Тақырып: ЖАЛПЫҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БУМАЛАР МЕН ФАЙЛДАР ЖАСАУ
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу
Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу
Презентация (1-2 слайдтар)
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты түсіндіру
Компьютерде белгілі бір құжаттарды қашықтықтан бірлесе орындаудың маңызы зор. Бірлескен жұмыс арқылы бір бірінен алыста орналасқан қолданушылар тобы құжаттарды бірлесіп жасауға, компьютерге жүктеп, редакциялауға мүмкіндік алады.
Ортақ файлдар мен бумалар – ортақ пайдалануға қолжетімді файлдар. Әр қолданушы кез келген компьютерден өзіне қажетті файлдарды, бумаларды жүктеп, қажетінше өңдей алады. Сонымен қатар оны көшіруіне де болады. Ол үшін, файлдар мен бумаларды қолдануға рұқсат беру мүмкіндігін жасау керек.
Интернеттен қолданысқа рұқсат етілген файлдарды жүктегеннен кейін, қажетті ақпараттармен толықтыруға, өзгертуге, уақытша бумадан өз бумамызға орналастыруға жəне басқа атпен сақтауға, ортақ қолжетімді файл ретінде көрсетуге болады.