Табиғатты қоғау. Табиғаты қорғудың қазіргі түсінігі- табиғи байлықтарға:жер қойнауына, топыраққа, суға ,ауаға, өсімдіктер енжануарлар дүниесіне ұқыпыздықтан ған қорғау емес, сондай-ақ оларды пайдалануда құрып бара жаткандығын алдын ала ескеріп,ауыл шаруашылығына қажетті үшін оларды толык калпына келтіруді қамтамасыз ету әсіресе биосфераның (су қоймаларының, ауаның, топырақтың) тазалығын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Ғылым мен тәжірибенің көрсеткеніндей, табиғатты барлық заттардың өзара байланысты болатынын ескеру керек. Мысалы, ормандардың жойылуынан кейін өзендер тайыздайды, жер астындағы сулар азаяды. Топырак. құрғайды: жолында ешбір кедергіге кездеспеген желдер күшейеді, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып кететін «қара дауылға» айналады; сондай-ақ еріген сар мен жауын сулары да топыракты бүлдіреді, жыралар жасайды. Осының бәрінің нәтижесінде құнарлы топырақ жоғалып, өнім азаяды.
Жерді және жер қойнауын қорғау. Жер – халықтың мол дәулеті. Барлық
жер ,әсіресе етістік жер, ауыл шаруалығындағы иегізгі өндіріс құралы есебінде қорғауға жатады. Ауылдрға ұйымарға агротехникалық шаралады жақсы пайдалану,тыңайтқыштарды дұрыс салу мақсаттарында өздеріне бекітіліп берген жер топырағының ерекішеліктерін білулері қажет. Жер қойнауы залық шаруашылығын минералдық шикізатпен және отынмен қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану, оларды өндірудің ғылыми -техиикалық ережелерін қатаң сақтау кажет.
Суды және атмосферилық ауаны қарғау. Су мен атмосфералық ауа –
жер бегіндегі тіршіліктің шарттары. Жер бетіндегі және жер астындағы сулар
мен ауаның бәрі құрып кетуден, бітеліп қалудан және ластанудан қорғауға
алынады. Өнеркәсіп кәсіпорындарының тазартылмаған суды су қоймаларына
ағызып жіберуіне рұқсат етілмейді. Су тазалайтын құрылыстарды орнатуға
миллондаған теңге қаржы бөлінеді. Ауаның ластануымен күресу мақсатында зиянды газдарды сүзіп алу үшін арнайы қондырғылар орнатылуда.
Өсімдіктер дүниесін қорғау Орманның экологиялық маңызы өте зор. Ол табиғат кешенінің құрамды бөлігі бола тұрып, биосферадағы табиғи үрдістерді ретейді, ауа райы мен өзендердің тасуына ықпал етеді, топырақты эрозиядан (жер қыртысының бүлінуінен) алдын ала сақтайды. Орман көптеген жыртқыштардың, құстардың және тағы басқа жануарлардың тіршілік ететін және тамақтанатын жері және адамның эстетикалык, кажетін қанағаттандыратын, демалатын орыны болып табылады. Ормандарды сақтауға және қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінеді. Өнеркәсіп үшін тек қана қалың орманды ауадандарда ғана рұксат етілетін болды. Егін қорғайтын орман алқаптарындағы, сондай-ақ өзендер мен көлдердің, жағаларындағы ағаштарды кесіп алуға тыйым салынған. Ормандарда және парктерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау барлык кәсіпорындар мен азаматтардан талап етіледі. Орманда орман бүлдірушісін (гусеинцаны) жоятын «орман санитарларын» - құмырсқаларды есепке алу жане оларды таратып, жерсіндіру жөнінде зор жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өсімдіктердің шаруашылықтағы, сауықтырушылық және эстетикалық зор маңызын еске ала отырып, ормандар,жануарларға керек болып, дәрі-дәрмек жасайтын немесе техникалық шикізат бола алатын шөптер, елді мекендер мен жол бойларына егілген көк шөптер, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлері қорғауға алынады.
Біздің елімізде 1974 жылдан бері «Қызыл кітап) шыға бастады. Ол – жоғалу қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар үшін қорғау «грамотасы болып есептеледі, «Қызыл кітапқа, мысалы, қалампыр, шабдалы жапыракты қоңырбас өсімдіктері қорғауға алынған.