Нансаңыз өмірімде бір –ақ тойдым. Бұл келтірілген мысалдарда суреттелген көріністердің бәрі де әсірелеу, шендестіру ретімен берілген. Бір нәрсені екіншісіне салыстыра отырып әдемі образдар жасаған [2-51б].
Мертікті көтере алмай қара нарым. Үрген қарынды балуандықпен ғана көтеру, оны көтере алмай қара нардың мертігуі- өмірде болмайтын құбылыс.
Өтірік өлеңнің мақсатына жетуі - оны тыңдаушы адам өмірде мұндай іс кездеседі деп айта алмайтын болуында.
Сонымен қатар нақтылы шындықтан алынған жанды- жансыз деректерді тыңдаушыға қызық, күлкілі түрде жеткізген. Бұлардың бәрін жыршы ақын өз атынан, өзін қатыстыра айта отырып, адам сенбестік күлкілі әңгімелер тудырған. Нақтылы деректерді мол шеберлікпен үдеген фантастикалық дәрежеге жеткізу , адамның ойына келмейтін «өтірік» әігімеге айналдыру қазақ ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдер түрінің негізігі бір ерекшелігі болып табылады.
Дәріс бойынша сұрақтар:
1. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.
2. Халықтық бесік жырларының мазмұны.
3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты.
4. Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы.
5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы
№ 2 дәріс.
Тақырыбы: Махамбет жырларының халықтық негізі