Мектепке дейінгі ұйымдарда М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері


Монтессоридің «еркін тәрбиелеу» педагогикасы



бет6/6
Дата13.04.2023
өлшемі24,98 Kb.
#82032
1   2   3   4   5   6
Монтессоридің «еркін тәрбиелеу» педагогикасы
Итальяндық дәрігер және педагог Мария Монтессори алғаш рет өзінің жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды 1907 жылы бастады. Ол қиындығы бар кіщкентай балаларға ересен еңбек сіңірмей – ақ білім мен дағдыларды сондай жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты, олар, тіпті, дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше дамытатын ортаны жасай алды. Қазір М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі – әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі.
Күтілетін нәтиже
Қазіргі таңда мен осы технология бойынша жұмыс жасап жатырмын.
Осы жұмысымның арқасында балаларым жақсы нәтиже беруде, оқу іс–әрекеттеріне белсене қатысып, қызығушылықтары қалыптасып, білуге деген ынта – жігері күн санап арта түсті. Қарақия ауданы Құрық ауылы бойынша Аудандық семинар практикум өткізіп, Монтессори технологиясы бойынша «Табиғатты аялайық» тақырыбында ашық оқу іс – әрекетін өткіздім. Осы тынымсыз еңбегімнің нәтижесінде Қарақия ауданы Құрық ауылы бойынша «Лучший Монтессори педагог» грамотасымен марапатталдым. Аудандық педагогикалық оқулар байқауында бас жүлдеге ие болдым. Монтессори технологиясы өзіме қатты ұнайды, жаныма жақын. Балаларды тәрбиелеудің қыр – сырын меңгеруге көп көмегі тиді. Мен осы салада жұмыстанып жүргеніме 1 жыл болды. Осы бір жыл ішінде балалар жақсы нәтижеге жетуде. Білуге, үйренуге деген талпыныстары, өз – өзіне еңбек ету, бір – бірімен қарым – қатынас жақсарып. Бір ойыншыққа таласпай күте білуді, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, өз ойларын ашық айтуға т.б қарым – қатынастарда жақсы нәтиже беруде.
М.Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:
1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;
2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;
3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
Қорытынды
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән – мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған . Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болды. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдыға қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалай тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмыс қана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан баланың қолы мен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшу тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, біз оқыту барысында табиғатпен үйлесімді жұмыс іс тей аламыз.
Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену, жұмыс пен тапсырманы орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. «Өзін – өзі қалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, біз өзіміздің педагогтар ретіндегі ролімізді сәулет инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз балалардың шығармашылығын, қиалы мен дербестігін ынталандыру барысында дағдылар мен білімдерін қалыптастыратын жоспарлар, материалдар, құралдар мен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Қорытындылай келе, бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса, тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Атақты Б.Момышұлы атамыз айтқан екен мен үш нәрседенқорқамын:
1. «Өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан.
2. Немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеде. 
3 .Өз тілін құрметтемеген адамнан» деген екен. Міне, балаға отбасы және балабақша тәрбиесінің маңызы өте зор. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу. Алдағы уақытта да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып тәрбиелеуіміз керек деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет