Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет121/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Күнделікті есеп. Тәрбиеші балалардың күнделікті қатысуын, олардың денсаулық жағдайын және барлық мәліметтерді есеп журналына жазып отырады. Сонымен қатар, тәрбиеші қозғалыстарды белгілі бақылауға алып қоймай дене шынықтыру сабағы, қимыл-қозғалыс ойындары, жеке, өз бетінше сабақтар және дене тәрбиесінің басқа да түрлерін жүргізу барысында олардың сандық көрсеткіштерін және кейбір техникалық элементтердің орындалу кемшілігін анықтайды. Бұл мәліметтерді жоғарыда берілген есепке алу формаларына жазу керек. Олар қозғалыс дағдыларының даму динамикасын және қолданылып жүрген оқу әдісінің тиімділігін белгілеп береді. Жұмыс барысында тәрбиеші жоспарланған шаралардың орындалуын қадағалап отырады. Егер өткізуге мүмкіндік болмай қалса, онда «Eскертулер» бағанына не себептен орындалмағанын көрсету керек. Тәрбиешіге өзінің күнделігіне дене жаттығуларын үйреткенде ең тиімді нәтижелерді, балалармен оқу-тәрбие жұмысы барысында туындайтын сұрақтарды жазып отыру да қажет, өйткені оларға жауап тауып, өзінің білімін кеңейте тереңдетіп, педагогикалық шеберлігін одан әрі ұштай түсу үшін маңызды. Күнделікті берілген есептің талдауы балалармен жүргізілетін сабақтың әдістемесін пысықтауға және біраз тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Қорытынды есеп. Әрбір алты айдан кейін, сондай-ақ жыл аяғында дене тәрбиесінің жұмысы бойынша қорытынды жүргізіліп, онда балалардың қазіргі денсаулықтары, денесінің дамуы, дайындығы т.б. талданады. Кемістіктер табылса, олардың пайда болу себептерін анықтау керек, сонымен бірге дене жаттығулары сабақтарының әдістемесін одан әрі жетілдіретін нақты ұсыныстар жасалынады. Қорытынды есепті талдаудың негізінде тәрбиешілердің жұмысы туралы есеп беріледі, онда жетістіктері, кемшіліктері, нақты ұсыныстары белгіленеді. Тәрбиешілердің жақсы тәжірибелері Педагогикалық оқуда баяндама түрінде де енгізілуі мүмкін. Мектепке баратын әрбір балаға мінездеме беріліп, денсаулық жағдайы, дененің даму деңгейі, ең басты қозғалыстар бойынша физикалық дайындығы (жүгіру, секіру т.б.), сонымен қатар шаңғы, коньки, велосипед тебе ала ма, жүзу біле ме, бәрі көрсетіледі. Бұдан өзге де қимыл-қозғалыс ойындарын көрсету тиімді, онда балалардың ойынды ұйымдастыру қабілетінің бар-жоқтығын көрсетеді. Бұл мәліметтер мектеп мұғаліміне 1 сынып оқушыларымен дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жоспарлауға көмегін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет