Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет1/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Ортаңғы топ






Тақырыпша

Денсаулық
Дене шынықтыру – 3 сағ

Коммуникация
Сөйлеуді дамыту – 1
Көркем әдебиет – 0,5
Орыс тілі – 0,5
Драма – 0,5

Таным
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (ҚМҰҚ) – 1
Құрастыру – 0,5
Жаратылыс тану – 1

Шығармашылық
Сурет салу – 1
Мүсіндеу – 0,5
Аппликация – 0,5
Музыка – 1,5



Әлеумет
Қоршаған ортамен таныстыру – 0,25
Экология негіздері – 0,25

Қыркүйек. Тақырыбы: «Менің балабақшам»




Менің балабақшам
(І апта)

Дене шынықтыру
1. Сапта бір-бірлеп жүру және жүгіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) тепе-теңдікті сақтап жүру.
2. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен кезектестіру. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) жүру. Допты тура бағытта домалату.
3. Балаларды бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер бойымен тізбектеліп жүруге және берілген бағытта жүгіруге үйрету. Допты тура бағытта домалату. Құрсаудан еңбектеп өту.

Сөйлеуді дамыту
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға, топтағы заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін зат есімдерді қолдануға үйрету. Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет