Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар оқу қызметінің сапасын арттырудың негізі


Заманауи тәрбие – білім берудің мақсаты



бет2/2
Дата08.03.2023
өлшемі21,05 Kb.
#72539
1   2
Заманауи тәрбие – білім берудің мақсаты – ғылыми танымның
нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған баланың интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т.б. басқа орталарын ғылымның дайын қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді.
Мәселен компьютерді тәрбиеші қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәлметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Озық технологиялардың жетістіктерінің бірі- интерактивті тақта. Тәрбие мен оқыту процесінде қолданылатын интерактивті тақта – оқыту процесінің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді және баланың мотивациясын арттыруга мүмкіндік береді. Мультимедиялық технологияларды (түстер,графика,дыбыс, заманауи бейнетехника құралдары) қолдану түрлі жағдайлар мен ортаны модельдеуге мүмкіндік береді. Мультимедиялық бағдарламаларға енгізілген ойын компоненттері балалардың танымдық белсенділігін арттырады және материалды жылдам игеруді күшейтеді. Балабақшаларда интерактивті тақтаны қолдана отырып, педагог балаларға кез-келген суреттер мен бейнелерді көрсете алады, музыкалық сабақтар өткізе алады немесе ертегілер айтқыза алады.
Интерактивті тақта – функционалды әмбебаптылығымен ерекшеленеді. Сенсорлық экран арқылы слайдтар мен бейнелерді көрсету, қажетті жерлерде белгілер жасау, диаграммалар салу, суреттер салу, мазмұнын, пішінін, түсі мен мөлшерін басқару мүмкіндігі арқылы балалардың оқыту процесіне белсенді қатысуды қамтамасыз етеді.
Тәрбиеші ақпараттанушы емес, баланың жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл тәрбиешіден жоғары құзырлықты ұйымдастырушылық қабілеттілікті, балаларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық оқу қызметтерін интерактивті тақта арқылы жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылаған компьютер керек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған дидиактикалық ойындарды ата – аналарға тікелей ссылкасы арқылы жіберуге болатынын білдік. Ол өте тиімді болды.
Қорыта айтқанда, міндет ауыр, мақсат айқын. Отандық іс – тәжірибе негізінді әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын балалар мен тәрбиешілеріміздің қатары көп болатынына, жақсы нәтижеге жететінімізге сенімдіміз.
Болашақ ол біздің – ізденіске бай, білімді педагогтарымыз, еліміздің ғарыштауына үлкен үлесін қосатын бүгінгі балаларымыз. Жаңартылған білім – болашағымыздың кепілі! Бір сөзбен айтқанда мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолданылуы керек. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Өз жұмысын сүйетін тәрбиеші ғана, өз ісінің шебері болып қана қоймай, жоғары жетістіктерге жететініне сеніммен қараймын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет