Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


І. БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ МАҢЫЗЫ



бет2/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

І. БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ МАҢЫЗЫ
1.1. Табиғат және оның адам өміріндегі маңызы

Табиғат органикалық (тірі ) және органиналық емес (өлі) дүниелері бар бүкүл әлем.тірі табиғат дүниелерінің өлі табиғаттан негізгі айырмашылығы – заттардың алмасу үрдісінде тірі дененің өсуі,дамуы,көбеюі болып табылады.Өлі дене сыртқы ортаның өзара әсерінен өздігінен жаңармайды,бұзылады да,өлі материаның басқа бір түріне ауысып отырады.Адамдар өмірінде табиғаттың маңызы зор және сан алуан.Табиғат адамның материалдық және мәдени игіліктерінің қайнар көзі.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру- бұл олардың санасында қоршаған табиғат жөніндегі реалистік білімдерді себу құралы ,мұның өзі сезімдік тәжірибеге және табиғатқа деген дұрыс көз қарасқа негізделген.Балаларда шындықты дұрыс көрсететін білімдердің болмауы- оларда жоққа сенушілік жиі пайда болуына әкеліп соқтырады. Балалардың жануарларға деген қатыгездігінің, бақаларды, кірпілерді, пайдалы жәндіктерді өлтіруінің себебі – олардың жануарлар жөніндегі теріс түсініктерінен болады. Бұл тек табиғатқа ғана зиян келтірмей, балалардың психикасына да теріс әсер етеді, оларды қатыгездендіріп жібереді. Ауялап қалған теріс түсініктерді түзеу жаңа, дұрыс түсініктерді сіңіруден анағұрлым қиын. Сондықтан, балалардың мектеп жасына дейінгі кезінде табиғат жөнінде дұрыс мәлімет алуы өте маңызды. Табиғат құбылыстарын балалардың дұрыс қабылдауы үшін, олардың табиғатқа жақындастырмайынша жәнеоны балабақшының оқу-тәрбие жұмысына кеңінен пайдаланбайынша, мектеп жасына дейінгілерді ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі жағынан жетілдіру міндеттерін шешуге болмайды. Балаларды еңбек сүйгіштікке, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу үшін оларға өсімдіктерді өсірудің және жануарларды бағып-күтудің ең қарапайым әдістерін үйцрету қажет. Балалар өз еңбектерінің үрдісі мен нәтижесінен қуанышқа жететіндей, жер учаскесінде істеген жұмыс олардың бұлшық еттерін және нерв жүйесін шыңдайтындай болуы өте маңызды. Еңбек сүйгіштік қасиетті қалыптастыру үлкен адамдардың табиғатта,ы еңбегімен балаларды таныстыру, олардың істеген істеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу қажет. Балалардың табиғатта болып, еңбек етуін олардың денсаулықтарын нығайту мен денелерін жетілдіру үшін пайдалану керек. Табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Табиғат сұлулығы ең кішкентай балалардың өзін де бей-жай қалдырмайды. Балалар әсемдіктің бәрін сезінуді үйренуі, сол арқылы өзінің алдағы өмірінде дүниенің бүкіл сұлулығын және алуан түрлілігін қабылдай білуі қажет.


Экология мазмұны, мақсаты мен міндеттері. Экология адам баласының өмір сүруіне, жалпы планетаның амандығына әсер ететін ғылым ғана емес, ол тірі ағзаның, өсімдіктер мен жануарлардың, хайуанаттардың ортамен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталға ғылым. Экология – қарым-қатынастарын реттеп тұратын принциптерді анықтауды, қарастыруды мақсат ететін ғылым деген америка ғалымы Э.Макфедьен. Қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылыуы адамзат пен табиғаттың, қоғамның экономикалық құлдырауына, қоғамның бірте-бірте күйреуіне әкеліп тірейді. Бұл ғылымға алғаш қызыға қараған Аристотель болса, оның оқушысы «Ботаниканың әкесі» атанған Теофраст өз еңбектерінде өсімдіктерінде өсімдіктерге де топографиялық, географиялық жағдайлардың ықпалететінін, климат пен ауа райының, өсімдіктердің өсуіне, жемісінің түсуіне, гүлінің, жемісінің исіне де әсер ететін атап көрсеткен. Екі мың жыл бойы өсімдіктер мен жан-жануарлардың қоршаған ортамен байланысы зерттеліп келген. Табиғатты үнемдеу туралы пікірді айтқан Карл Линней болғанмен, экология сөзін алғаш австрияның ғалымы – Э.Геккель (блтаник, зоолог, морфолог, эколог) болды. «Экология – табиғатты үнемдеу туралы ғылым» - деп анықтаған және экология – ағзасы мен қоршаған ортаның бір-біріне қарым-қатынасы туралы жалпы ғылым деп те түсіндірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет