«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған


Дәріс № 9 Тақырыбы: Қазақ балалар драмасының шағын түрлері



бет32/50
Дата21.04.2022
өлшемі202,91 Kb.
#31731
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Байланысты:
кешен балалар әдебиеті

Дәріс № 9

Тақырыбы: Қазақ балалар драмасының шағын түрлері.
Қазақ балалар драмасының шағын түрлері.

Қандай болмасын жанр өз ішінен шығармада суретелген өмір шыңдығының мазмұны мен ауқатына қарай ішкі түрлеріне жіктеледі. Осындай табиғи процесс балалар драматургиясынан да байқалып жатады. Жалпы драмаға қарағанда , балалар драматургиясында шағын түрлері едәуір орынға ие болады. Бұл тұтастай алғанда балалар әдебиетінің төл ерекшеіктерінен туындап жатады. Сол себепті де қазақ балалар драматургиясының дамуы көлемді пьесалармен бірге шағын түрлерінің тууына әкелді. Қазақ әдеби- музыкалық қойылымдар сияқты ұсақ түрлері де дами түсті. Әсіресе, мектеп, балабақша өміріндегі дәстүрлі мерекелердің көбейе түсуі ұсақ драмалық шығармалардың көптеп тууына себеп болды./1, 41 б./

Қазақ балалар драматургиясының ұсақ жанрларын топтасақ, Қ. Ыдырысовтың 1963 жылы шыққан «Ойнайық та ойлайық» жинағына кірген интермедиялары мен инсценировкалары алғаш болып көзге түскен. Интермедия дегеніміз концерттік қойылымдар арасындағы көрсетілген шағын күлкілі пьеса, немесе көрініс. Қ. Ыдырысовтың аталған кітабына кірген алғашқы интермедия «Танысу» деп аталады. Бұл шағын қойылымда Болат Орақты дұрыс сөйлеуге , ұқыпты киінуге таза жүруге баулиды. Орақтың сахнаға алқам – салқам киімімен қалай – болса солай келуі, сөзін

Ұмытып қалуы салақ балаларда жиі кездесетін сипттар болуымен ерекшеленеді. Ал, «Ешкімді де бермейміз» интермедиясы халық ойыны «Айгөлек» негізінен жазылған. Мұнда балалар екіге бөлініп, өз жетістіктерінен ортаға салады. Шағын көріністе ойын элементтерінен бірге айтыс та қамтылған. Қ. Ыдырысовтың аталған кітабына енген интермедиялардың көбі жұмсақ шешу түрінде, ойын түрінде келеді./1, 56 б./

Балалрға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі ойнақы, жеңіл қалжыңға құрылып, тәрбиелік мақсатты орындауға бағыталған. Жазушы – ұстаз Ә.Табылдиевтың мектеп өміріне арналған интермедиялары көбіне эстетикалық – этикалық дүниетанымдық мақсаттарды қамтиды. Ә. Табылдиевтың интермедияларындағы кейіпкерлер туралы: Күлдірген мен Бүлдірген Кейіпкерлердің тұрақтылығы ұсақ драмалық шығармаларда жиі кездесетін құбылыс. Автор екі тұрақт ыкейіпкерлердің көмегі арқылы әдеп, әдет, адамгершілік, экология, эстетика – этика ,дүниетанымдық және т.б. көптеген тақырыптарда әңгіме өрбітеді. Ә.Табылдиевтың «Бір үзім нан» интермедия сынды балаларға нанды қадірлеу, оны аяққа баппау керектігін көрсетеді. Шығармада сонымен біргег нанның қасиеті туралы тақпақтардан үзінді келтіреді. Ә.Табылдиев шығармаларында пьеса кейіпкерлері сахна төрінен көпшілікке ой тастап, оларды да әңгімеге тартып отырады./1, 65 б./

Кейінгі кезде мектеп сахнасына арналып жазылған сктчтер мен шағын драма түрі ретінде дамып келеді. Скетчтер сатиралық ойын – сауық кештерінде қойылатын шағын көріністі шығармалар. Белгілі бір рөлді ойнаушы баланың юморлық қабілетін скетч дамытып, оның сөйлеу түрінің ұшқырлығын нығайтады, ой – санасын , психологиясын өрбітуге қызмет атқарады. Қазақ балалар драматургиясында скетчтердің туып, қалыптасуына Қ. Ыдырысов, Ә. Табылдиев сияқты жазушы – педагогтар үлкен үлес қосты. 1970 – 80 жылдардағы барлық балаларға арналған шығармалардағы сияқты скетчтердің де негізгі тақырыбы жақсы оқу,тәртіпті болу мәселелеріне құрылған./1, 75 б./

Қазақ әдебиетінде М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек», «Абай», Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер», Ш. Айтматовтың «Ана- Жер- Ана» инсценировкалары кейіннен таңдаулы пьесаларға арналды. Жазушы Ә. Табылдиев мектеп бағдарламасындағы эпостық жырлардың инсценировкаларының үлгісін өз еңбектерінде көрсетіп жүр. Инсценировкалар арқылы эпостық шығармалардың эстетикалық, этикалық тарихи және көркемдік мәнін ашу құр оқығаннан әсерлірек болмақ

Балаларға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі актілі пьесалар. Шағын пьесалардың ерекшелігі олардың ойды нақтылы, тез жеткізуінде және ле оқиғаның тез басталып, жедел өрбуінде. Драматургия әдебиет жанрларының ең қиыны. Сөйлеу тілімен ғана сомдалатын көркем шыңдықты көрерменнің жас ерекшелігіне бағындыра отыру талабы да тағы бар. Шағын пьесалардың оқырмандар мен көрермендерге жол табуы балалар газет –журналдары арқылы болып отырады.Әсіресе, «Балдырған », «Қазақстан пионері» кейіннен «Ұлан», «Пионер» кейін «Ақ желкен» басылымдарының беттеріне шыққан шағын пьесалар оқушы балалар үшін , мектеп сахнасы үшін маңызы зор болды. Осындай алғашқы шағын пьесалардың бірі- А.Сатаевтың «Айға сапар» деп аталатын шығармасы. Пьеса 1960 жылы «Балдырған» журналында жарық көрді. «Айға сапар» пьесасына балалардың ойын кезіндегі шағын тартыстары негіз болған./1, 76 б./

1920-30 жылдардағы әдебиетке баға бере келе ғалым Р. Нұрғалиев была й дейді: «Қазақ драматургиясының төркінін іздегенде, ең алдымен ұлттық әдебиет үлгілеріне ден қою қажет. Жанрдың жалпы заңдылықтарын, драматургия сабақтарын Еуропа нұсқаларынан үйренген қаламгерлер, өмірлік материалдарды сұрыптап, шығарма мақсатына орай папйдалануға келгенде – ана топырағындағы дәстүрлерді ілгері жалғады». Аты аталып, талданған ертегілік тақырыпта жазылған балаларға арналған туындылардың сол кездегі басқа да балаларға арналған пьесалардан биік тұруы ұлттық ерекшеліктің сақталуында.

Балаларға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі бүлдіршін жасындағылар мен төменгі сынып оқушыларына арналған. 1970 жылы жазылған осындай шығармалардың бірі – С. Омаровтың «Ақымақ арыстан» деп аталатын пьесасы. Пьесаның тақырыбы бір қарағанда бірлік, ынтымақ, жауыздық, сатқындық тартысына құрылғындай көрінеді. Автор аталған күштердің қақтығысы арқылы бейбіт өмір идеясын алға шығарады. Автоор бүлдіршіндерге таңдап алған кейпкерлері көмегімен олардың іс – әректтері арқылы түпкі бейбітшілік идеясының мәнін ашқан. Ақымақ арыстан пьесасындағы аңдардың ешбірі жақсы қырынан көрінбейді. Арыстан – ақымақ, мақтаншақ, даңғой. Түлкі – қу, аяр. Қасқыр – қомағай, озбыр. Мысық – жағымпаз, шағыстырғыш. Қоян – қорқақ тағысы тағылар осылай кете береді. Алайда, автор аңдардың жағымсыз қылықтары арқылы балаларды ондай іс – әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелейді.

Балаларға арнап пьеса жазып журген жазушылардың бірі- Е. Елубаев. Оның «Асар» атты пьесасы қуыршақ театрына арналып жазылған. Пьесаның тақырыбы бірлік, достық мәселесін қозғайды. Пьесада қазақ ұлтына тән ұлттық реңк және қазіргі заманның жаңалықтары қатар алынып бір арнада тоғысқан. «Асар» деген пьесаның аты – ақ ұлттық дәстүрден хабар беріп тұрады. Асар сөзі кейінгі кезде қолданылмай кеткен сөз. Сондықтан автор кейіпкерлерінің бірі тауықтың ауызымен асар сөзінің мәнін былай деп түсіндіреді:

Менің ақылым:

Осы күні ағайын – бауырдан да,

Артық жақынын.

Көршілерді шақыр асарға.

Күрке жасарда,

Пьеса ұйқасқа ненгізделіп жазылған. Тілі жеңіл. Сондықтан да баланың ойында тез сақталып, кейбір үзінділері олардың жаттап алуларына мүмкіндік бар.




/1, 80 б./

Балаларға арналып жазылған тақырыптардың ішіндегі көп пьеса арналған тақырып жаңа жыл тақырыбына арналған «Аяз ата кәмпиті» пьеса бүлдіршін жасындағыларға арналған. Пьесаның кейіпкерлері аз, әрі таныс бейнелер: қасқыр, түлкі, Аяз ата, Ақшақар. Бұл бүлдіршіндердіің оқиғаны тез қабылдауларына, әрі жалықпауына көмектеседі. Шығарма оқиғасы бірінен кейін бірі туып дамып отырады. Пьеса Әйбәт деген баланың тәтесінен жаңа жыл қалай келеді дегенде:

«Жаңа жыл жаяу келмейді. Аяз Ата деген атасының арқасына мініп, өлең айтып келеді»,- деп бала түсінігіне сай жауап береді.

«Әйбәт: Қандай өлең айтып келеді?

Маржан: Жүр, Жана Жыл жүр

Әйбәт күтіп тұр

Тез бармасаң жүгіріп,

Жылағалы тұр, -деп тура біздің үйге келеді».

О.Әубәкіровтің қуыршақ театрына арналған екі бөліміді комедиясы «Қожа мен спорт» деп аталады. Автор бұл пьесада балаларға жалқау болмауды, спотрпен айналысуды насихат етеді. О.Әубәкіров пьесаларының ерекшелігі бала түсінігіне сай жеңіл, ойнақы тілмен жазылуында. Мәселен , Алтыншаш үзеңгіні Қожаға таныстырып :

«Кішкентай ған тостаған

Мені көтеріп тастаған

Деген жұмбақ осы үзеңгі болады

Атта қаладағыдай лифт болмайды»,-

дейді./1, 82 б./

Осының өзінде автор үзеңгінің не екенін балаларға түсінікті тілмен айтып өтеді. Апасы мен атасына келген Қожаның күні бойы ұйықтауы оның Жалқау апамен кездесуіне әкеледі. Қожа апаның тілін алып, жаттықпай –ақ спортшы болғысы келеді. Бірақ Жалқау апа берген дәрінің күші көпке жетпей бітіп қалады. Қожа бокстан жеңіледі. Спорт ағайдың және Алтыншаштың көмегі арқылы Қожа жалқау апаны да, қарсылас боксшыны да жеңеді. Спорт, Жалқаулық деген сияқты бейнелерді жандандыру бала ұғымына сай шыққан. «Қожа мен Спорт» пьесасы өз мақсатына жеткен туынды дей аламыз. Пьеса ұйқасқа ққұрылып, өлеңмен жазылған. Ұйқышы Қожаның әжесі Ажардың оятқанда айтқан:

Айналайын баладан

Тауып алған даладан

Тауып апты атасы,

Алып кепті апсы

Елеңдеп ерте тұрмайтын

Тек сол ғана қатасы

Тұра ғой, Қожа Тұра ғой.

Ә Табылдиевтың «Жаңа жыл келеді» деген ертегі пьесасы жаппай қарлануға қарсы бейбітшілік тақырыбына арналған туынды. Қатысушылар: Ертекші, Аяз Ата, Декабрь, Жаңа жыл, Ақша қар, Жезтырнақ, Шырша, Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатқан орман. Шыршалар Жаңа жыл кешіне дайындалып жатқанын Жезтырнақ естіп мерекені болдырмауға тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет