Жаттықтырушы балаларды бір сап бойына тұрғызып өзі бастап саппен залға кіргізіп, жүру, жүгіру жаттығуларын орындатады. Шеңбер бойына тұрғызып жалпы жетілдіру жаттығуларын жасатады.
2. Б.Қ. Қол дене бойымен төмен түсірулі, аяқ бірге қосулы.
Орын: Екі қолды кезек-кезек жоғары-төмен сермеу.
3. Б.Қ. Қол белде, аяқ арасы иық бойымен алшақ.
Орын: Тұлғаны оңға, солға кезек бұрау.
4. Б.Қ. Қол дене бойымен төмен түсірулі, аяқ бірге қосулы. Орын: 1 орында адымдау.
Балалар бір сап бойымен жаттықтырушының бастауымен залға кіріп, жүру, жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін шеңбер бойына тұрып жалпы жетілдіру жаттығуларын орындайды.
Ізденуші
Ж.Ж. Жаттығуларын орындағаннан кейін жаттықтырушы балаларға негізгі қимылдардың жасалу ретін көрсетіп, түсіндіреді.
Негізгі қимыл:
1. Қойылған кедергілерден аяқтың ұшымен жүріп өту.
Балалар жаттықтырушының тікелей көрсетіп, түсіндіріп басшылық жасауымен негізгі қимылдарды орындайды.
Рефлексия қорытушы
Негізгі қимылдарды орындап біткен сон жаттықтырушы балаларға «Ақсерек-көксерек» ұлттық ойынымен таныстырып ойнатады. Ойын аяқталған соң балаларды бір сап бойына тұрғызып залдан шығарады.
Негзгі қимылдарды орындағаннан кейін балалар ережеге бағына отырып ұлттық ойын ойнайды. Ойын аяқталғаннан кейін сап бойымен жаттықтырушының бастауымен залдан шығып кетеді.