Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
БАЯЗОВА Б.Т
БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ЖӘНЕ
ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
АСТАНА 2018
Кіріспе
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» типтік оқу бағдарламасына (Көкшетау, 2017) сәйкес құрылды.
Мақсаты: - қазіргі заман адамның өміріндегі мәселелерді жете түйсіну; - өз көзқарасын
дәлелдеп және қорғай білу; - көзқарастардың алшақтығы жағдайында қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі танымдық қабілетін қалыптастыру заңдылықтарын зерттеп, үйретудің әдістері мен тәсілдері жүйесін анықтайды. Танымдық іс-әрекет заңдылықтарын білу болашақ педагогқа мектепке дейінгі балалардың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып оларға дұрыс басшылық жасауға мүмкіндік береді. Колледж студенттердің кәсіби деңгейін арттыру, оның ой-өрісін кеңейту үшін оқып үйренудің үлкен маңызы бар. Бағдарламалық мазмұнын білу колледж студенттеріне мектеп жасына дейінгі балалармен табиғат пен экология саласында жұмыс жүргізу әдістемесін неғұрлым терең игеруге көмектеседі. Әсерлі құралдарының ерекшеліктерін болашақ тәрбиешінің білуі олардың қайсысын бала түсініп, игеретінін және қайсысы балаға түсініксіз екенін анықтауға жәрдемдеседі. Табиғат пен экология негіздерін оқып үйрену үрдісінде
мазмұнына, өзіндік жеке ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі құралдарын пайдалануы өзгеше болатыны туралы колледж студенттері өз білімдерін кеңейтеді. Өзінің іс-әрекетінде сан алуан әдістері мен құралдарын қолдануына мүмкіндік береді.
Білімдер: - мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламалық міндеттері; - балалар дамуындағы жас ерекшеліктерін; - табиғаттың маусымдық
өзгерістерінің ерекшеліктерін; - қоршаған ортаны және табиғатты қорғау туралы заңдарды; - жергілікті жердің флорасы мен фаунасын,
картасын; - балаларды табиғатпен таныстыру арқылы дамыту ерекшеліктерін;
Іскерліктер: - қоршаған ортаны және табиғатты қорғау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу; - экологиялық міндеттерді шешу жолдарын табу;
- оқытудың дамытушылық, тәрбиелеушілік міндеттерін анықтау және жүзеге асыру; - педагогикалық технологияларды қолдану; - маусымдық жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін,
нысандарын анықтау; - экопост пен экобақылау жұмыстарын ұйымдастыру; - кәсіптік іс-әрекетінде проблемалық-ізденістік және зерттеушілік-эксперименттік әдістерді қолдану; -
қйымдастырылған оқу қызметінде, бақылау кездерінде, саяхатта, серуенде және күнделікті өмірде экология және табиғат
туралы ұғым қалыптастыру; - табиғатты және экологияны қорғау бойынша балалармен түрлі жұмыстар өткізуге, білім, білік, дағдыларын қалыптасыру; - табиғат бұрышына
объектілерді іріктеуді, орналастыруды және балалардың табиғатқа қамқорлық қатынастарын қалыптастыру.