Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


Жемістер жөнінде әңгімелесу сабағының қысқаша жоспары былайша болады



бет19/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

Жемістер жөнінде әңгімелесу сабағының қысқаша жоспары былайша болады:
1. жыл мезгілі, жемістер туралы әңгімелесу. Бұрын үйренген сөздерін қолданып, дұрыс жауап беруге үйрету.
2.жемістер туралы өлең оқу. Өлеңдегі салыстырма сөздерге (эпитет, метафора, синоним) көңіл бөлу. Сол сөздерді қайталату. Өздеріне салыстырту.
3. суреттермен (4-5 жас) және сөздік арқылы «Сен нені жақсы көресің?», «Қайда өседі?» (5-6 жас) ойынын ойнату.
4. жемістер туралы жұмбақ (5-6 жас) шештіру.
5. өлеңде аталған жемістердің, күзгі жапырақтардың суретін салдыру не қиып жапсыру (сабақ үстінде).
6. шие… (қызыл, домалақ, кішкене, ұсақ шар сияқты). Алма… (домалақ, қызыл, сары, тәтті, қышқыл). Жапырақ… (сап-сары, алтындай, жібектей, сары бояудай, тағы басқа) үйренген сөздерін қосып сөйлем құрату.
Балалар бұл сабақта: гүлдейді, бүршіктенеді, қышқыл, жұмыр, домалақ, сары, алтындай, тағы басқа сөздерді игереді. Әдетте сабақтарға 25-30 минут аздық етеді. Ал сабақтың тартымдылығы тәрбиешіге байланысты.
Заттың түр-түсін, пішімін, қажеттілігін, сапасын танытып, білдіру ісінде балаға тапсырма беріп, орындату, өзіне тапқызу, атын, іс-әрекетін айтқызуға тиімді.
Сондай-ақ сәбилер тобында (балалар ойыншық атына әбден қанығып, сөзбен айтуға үйренген кезде) М. Әлімбаев «Менің ойыншықтарым», Ш. Смаханұлы «Добым менің» деген өлеңдерді оқи отырып, ойнату, әңгімелесу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы:
Добым менің, добым менің,
Өзің неткен көңілді едің.
Жымыңдайсың, қутыңдайсың,
Бірақ менен құтылмайсың.
Сабақтың мақсаты: өлеңді жатқа айтуға, оқылған өлеңді тыңдай білуге үйрету, есту қабілетін жетілдіру. Осы өлеңдегі зымырайсың, қутындайсың, құтылмайсың (3-4 жас) деген сөздерді меңгерту, өлеңді жатқа айтуға үйрету.
Сабақтың барысы: Өлең не туралы? Доп неден жасалған? Доп еденге түскенде қайтеді? Өлеңде доп туралы қандай сөздер айтылған? (ересек топта) деген сұрақтарға жауап алу. Егер балалар жауап бере алмаса, тәрбиеші ол сөздерді қайталап айтуға тиіс.
Осыдан соң доптың суретін жасау тапсырылады. Сабақтан кейінгі серуен кезінде доппен «Кім қаққыш?» деген жарыс ойыны ойналады. Сабақта үйренген сөздер ойын үстінде қайталанып отырады. Келесі кезектегі мүсіндеу сабағында балшықтан доп жасалады. Музыка сабағында доппен, шеңбермен ойнау жаттығулары өткізіледі, тағы басқа осындай жұмыстар қайталана жүргізіліп отырады.
Балалардың оқу материалдарын қабылдауды ұйымдастыруда құрғақ сөзбен жеткізгеннен гөрі балалардың тілін, танымдық процестерін дамытатын әр түрлі дидактикалық көрнекіліктермен жүргізілген жұмыстардың қабылдануы, балалардың сабаққа деген белсенділігінен, қызығушылығынан, берілген тапсырмаларды дұрыс, әрі тез орындауларынан, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берулерінен көрінеді.
Көрнекілік – оқытуда заттар мен дыбыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көру, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық құбылыс. Көрнекілік тәрбиешілердің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарға қарап, оқу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануда қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары» ғылым өнерді, кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білулері керек деген.
Көрнекілік ежелден қолданып келе жатқан принцип, әсіресе балабақшада әр түрлі жас топтарда жиі қолданды.
Көрнекіліктің негізгі түрлері:
1 нақты көрнекілік – яғни заттар мен құбылыстарды тікелей көрсету;
2 бейнелеу көрнекілік – бұл сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма;
3 дыбыстық – үнтаспа, диафильм;
4 көркем сөз арқылы бейнелеу.
Көрнекіліктердің оқу үрдісінде алатын орны ерекше. Балалар жаңа білімді тәрбиешінің сөздік хабарынан алады, ал көрнекілік оларды нақтылайды және растайды. Балабақшада мемлекеттік стандартқа сай тіл дамыту сабағы енгізілді. Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың балғынның тілдік қорын дамытып, білімі мен біліктігін кеңейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады. Әр түрлі сюжетті суреттер, ойыншықтар, кестелер, геометриялық фигураларды, схемаларды қолдануға болады. Мысалы, жоғары топта 5 саны тақырыбын өткенде 5 санына байланысты сюжетті суреттерді пайдалана отырып, балалардың сөздік қорын дамытуға болады. Яғни жеңілден ауырға қарай көшу. Жетекші сұрақтарды қоя отырып балалардың тілін дамытады. Тәрбиеші сабақта өзі сөйлегеннен гөрі көбінде балаларды сөйлету қажет. Тәрбиешінің жетекшілігі бойынша бала алғаш күнінен өз ойын толық жеткізе білуі қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет