалар бақшасы мен мектеп байланысының белгілі тәжірбиесі қалыптасқан. Бұл байланысты орнатудың екі жолын бөліп көрсетеді: балалар бақшасы мен мектептің педагог ұжымдарының тығыз байланысы және мектеп жасына дейінгі балалар мен бірінші сынып оқушыларының тікелей жақындасуы. Тәрбиешілер мектептің бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие жұмысы­ның мазмұны (дене шынықтыру бағытындағы) және өзіндік ерекшелігімен танысады, сөйтіп балалар­дың даму перспективасын анықтайды және оның мектеп талап ететін дәрежеде болуын камтамасыз етеді. Өз тарапынан, мұғалімдер де балалар­дың мектепке дейін алған білімі мен тәжірибесіне сүйену үшін балалар бакшасындағы жүзеге асырылған тәрбиелеу, жалпы білім беру жұмысы­ның мазмұны туралы мағлұмат алады. Сабақтастық ұғымына берілген анықтамалар өте көп. Әйтсе де, барлық анықтамалар бір мазмұнғы келіп тоғысады. Оған кестеден көз жеткізуге болады (1- кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет