2.3. Өлі табиғат оның қасиеттері. Топырақ. Су. Құм Өлі табиғатта материяның құрылымдық деңгейлері ретінде элементар бөлшектер,атомдар,молекулалар,өрістер,физикалық вакуум,макроскопиялық денелер,планеталар және планеталық системалар,жұлдыздар және жұлдыздар системасы-галактикалар,галактикалар системасы-метагалактика атап көрсетіледі.Өлі табиғатқа:өспейтін,көбеймейтін,қоректенбейтін,тыныс алмайтын заттарды жатқызамыз-тас,су,топырақ
1.Орманда от жағуға болмайды.
2.Суға түкіруге болмайды.
3.Көк шөпті жұлуға болмайды көктей соласың
4. Өзен жағасына демалуға барсаң қоқысты тастамай,жинап кету керек.
Топырақты қорғау.Өсімдіктерді қоректік заттармен және сумен қамтамасыз ететін жер қабаты топырақ деп аталады.Топырақтың ең негізгі қасиеті құнарлылығы.Мысалы: ұсақ тасты,сусыздық болып келетін таулы жер топырақ тәрізді болып көрінгенімен,олар құнарсыз болып келеді.Топырақ қабатының тереңдігі әр түрлі болады.Кейбір жерлерде оның тереңдігі үш төрт,кейде ол бірнеше метрге жетеді.Топырақтың құрамында өсімдікке қажетті қоректік заттар,яғни,әр түрлі,су, ауа болады.Оған көз жеткізу үшін қаңылтыр ыдысқа аздап топырақ салып қыздырады.Сонда топырақтың құрамындағы қарашірік жанып,түсі бозарады.Мұнан соң қыздырылған топырақты екіге бөліп,бір бөлігіне су құйып араластырғанда су лайланады.Лай суды төгіп,оны бірнеше рет сумен шайғанда,саздың майда түйірлері шайылып кетеді де,ыдыстың түбіне таза құм қалады.Демек, топырақтың екінші бөлігіне су құйып, бірнеше күн тұндырып қояды. Оны күн сайын араластырып, қайта тұндырғанда,құм мен саз ыдыстың түбіне шөгеді.Ыдыстағы суды сүзгіден өткізіп, құйып алып,құрамын тексереді.Бір екі тамшы су тамызып,отта қыздырғанда су буланып шыныда тұздардың дағы қалады.Бұлар топырақ құрамындағы суда жақсы еритін минералды заттар.Топырақтың құрамында су және ауа болатыны баршаға мәлім.Топырақтың құрылысы әр түрлі болады және өзгеріп отырады.Топырақ түйіршіктерінің арасында ауа болып, құм мен сазды қарашірік біріктіріп тұрса,мұндай топырақ құрылымды топырақ деп аталады. Мұндай топырақ суды жақсы сіңіріп,ылғалды бойына сақтайды.Құрылымды топыраққа жыл сайын егін егіп, жерді жыртудан топырақтың құрылымы бұзылады.Құрамындағы қарашірік ұсақталып,түйіршіктер бір бірімен тығыз жанасады.Мұндай топырақ құрылымсыз топырақ деп аталады. Құрылымсыз топыраққа су,ауа нашар өтеді,сондықтан ондай топырақ құнарсыз болады.Топырақтың мұндай қасиеттерін арттырып,ауыл шаруашылық өсімдіктерін мол өнім алу үшін, адамдар аса қуатты техника үшін жұмсайды. Топырақтың түріне қарай бірін суарады,екінші бірін құрғатады.Енді бірін түрлі әдістермен өңдейді.Мұнан топырақтың болашағы да адам әрекетіне бағынышты екені көрінеді.Топыраққа тікелей және жанама әсер ету оның қасиетін жақсартумен бірге кейде,керісінше,құнарлылығын жойып,сапасын төмендетуі мүмкін.Сондықтан қазіргі табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану мәселесі бүкіл халықтық міндет болып отырған уақытта топырақты қорғауға да зор көңіл бөлуге тиіс.Топырақ үш фазадан тұрады қатты,сұйық немесе ерітіндісі және газ немесе топырақ ауасы.Олар бір-бірімен тығыз байланыста және әрекетте болады.Топырақ ауасы атмосфера ауасымен салыстырғанда құрамында шамадан тыс көмірқышқыл газының көп және оттегінің аз болуымен ерекшеленеді.Көлемі және формасы жағынан әр түрлі топырақ бөлшектеріне жабысқан агрегаттар топырақ құрылысын көрсетеді.Топырақтың агрегатқа жіктелуі қасиетін құрылымдылық деп атайды.Құрамында суға төзімді агрегаттары көп топырақ құрылымды деп аталады. Құрылымсыз топырақ деп жекелеген механикалық элементтері бір-бірімен байланыспаған (құм,шаң)топырақты атайды.Гланулометриялық құрамынан басқа топырақ пен «аналық жынысты» агрегаттық құрамға бөледі.Табиғи топырақта жеке элементтер әдетте түйіршікке желімденіп жабысқан.Олардың көлемдері бірнеше милиметрдің мыңнан бір бөлігіне дейін ауытқиды.Осы түйіршіктерді агрегат деп атайды.Топырақ агрегаты құрылымының пішіні жағынан мындай түрлерге бөлінеді:дән, жаңғақ, кесек, бағана және басқа тәріздес.Осылардың ішінде агрономиялық жағынан бағалысы-жаңғақ тәріздестері.Топырақтың су өткізбейтін құрылымдарының түзілуіне және сақталуына ондағы ұсақ дисперсиялы бөлшектер (ұсақ шаң және лай)көмектеседі.Өсімдіктердің мықты тамыр жүйесі,тыңайтқыштар,микроағзалар,топырақты үнемі өңдеу топырақты бұзвлудан және шаңданудан сақтайды. Топырақты дұрыс өңдемеу,бірнеше қайта тырмалау оның құрамдық элементтерін бұзуы мүмкін.Сондықтан да майда түйіршікті құрамды сақтау агрономиялық маңызы бар шаралар болып табылады.