«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Сарыбекова Қ. Н., Пмно 19-5 тобының студенттері



Дата10.12.2022
өлшемі30,83 Kb.
#56257

Хаттама

Ф 3-6.34-2022
1 баспа 02.02.2022






М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы
Хаттамасы №
« »желтоқсан 2022 ж.


Қатысқандар: «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Сарыбекова Қ.Н., ПМНО 19-5 тобының студенттері.


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.« Құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары»
1.ТЫҢДАЛДЫ
Топ кураторы Сарыбекова Қ.Н.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды. 
Топ студенті:Әбдібекова Дамира
Құқықтық мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының негізінде тек қана білімді болумен шектеліп қоймай, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу да маңызды болып табылады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді.

Қаулы:
1. Тәрбие сағатының идеясы есепке алынсын.
Куратор Сарыбекова К.Н.


Хатшы: Әбдібекова Дамира

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет