Тест тапсырмалары 1.Ұлы отан соғысы жылдарындағы Москвадағы балалар мекемелері қайда көшірілді? A) Қазақстанға B) Ленинградқа C) Харковқа D) Қырғызстанға E) Өзбекстанға ***** 2.Соғыс жылдары Қазақстанға қай қалалардан балалар мекемелері көшірілді? A) Тек Москваға B) Москва Ленинград C) Москва Ленинград Харьков D) Ленинград Харьков E) Харьков Москва ***** 3.Ұлы отан соғысы жылдарындағы «Балаларды дәрігерлік қамқорлыққа алу және тамақпен қамтамассыз ету туралы» қаулысы қашан шықты? A)1942ж B) 1938ж C) 1949ж D) 1952ж E) 1953ж ***** 4.1942 жылғы 1 мамырда «Учитеьская газета» газетінде кімнің мақаласы жарияланды? A) Потемкин B) Ушинский C) Песталоций D) Эльконин E) Давыдов ***** 5. Балалар әдебиетінің атасы? A) Ыбырай B) Абай C) Шоқан D) Мағжан E) Ахмет ***** 6. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі? A) «Оқу құралы» B) «Ақ білек» C) «Таза бұлақ» D) «Қара сөз» E) «Бақытсыз Жамал» ***** 7.«Қартқожа» романының авторы? A) М.Мақатаев B) А. Байтұрсынов C) М. Дулатов D) М. Жұмабаев E) Ж. Аймаутов ***** 8. М. Жұмабаевтің «Педагогика» оқулығы қай жылы шыққан? A) 1920 B)1923 C) 1930 D) 1940 E) 1910 ***** 9. Бөбектік шақты «сенсорлық дамудың алтын кезеңі» деп көрсеткен: A) К.Д.Ушинский B) Н.И.Шелеванов C) А.С.Макаренко D) Я.А.Коменский E) Д.Локк ***** 10.«Балабақша» ұғымын енгізген ғалым : A) Я.А.Коменский B) Ф.Фребель C) И.Г.Пестолоций D) К.Д.Ушинский E) Е.И.Тихеева
1
№ 10
дәріс
Шет елдердегі балабақша тәжірибелері Жоспары 1. Француз педагогтары: П.Кергомер, О.Декроли. 2. Жапон ғалымдары Садто Наоми. 3. Американдық Бенджамин Спок. 4. Вольдорф мектебінің негізін салушы Р.Штайнердің мектепке дейінгі тәрбие туралы ой-пікірлері. 5. Еркін тәрбие теориясы. Англия, Германия, Америка, Италия елдеріндегі балабақшалардың дамуы және іс - тәжірибелері. XIX ғасырдың аяғында – XXғасырдың басында шетел мектепке дейінгі педагогикасында елеулі өзгерістер болды. Жаратылыстану ғылымдарының - биологияның, физиологияның және солардың негізінде психологияның табысқа жетуіне байланысты педагогика және оның жекеленген салалары, оның ішінде мектепке дейінгі педагогика одан әрі дамытыла түседі. Буржуазияның қоғамдық өмірді толық өз ықпалына бағындыруға тырысуы педагогиканы буржуазия идеологтарының ерекше зер салған объектісіне айналды. Педагогиканы партиясыз және таптан жоғары тұрады деп бар дауыспен жариялай отырып, капитализм идеологтары адамдардың табиғи айырмашылықтары арқылы қоғамда таптық айырмашылықтар болады дегенді негіздеуге тырысты. Дәулеттілер өкіметі экономикалық себептердің күшімен осылай болып отырған жоқ, тек олардың басқалардан табиғи артықшылығы арқасында болып отыр деп дәлелдей келіп, буржуазияның көптеген педагогтары өзін - өзі еркін тәрбиелеу және өз бетімен оқу процесінде ішкі себептермен пайда болған баланың жеке басының даму идеясын таратты, тәрбиешінің басшылық рөльден бас тартуы керектігін уағыздады, оның рөлін балалардың өз бетінше өсуі үшін тиісті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасаумен ғана шектеді.
Бұл кезеңде балалар бақшалары біршама кең таралады, бұлар капиталистік өндіріс процесіне барған сайын көбірек тартылған әйел – аналарды балаларды күтіп, бағудан босатты және балаларды буржуазия моралінің нормалары рухында жоспарлы түрде тәрбиелеп отырды.
Англия, Германия, Франция, Швецарияда балаларды жас шағынан өндірістік еңбекке дайындау, тарту мәселесі орын алған. Ф.Фребель тұрған жерлерде мектеп жасына дейінгі және бастапқы мектеп балаларына арналған түрлі тәрбие мекемелері: «әйелдер мектептері», «ойын мектептері», «баспана», «сабаннан тоқу мектептері», «шілтер тоқу мектептері» ашыла бастады. Мектептердің атауларына қарамастан, олардың көпшілігінің мақсаты діни тәрбие беру, мануфактураларды өндірістік еңбекке дайындау еді. Ағылшын педагогі Самуил Уильдерспин «Кішкентай балаларды тәрбиелеу, немесе кедей балаларын тәрбиелеу маңызы туралы» жазған еңбегі осы мектептерді басқаруға арналған алғашқы құрал болды. Уильдерспин осы және тағы басқа еңбектерінде шаруалардың, жұмысшылардың, қолөнершілердің балаларын тәрбиелеудің әлеуметтік мақсат, міндеті ашылып берілді.
1820 жылы Самуил Уильдерспин «Кішкентай балалар мектебін» ашты. Балалар мектепте өздерін қамтамасыз ету үшін ересек адамдардай өндірісте жұмыс істеді. Әрине, прогресивті қоғам күштері бала еңбегін қанау, ол мекемені тәрбие мекемесіне айналдыруда күрескенімен, педагогикалық идеялар көбінесе байлардың балалары оқитын мекемелерде ғана іске асып отырды.
Германияда мектепке дейінгі педагогикада Ф.Фребель жүйесі сақталған. Мектепке дейінгі тәрбие – Батыс және Шығыс Германия болып екіге бөлінеді. Мектепке дейінгі мекемелерге арналған бірыңғай ұлттық бағдарламаның болмауына байланысты әр балабақша өзідік бағдарламасын жасайды. Тәрбиеші мамандығын меңгеру үшін қатаң талаптар қойылады. Болашақ тәрбиеші – тәрбиеге байланысты әдебиеттерді білу, шығармашылықпен өз бағдарламасын дайындай білу, балалармен әлеуметтік жұмыстар жүргізу, шебер, икемді болу керек.
XIX ғасырдың аяғында шетел мектепке дейінгі педагогикасында елеулі өзгерістер болды. Буржуазияның қоғамдық өмірді толық өз ықпалына бағындыруға тырысуы педагогиканы буржуазия саясатының объектісіне айналды. «Еркін тәрбие» теориясы балаларды қатал ұрып – соғуға негізделген тәрбие беру әдісі (муштра) алғашқы көзқараста прогресивті болып көрінеді, шынында пролетариаттық тәрбие беру мақсатында балаға жүйелі тәрбие беруден бас тарту болды. Швед жазушысы Эллен Кей «Бала ғасыры» атты еңбегінде еркін тәрбие теориясы буржуазия мүддесін қорғауға бағытталған тәрбие дей отыра, ата-аналарды бала алдында бас июге шақырды. Эллен балаға қоғамдық тәрбие беруге қарсы болды, баланың сәбиліккезеңі отбасында, анасының тәрбиесінде болуы керек деп уағыздап, балабақшаға қарсы болды. Балабақшада бала бойына достық, ұжымдық дағдыларын қалыптастыруды «табын» деп атаған.
1912 жылы Н.Крупская Эллен Кейдің қоғамдық тәрбиеге деген көзқарасын қатты сынға тартты.
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие саласында көрнекті итальян психиатор-дәрігері және педагог Мария Монтессори ерекше дараланып көзге түсті.
Мария Монтессори 1870 жылы Италияда дүниеге келген. Ол негізін құрған балалар үйінде өзіндік ерекшелігі бар тәрбие жүйесі жүзеге асырылып отырды.
Балалар кемістігі бойынша бірқатар педагогикалық әдістемелер жазып, оны 1907 жылы « Арзан пәтерлер қоғамы» жанынан өзі ашқан 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған «Балалар үйінде» іс-тәжірибесінде қолданды.
Мария Монтессори бала ның табиғи жағынан жетілуіне ерекше мән беріп, тәрбиешінің рөлін бағаламаған. Мария Монтессори «Балалар үйінде» тәрбиешіден баланың өсуіне қол сұқпай, тек оның өзін-өзі тәрбиелеуіне себепкер болатын жағдай жасауды талап етті. Балалар діни рухта тәрбиеленді, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру бәрі соған негізделді. Тіл алғыштық дағдыға үйрету үшін арнайы жаттығулар қолданылды. Бала іс-әрекетінің ұжымдық формаларын жоққа шығару, жеке баламен жұмыс жүргізу балалардың бойында оқыс жеке-дара сипаттардың пайда болуына әкеліп соқты. Ақыл-ой тәрбиесін сезім орандарымен тәрбиелеуге ауыстырды. Дидактикалық материалдң мәні мен сезім (сенсорлық тәрбие) дамуына ерекше ықпал ететінін айтқан.
Ақыл-ойы кеміс балалармен жұмыс істеу практикасынан алынған материалдар мен жаттығулар оқу негізін қалады. Жаттығулар жүйесі балалардың бойында белгілі бір іскерлік пен дағды қалыптастыруға: заттардың формасы, алмағы және түсі бойынша айыра білуге, алуан түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталды. Қызық және бағалы деген жекелеген бұл жаттығулар өте педанттық тұрғыда тым егжей-тегжейлі қолданылды. Мұның өзі жеке адамның кең ауқымды дамуы орнына әр түрлі сезімдердің үйреніп кетуіне әкеліп соқтырды. Ойын мен қиялдау элементінен жұрдай бұл жаттығулар зеріктіргіш механикалық еңбекке айналды, балалардың ақыл-ойы жағынан дамуына теріс әсерін тигізді.
Дегенмен прогресшіл педагогика Мария Монтессоридің дидактикалық материалдар мен жаттығуларын сенсорлық тәрбиеде кәдеге жаратты.
Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әр елде әртүрлі бағытта дамуда.
Францияда мектепке дейінгі кезең мектептің бір бөлігі ретінде қарастырылып, Ұлттық білім беру министрлігіне қарайды. Негізінен «мектеп-ана», мектеп абырғасында мектепалды даярлық ретінде ұйымдастырылады. Бала алты жасында оқу, жазу, санай білу дағдыларын меңгерулері керек. Егер ата-анасы баланы мектепке дейінгі мекемеге бермесе, онда өтініш жазып, баланы мемлекеттік ұйымдар тарапынан міндетті түрде жыл сайын тестіден өткізіп тұрады. Францияда мектепке дейінгі мекемелердің мақсат міндеті келесідей: балаға белсенді іс-әрекет жасауына, қуаныш сезімін ұялатуға жағдай жасау, дене тәрбиесі, адамгершілк және ақыл-ой тәрбиесі ең бастапқы болып саналып алдыңғы орында тұрды. Содан кейін баланы жазуға, есепке, оқуға үйретеді. Балабақшадағы білім беру Жан Пиаже іліміне негізделеді: оқу деген – баланың ортамен ықыластығының процесі, оның заттық әрекеттері, осылардың барысында мінез тұрақтылығы қалыптасады. Мария Монтессоридің идеялары кеңінен қолданылды.
Жапонияда мектепке дейінгі тәрбие проблемасымен айналысатын қоғамды Инуи Такаси (төрағасы) 1953 жылы ашады. Бұл қоғам «Балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін топтық тәрбие» деген бағыт ұстанған.
1961 жылы бүкіл елде Координация орталығы ашылып, 1962 жылы мектепке дейінгі тәрбие бойынша конференция өтіп, онда мектепке дейінгі тәрбие проблемасын зерттейтін Бүкілжапондық комитет құрылады. Бұл комитет мектепке дейінгі проблемалар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жыл сайын конференциялар өткізіп, осы саладағы жетістіктер мен жаңалықтарды жариялап отырды.
Жапонияда мектепке дейінгі мекемелер мемлекеттік денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Мектепке дейінгі мекемелер типтері: ясли «туғаннан -3 жасқа дейін), ясли-балабақша (туғаннан 6 жасқа дейін), балабақша (5-6 жас мектепалды дайындық) және дамуы тежелген балалар үшін ( туғаннан 6 жасқа дейін).
Мектепке дейінгі мекемелер өзіндік дербес бағдарламамен жұмыс жүргізуге құқылы, бірақ олар Білім министрлігінің жалпы әдістемелік құжаттарымен сәйкестендірілуі керек.
Англияда мектепке дейінгі мекемелердің типтері, қамтылатын балалардың жас ерекшеліктері, бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері мен қатар алға қойылған мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің үндестігі анық байқалады. Англияда бала 3жасына дейін отбасында ана тәрбиесінде болып, 3-5 жас аралығында мектепке дейінгі мекемемен қамтылады. Сәбилік шағында (3 жас) отбасына ұқсас, отбасындағы жағдай туғызу мақсатында муниципалдық және жеке меншік яслилер (бөбекжай) көзделіп, ойын топтары, аналар мен балалар клубтары, күтушілер инститттары құрылады. Әр топта бір тәрбиешіге 10-13 балан тәрбиелеу жүктемесі беріледі.
Англияда мектепке дейінгі мекемеде біріңғай ұлттық бағдарламаның болмауына байланысты, балаға білім мен тәрбие беру мазмұны түрлі вариативті болып келеді. Баланың мектепке дейінгі кезеңі бала өмірінің дербес даму кезеңі деп қаралып, мектепке дейінгі тәрбие мекемесінде дайындалатын бағдарламалардың бәріндебасты мақсат – дене тәрбиесі, оны дамыту, нығайту, мәдени-гигиеналық дағдыларды алыптастыру, баланың мүмкіндіктерін дамытуға қажетті жағдай туғызу, ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік пен әлеуметтік тәрбие беру. Оқыту, білім беру жеке пәндерге бөлінбейді, негізгі мақсат оқуға деген мотивті қалыптастыру, қоршаған әлемді тану, өзін-өзі тану, қоғамда, ұжымда қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Баланың ақыл-ойын дамытуда ойын әдіс-тәсілі арқылы жұмыс әр баламен жеке дара ұйымдастырылады. Ағылшын педагогтары баланың сөзбен жеткізе алмаған ойын, сезімдерін сурет салу арқылы беруге, жеткізуге үйрету керек деп уағыздайды.
Швейцарияда мектепке дейінгі тәрбие беру міндетті емес. Негізінен мектепке дейінгі тәрбиемен бала 4 жасынан бастап амтылады.
Испанияда балалар алты жасқа дейін мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленіп білім алады, балабақшаға бару міндетті емес, баланың, ата-ананың қалауы бойынша барады.
АҚШ –да мектеп жасындағы балаларға арналған бағдарлама, әдетте оқу жылы ішінде белгілі жастағы балалар тобына беріліп, қандай да бір білімдер жиынтығы түрінде қарастырылып, оу үрдісін қатаң жоспарлаудан, жеке пәндер бойынша жіктеп оқытудан бас тарту.
Мектепке дейінгі мекемелерге қойылатын негізгі талап-топта бала санының аз болуы, еркін ойлау, жеке жұмыс ұйымдастыру, іс-тәжірибеде зерттеу жұмыстарын кеңінен қолдану. Сорос Қоры миссиясы (Нью-Йорк) орталық және Шығыс Еуропа, бұрынғы Джорджтаун университеті жанындағы «Сәбиді жетілдіру» орталығы мектеп жасына дейінгі тәрбие бағдарламасын жасап, іс-тәжірибеге енгізуді Еуропалық білім берудің бай теориялық дәстүрлері мен америкалық бағдарламалар тәжірибелерімен ұштастыра жүргізуді өтінді. Еуропаның 15 елінің педагогтары (Албан, Белорусс, Болгар, Венгр, Македон, Молдаван, Ресей, Румын, Словак, Словен, Украина, Хорват, Чех, Эстон, Югослав елдері) бұл бағдарламаны қолдануға ынта-ықылас білдірген.
2000-2001 жылдары Бүкіл әлемдік мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру үрдісін саралап, қарасақ, ең аз дамыған елдерде 9,8 (Африкалықтар), Латын Америкасы 19, Боливия – 34,1 Эквадор – 29,6 Францияда 2 жасарлар 35,7, 3 жасарлар -36, 4 жасарлар 40, 5-6 жасарлар – 96, Жапонияда 1-3 жасарлар -63, 4 жасарлар 80, 5-6 жасарлар – 90, Германия 3-7 жасарлар -72, Ресей 55,5 Өзбекстанда -20 балалар мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерімен қамтылған.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Ресейдегі балабақшалардың қалыптасу тарихы.
2.Шет елдердегі балабақша тәжірибелері.
3.Англия, Жапония, Германия, Франция, Италия елдеріндегі балабақшалардың дамуы және тәжірибелері.