Менің сүйікті ойыншықтарым
(ІІІ апта)
|
Дене шынықтыру
1. 1-1,5 минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру. 1,5м қашықтықтан тігінен нысанаға дәлдеп лақтыру. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу.
2. Кіші және үлкен қадаммен жүру және жүгіру. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу.
3. Орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40-50 метрге жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру.
|
Сөйлеуді дамыту
Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану. Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру.
Көркем әдебиет
Ойыншық туралы тақпақтарды түсініп, есте сақтауға үйрету. Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білу.
Драма
Түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу. Достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсетуге үйрету.
|
ҚМҰҚ
Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру. «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Заттардың жиынтығын салыстыру.
Жаратылыстану
Балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді атауға үйрету. Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін байыту.
|
|