Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі. Жүру



бет122/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі. Жүру. Жүрудің даму деңгейін зерттеу 10 м қашықтыққа жүрумен анықталады. Уақыт секундомермен өлшенеді. Сандық және сапалық көрсеткіштер мынадай түрде белгіленеді:





Аты-жөні

Бас,
кеуде жағдайы

Аяқ, қол қозғалысы үйлестігі

Аяқтың жағдайы

Табан
ның жағдайы

Адым
дардың
біркелкілігі

Бағытты сақтау

Сандық көрсеткіштер




























Дұрыс жүрістің көрсеткіші: бас пен кеудені тік ұстап, иығын шамалы кейіндеу жібереді; ауыз жабық, аяқ пен қолдың қозғалысы үйлесімді; аяғын аса жоғары көтермейді, бірақ аяқпен еденді тасырлатпай, өкшесі алдымен жерге тиіп табанмен толық басып, аяқтың ұшымен серпіледі; біркелкі адымдайды; тура бағытын сақтайды. Егер бала жүру техникасының кейбір элементтерін дұрыс орындамаса, онда сол бағанға минус таңбасы қойылады.
Жүгіру. Жүгіруді бақылауда ересектер және мектепке даярлық топтары үшін арақашықтығы-30 м, орта топ үшін-20 м, кішкентайларға-10 м белгіленеді. Жүгірудің сандық, сапалық көрсеткіштері төмендегідей формада белгіленеді:





Аты-жөні

Сапалық көрсеткіштер

Сандық көрсеткіштер

Бас, кеуде жағдайы

Аяқ, қол қозғалысы үйлестігі

Жүгіру
жеңілдігі

Жерден козғалуы

Бағытты сақтау

























Егер зал немесе алаңның көлемі тура жүгіруге мүмкіндік бермесе, онда бақылауды мына түрде жүргізу керек: жіптен (белгіленген басынан) қашықтықтың жартысын (15 км) өлшеп алады және оған бір зат (кубик, құм салынған қапшық т. б.) қояды. Баланы жіптің қасына тұрғызады да (белгіленген басы­нан) «үш» деп белгі бергеннен кейін зат тұрған жерге дейін және бастапқы орнына кері жүгіртеді. Секундомермен баланың жүгіруге кеткен уақытын өлшейді. Егер бала басы мен кеудесін кішкене иіп алдына қараса, аяғы мен қолы үйлесе қозғалса (оң қолы мен сол аяғын алға жібереді, ал бір мезгілде сол қолы оң аяғын), жерден жеңіл көтеріп, тура бағытын сақтаса, оңға не солға қисаймаса ғана жүгіріс дұрыс деп есептелінеді. Егер бала жүгіру техникасының кейбір элементтерін дұрыс орындамаса, онда бағанға минус таңбасы қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет