Мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік құрал 4+ дене шынықтыру кітабы арқылы дайындалған жылдық жоспар кешенінің үлгісі:
2020-2021 жылына арналған ата-аналармен
жұмыс жоспары:
№
Жұмыс түрі
Мақсаты:
Мерзімі
1.
Сауалнама
Тақырыбы:
«Денсаулығы сәбидің-қуанышы әр үйдің»
Ата-аналармен бала денсаулығына байланысты сауалнама жүргізу.
Қыркүйек
2.
Тренинг
Тақырыбы: «Біз біргеміз,берік іргеміз»
Ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау,денесін шынықтыру,балабақша өмірімен араластыру.
Қазан
3.
Баяндама: Тақырыбы:«Тыныс алу жаттығулары»
Ата-аналардың дене шынықтыру жаттығуларын сапалы түрде түсіндіру: Тыныс алу жаттығуларын есеп бойынша дем алып, есеп бойынша дем шығаруды түсіндіру.Нүктелі уқалаудың жасалу жолдарын көрсету.
Қараша
4.
Сауалнама:
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты дегенімізді қалай түсінесіз?»
Баланың денінің саулығы,салауатты өмір салты туралы
Желтоқсан
5.
Денсаулық күні:
Тақырыбы: «Үлгілі отбасы тәуелсіз ел тірегі»
Салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Қимыл қозғалыс ойындарын ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайту;топаралық денсаулық күні арқылы отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;осындай шаралар арқылы ата-аналарды балабақша өміріне араластыру.
Қаңтар
6.
Қысқы олимпиада:
Тақырыбы: «Шаңғы жарысы»
Таза ауада қысқы спорттық жарыс шаңғы жарысын ұйымдастыру арқылы ата-аналарды балабақша өміріне араластыру.
Ата-аналар мен тәрбиешілер арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізу.Ұлттық,тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру.Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Бір-біріне деген құрметке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сәуір
9.
Спорттық мереке: Тақырыбы:«Әкелер жарысы»
Ата-аналарды балбақша өміріне араластыру,дене шынықтыру жаттығуларын балалармен бірге орындау.
Мамыр
2015-2016 жылына арналған педагогтармен
жұмыс жоспары:
№
Жұмыс түрі
Мақсаты:
Мерзімі
1.
Тренинг
Тақырыбы: «Біз біргеміз,берік іргеміз»
Ұжым мүшелеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлау,денесін шынықтыру,достыққа тәрбиелеу.
Қыркүйек
2.
Спорттық ойын: «Волейбол»ойыны.
Мектеп педагогтары арасында жарыс.
Ептілікті үйлестіре отырып, ата-аналарды жолдастық және ұжымдық сезімге ынтасын арттыру арқылы волейбол ойынына қызықтыру.
Қазан
3.
Баяндама:
Тақырыбы: «Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс әрекетіндегі қауіпсіздік ережесі» Педагогикалық кеңесте оқылды.
Тәрбиешілерге дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс әректіндегі қауіпсіздік ережелерімен баяндау.
Қараша
4.
Аэробика:
Тақырыбы: «би»
Аэробика жаттығулары туралы түсінік беру,аэробика жаттығуларының элементтерін ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде, күнделікті қозғалыс кезінде қолдануға болатынын түсіндіру;
Желтоқсан
5.
Қысқы олимпиада
Тақырыбы:
«Қыс қызығы»
Қыс мезгілінде таза ауада серуендеу, шанамен сырғанау, шаңғы, коньки тебу адам денсаулығына өте пайдалы. Қысқы ойын түрлерін ұйымдастыру арқылы педагогтардың денсаулығын нығайтып, қозғалыс белсенділігін арттырып, қысқы спортық эстафеталық ойынға деген көңіл-күйлерін көтеру.
Қаңтар
6.
Кеңес
Тақырыбы:
«Тәрбиешінің балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиясы»
Тәрбиешінің балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиясы туралы кеңес беру;