Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет37/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
ҚМҰҚ
Түрлі заттарды геометриялық пішіндермен салыстыру. Берілген сан бойынша заттарды санауға үйретуді жалғастыру (үш үйрек, бес көжек және т.б.).
Құрастыру
Бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру дағдыларын бекіту. Ұқыптылыққа, татулыққа тәрбиелеу.



Сурет салу
Қарапайым табиғат құбылыстарын бейнелеуге машықтандыру. Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.
Аппликация
Дайын кесілген суреттерді қолданып, жырту тәсілдер арқылы ұсақ бөлшектермен толықтыруға үйрету біліітілігін бекіту. Жапсыруға деген қызығушылығын ояту.
Музыка.
Вокалдық және аспаптық музыканы қабылдауды және ажырату дағдыларын қалыптастыру.
Музыка.
Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау. Туындының бөлімдерін ажырату дағдысын дамыту. Әннің не туралы айтылатын әңгімелеуге үйрету.

Экология негіздері
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыруды және балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға ынталандыруды жалғастыру.






Көңілді жаз
(IV апта)

Дене шынықтыру
1. Қарқынды өзгерте отырып жүру және жүгіру. Орнында тұрып ұзындыққа секіру. Екі метр арақашықтықта допты бір-біріне лақтыру, доптың ұшу бағытын бақылау және ұшып келе жатқан допты бүгілген қолдың жеңіл қимылымен тосып алу.
2. Баяу қарқынмен жүру және жүгіру. Екі метр арақашықтықта допты бір-біріне лақтыру, доптың ұшу бағытын бақылау және ұшып келе жатқан допты бүгілген қолдың жеңіл қимылымен тосып алу. Басындағы қабымен гимнастикалық орындық бойымен, дене бітімін сақтай отырып жүру.
3. Басындағы қабымен гимнастикалық орындық бойымен, дене бітімін сақтай отырып жүру. Шектелген жазықтық бойымен допты домалатуға жаттықтыру.

Сөйлеуді дамыту
Хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрастыру. Жаз мезгіліне байланысты өлең оқу.


Русский язык
Закрепить умения считать до 10 в прямом и обратном порядке, составлять словосочетания, предложения из 2-3 слов.



ҚМҰҚ
Заттарды қалыңдығы бойынша өсу және кему ретімен (ең жуан, жуан, жіңішке, ең жіңішке және керісінше) орналастыру біліктерін дамыту. 5 шамасында сандар. Заттар тобын салыстыру, теңдік және теңсіздікті орнату.


Жаратылыстану
Табиғаттағы маусымдық өзгерістердің қарапайым байланыстарын орнату біліктерін жетілдіру.



Сурет салу
Жаз мезгілінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілінің қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту. Жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесіне баға беру, өз ойларынан сурет салуда белсенділігін арттыру.
Мүсіндеу
Ойдан құрастырып мүсіндеу. Алған білімдерін қолдана білуге үйрету.
Музыка
Орындаушылық мәдениетін, шығармашылыққа қызығушылықты, сахнада орындау талаптарын дамытуды жалғастыру. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын жетілдіру. Меңгерген дағдыларын бекіту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет