Ұйымның имиджі ең бастысы өнім сапасы арқылы анықталады. Ал МДҰ-ның өнім сапасы бұл — балалардың дағдыларды меңгеруі мен мектепке дайындығын көрсетеді. Түрлі сайыстарға белсене қатысып орын алумен қатар, түлектрі мектеп талатарын жоғары көрсеткішпен орындағанда МДҰ-ның беделі жоғарлайды. Жоғары сапаға қол жеткізу әр баланы тұлға ретінде қабылдау мен оқу-тәрбие іс-әрекетін иновациялық әдістер арқылы тиімді ұйымдастыруға негізделеді. Елімізде балаларды дамытуда М.Монтессори педагогикасы, Step by Step, ТРИЗ технологиясы, Г.Доман, З.Дьенешен технологияллары мен қатар, Р.Штайнер, Н.Зайцев, М.Воскобович, Б.Никитин технологиялары, М.Ибука тұжырымдамалары да қолданыста, бұл технологиялардың барлығы дерліктей арнайы құралдар мен ортаны дайындау арқылы нақты әдістерге негізделіп жасалады. Тұлғаны балалық шақтан бастап өзін-өзі басқара білетін, қиын жағдайлардан жол таба алатын, дайын дүниені үйрену емес, өзі де жаңа дүние жасауға талпынатын, шығармашыллық қасиеттерге баулу болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың ең маңызды іс-әрекеті ол ойын, бала кезкелген дағдыны ойын арқылы тез меңгереді, ойыншықтар әлемге жол табады. Ерте жастан өзін кезкелген ортада еркін және мәдениетті ұстауға дағдыландыру, үйрену мен ізденістен қуаныш табауға үйрету, жалпы адамзаттық және азаматтық тұндылықтардың қарапайым қағидаттарын қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымдардың міндеті болып табылады.
Басшы беделі МДҰ-ды табысты имидж қалыптасуының ең басты фактор болып табылады. басшының имиджін «ішкі» және «сыртқы» деп бөлуге болады. «Ішкі» имидж басшы мен білім беру мекемесінің қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды, нақтырақ айтқанда, басшының білім беру мекемесінің қызметкерлерін қабылдауы. Әдетте, білім беру мекемесінің қызметкерлері басшыны қиын кезеңдерде көмек бере алатын қамқоршы және қорғаушы ретінде көргісі келеді. Ішкі имидждің қалыптасуы мекеменің келісілген жұмысына ғана емес, сондай –ақ «сыртқы» имидждің қалыптасуына да маңызды, себебі қызметкерлер өз басшысын қалай қабылдаса, сыртқы ортаға да солай жеткізеді.
«Сыртқы» имидж – бұл қазіргі замағы білім беру мекемесі басшысының сыртқы ортамен қабылдануы, яғни тұтастай алғанда қоғаммен және мекеменің қызметіне сырттан әсер ететін қызығушылығы бар адамдар тобымен. Өз кезегінде «сыртқы» имиджді «ортақ сыртқы» имидж (белгіленген мекемеге қатысы жоқ қоғамның басшы тұлғалығын қабылдауы) және «тікелей сыртқы» имидж (мекеменің тікелей жұмыс ортасы өкілдерінің: ата – аналардың, бәсекелестердің, іскерлік сериптестердің басшыны қабылдауы) деп екіге бөледі. Басшының сыртқы имиджінің білім беру мекемесінің ішкі жұмыстарының жағдайына сәйкес болуы өте маңызды, жұмыстың шынайы жағдайына қайшы келмеуі тиіс. Басшының «ішкі» имиджі «сыртқы» имиджінен жиі өзгеше болатынын атап өту керек. Білім беру мекемесі басшысына тән көптеген сапалар қоғамға белгілі бола бермейді және оны тек білім беру мекемесіне кірген кезде, ұйымдастырушылық процестермен байланысқан кезде ғана анықтауға болады. Белгілі бір басшының қарамағына бұқаралық ақпарат құралдарының құрастырған имиджінің әсерінінен жұмысқа жалданған жаңа қызметкерлер жұмыс барысымен байланысқан сәтте терең түңіледі.
Басшы имиджі тұжырымдамасы назарды басшы имиджінің функцияларына және имидждің қалыптасу механизміне аударады:
Имидждің негізгі функциясы – басшының іс-әрекетін қарамағындағылардың күткеніне сәйкестендіруге алып келу. Бұл функция адамның әрекетін басқаларға түсіндірудің қарапайым талаптарынан тұрады. Яғни, қаншалықты адамның әрекеті қарапайым түсіндірілсе, соншалықты бұл әрекеттердің түсінілуі мен оң бағалану деңгейі көбірек болады.
Имидж көп жағдайда ынталандыру функциясына ие. Көбінесе бұл функция басшыға ұқсауға тырысу қарамағындағылардың дамуы үшін жақсы ынталандыру бола алатын білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады.
Реттеушілік функциясы аталып өткен екі функциядан тұрады және онда басшы топтағы өзара іс-қимыл ережелерін орнатады (білім беру мекемесіндегі). Егер бұл ережелер білім беру мекемесіндегі мүшелердің көпшілігімен қабылданса, онда олкоманданыңбірлігіүшінқажетті шарт болып табылады, жанжалдар саны төмендейді және оның салдарынан оқу орнында қолайлы климатқалыптасады.
Имидждің білім беру мекемесіне қатысты сыртқы функциялары да бар, олар сыртқы ортада білім беру мекемесін көрсету және позициялау функциялары.
Имидж – бұл бағадан құралған пікір, ал баға психологиялық қағиданы — әрекетке дайындықты құрастырады. Имиджбен жұмыс істей отырып, өзі жайлы әсерді санасында басқара отырып басшы қарамағындағыларда, әріптестерінде, тұтынушыларда өзіне қатысты психологиялық қағиданы құрастырады, ол қағида білім беру мекемесі үшін және оған қарсы жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, ол қағида мынадай болуы мүмкін — тиімді қарым-қатынасты құрау ниеті, сену, сыйлау, көбірек араласу, ашық болу, адал болу, атқарушы болу. Немесе керісінше қарсы болуға тырысу, дөрекі болу, ұстанымсыз болу, күдікті болу, қастық жасау және т.б. Егер имидж оң қағиданы білдіретін жағымды болса, онда қызыметтің, келіс-сөздің, жобалардың нәтижесі табысты болуын білдіреді. Егер имидж жағымсыз болса , онда қызметтің нәтижесіне теріс әсер ететіні белгілі.
Имиджді құру сұрағы, әсерді басқару, «дұрыс» имиджді құрастыру – жан-жақты және өте қиын. Имиджде және әсерде майда-шүйде деген болмайтынын атап өту керек. Имиджді білікті құрастыру – ол ғылым және өнер. Бәрі – басшының киінуі, айналасына оның сырт келбеті нені көрсетіп тұрғаны, басшының жағымды иісі, шаш үлгісі қандай, оның қимылы, қандай кушпен кол қысады, оның келбетінде не жазылып тұрғаны, оның тұрысы қандай, қарамағындағыларға қаншалықты жақын бола алатыны, қандай сөзбен адамдарды қарсы алуы, олардың көздеріне қарауы, оның даусының қалай шығуы, оның кәсіби әңгімені қалай бастауы, қошемет пен сынды қалай айтуы, кәсіби әңгімені қалай аяқтайтыны, телефонмен сөлесе алуы және электронды хат алмасудың ережесімен қаншалықты таныстығы және т.б. маңызды болып саналады.
Білім беру мекемесі басшысының имиджін мінсіз ету бойынша ұсыныстар: Өз имиджін құрастыру бойынша әрекет бастаған басшының маңызды міндеті қолданыстағы жағдайдың барабар бағасы жайлы сұрағы. Ереже бойынша бір де бір адам өз өзін обьективті бағалай алмайды. Қажетті ақпаратты алу үшін бірнеше жолды қолдану ұсынылады.
Ең бірінші адам өзі үшін өзін өзі тұжырымд ауды құрастырып алуы қажет, яғни ол өз өзін қалай қабылдайтынын түсінуі. Осы фактінің дәлеліне қарамастан көптеген адамдар, оның ішінде басшылар да ол жайлы ойланбайды да. Олардың көбісі ондай сабақтарға уақыт жоқ деп ойлайды. Алайда, егер басшы өз имиджін өзгерткісі келсе, онда ол нақты нені өзгерткісі келетінін, осы шешімді қабылдау кезеңінде мықты және әлсіз жақтарын бағалауы керек. Әрине, мұндай баға субьективті болады , бірақ ол басқаша болуы мүмкін емес. Өз өзін тұжырымдауды жазбаша түрде мазмұндау керек, себебі адамның өзі жайлы ойы құбылмалы болады, ал жазбаша түрде мазмұндау нақты сөздерді қолдануды талап етеді. Кесте нысаны басқаша да болуы мүмкін, мысалы, қасиетті бағалау белгілі бір шкала негізінде болуы мүмкін. Өз өзін тұжырымдауда қиналған кезде психологқа қаралу керек. Егер адам өзі жайлы нақты көрсеткішті құрастыра алмаса, онда ол кеінгі уақытта да имиджді құрастыру процесінде қиналатын болады.
Басшының мынадай қасиеттері болуы қажет:
жеке сымбаттылық:ол әрқашанда басшының кәсіби қызыметінде жетістікке жеткізеді;
моральдық сипаттамалары
көпшіл болу, эмпатия(бірге уайымдай білу),рефлексивті (басқаны түсіне білу), шешендігі (сөзбен әсер ете білу);өзін өзі көрсету техникасы(өзінің білімін, қабілетін, тәжірибесін жақсырақ жағынан көрсете білу).
Басшы адамға ортақ этикалық кодексті сақтауы қажет, кәсіби адамның этикасын сақтау, оған кіретін нормалар қарату, сәлемдесу, танысу; кәсіби қарым қатынас,кәсіби протоколдың мәдениеті; сыртқы келбет, өзін өзі ұстау.
Басшы қарамағындағыларға эмоционалдық бейтараптылық принципін сақтауы қажет; барлық қызметкерлерге жеке оң және теріс қөзқарасына қарамастан бірдеу, тура қарауы қажет. Кез келген жағдайда адамдардың дұрыс мінез –құлық ережелеріне сүйенуі қажет.
Оң имидждің құрамы ретінде қазіргі кезеңнің басшысы көшбасшылық әрекетін көрсетуге тырысуы қажет. Ол үшін өзі көшбасшы болуы қажет немесе әрекеттің белгілі бір стратегиясын қолдана отырып ұқсап бағуы қажет. Басшының абыройына көбінесе мекеме қызыметінің нәтижесі тәуелді болады:қарамағындағылар, әріптестер, басшылар оның ойын тыңдауы, сенуі, сыйлауы және оған бағынуы,ал мұның бәрі әріптестер арасындағы жағдайға, қызыметтің атқарылуына әсер ететін болады. Есте сақтау қажет,айналасындағылардың сыйлауына бекітілмеген, өзін өзі сыйлау сабын көпіршігіне ұқсайды, көп кешіктірмей жарылатын, сырты жарқын, бірақ іші бос.
Тәрбиеші имиджі МДҰ имиджінің ең маңызды құрамдас бөлігі. Педагог өзін қалай көреді және оны балар қалай елестетеді? Білім беру ұйымының әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? балар мен ата-аналардың алдында педагог тартымды, сымбатты, әдемі, мейірімді болуы керек. Ал бұл имиджге байланысты мәселе. Имидж құрылымы: – сыртқы бейне; – вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы; – ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі. Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен дауыс ырғағы, костюм, қимыл, сөйлеу мәнері жатады. Педагог имиджі – мұғалім, тәрбиеші бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Басқа мамандық иелеріне қарағанда педагог мамандығы ерекше, ол әрдайым көпшілік көз алдында. Педагог бала алдындағы Имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы, американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас.
Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық Мектепке дейінгі ұйымда педагог өзін көрсете білу, ұнау, өзі туралы жақсы пікір қалыптастырудың маңызы зор. Сондай-ақ педагог тұлғасы бала үшін үлгі, бала педагогқа қарап білімге құмарлғы, ғылымға құрметі артады.