Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық технологиялар мен оқыту технологиялары



бет2/2
Дата15.05.2023
өлшемі21,98 Kb.
#93173
1   2
Мнемотехника дегеніміз – көру образдары амалының құрылымы. Ол хабарды миға жүйелі жазып алуға мүмкіндік беретін ішкі хат жүйесі. Мұндай тәсілдер арқылы материалды балалар тез игереді. Балабақшадағы ҰОІӘ мнемикалық кестелерді қолдану балалардың көру арқылы ақпаратты тиімді қабылдауына және қайта өңдеуге, әрі оқу тапсырмасына сәйкес оны қайта тарқатуға, есте сақтауға және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл технологияны қолданғанда сызба - кестені пайдаланған жөн. Кестелер сурет арқылы берілуі керек. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Бауырcақ» ертегілері балаларға таныс. Оның мазмұнын бала лар жақсы біледі. Сондықтан оны айту кезінде сурет кестесін қолданамыз. Ертегі желісін шатастырмас үшін бұл суреттер ретімен қойылады. Ал балалар суретке қарап, ертегіні айтып береді.
Заттарды суреттеу немесе кез келген тақырыпта әңгіме құрастырар кезде де сызбалар қолдануға болады. Бала сызбаға қарап, әңгіме құрастырып үйренеді. Нәтижесінде тәрбиеші бірқатар жетістікке жетеді. Демек, бала мен тәрбиеші арасында ынтымақтастық қалыптасады, тіл дамыту сабақтарындағы ойындар баланы қызықтыратындай тартымды өтеді, жеткіншектің сөздік қоры толығып, байланыстыра сөйлеуге үйренеді, тілі дамиды, қарым - қатынас мәдениеті бүлдіршіннің өз пікірін жеткізе білуіне жетелейді.
Балалардың ақыл - ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым - қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым - қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс - тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
Жоғарыда айтып кеткен топтық, жұптық, ұжымдық оқытуларда мнемокестелерді тақырыпқа байланысты өткізуге болады. Мысалы: жұптық оқытуда, балаларға жеке символдармен бейнеленген кестелерді беріп, балалар сол кестені пайдалана отырып диалог түрінде сөйлесе алада. Ал негізі монологтарды ең алғашқысында ұжымдық оқытуда
Ұсынылатын ойын түрлері:
- «Көршімді іздеймін.»
- «Адасқан сөздерді орнына қою»
- «Берілген сөздер бойынша мақал құрастыру»
- «Ребусты шешу»
Мысалы, мақал құрастыруға берілетін сөздер ата, ағаш, бала, жапырақ. Мақал: «Ата – ағаш, бала – жапырақ.», «Бала тілі - бал». Балаларға мақалдардың мағынасын түсіндіру.
ҰОІӘ әр тақырыптарға байланысты сызба - схемаларды қолданамын. Сол
сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Педагог өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.
Әр ҰОІӘ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.
1. ҰОІӘ қолданылған аудиокітаптар балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады.
2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі ҰОІӘ қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.
3. Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т. б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.
4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы ҰОІӘ түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.
Осыдан шығатын нәтиже:
- әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Баланың жеке қабілеті анықталады.
- Балалар бір – бірлерінен қалмауға тырысады.
- әр бала өз деңгейімен бағаланады.


Үй жұмысы:

  • Конспект

  • 7 сұрақтан тұратын тест жазыңыз, жауаптары 4 нұсқадан тұруы қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет