Тсст тапсырмалары 1.Ресейдегі мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушылар: A) К.Д. Ушинский, И.Н.Водовазова, П.Ф.Лесгафт,Е.И. Техеева B) Е.Н.Водовазова, А.С.Сухомлинский, В.С.Макаренко C) П.Ф. Лесгафт, П.Д. Плаханов, В.А.Сухомлинский D) А.А.Леонтьев, Ю.К. Бабанский, Е.И. Тихеев E) В.С. Мухина, А.Усозе, В.И. Тихеева ***** 2.Сыныптық – сабақтық жүйесінің ең алғаш рет теориялық негізін салған ғалым: A) Ф.Фребель B) И.Г.Пестолоций C) А.Дистерверг D) К.Д.Ушинский E)Я.А.Коменский ***** 3.«Балабақша» ұғымын енгізген ғалым : A) Я.А.Коменский B) Ф.Фребель C) И.Г.Пестолоций D) К.Д.Ушинский E) Е.И.Тихеева ***** 4. Ата-аналардың «Жалған беделін нағыз, беделден айыруға үйрету» деген мәселенің авторы: A)А.С.Макаренко B) Л.Ф.Островская C) А.В.Сухомлинский D) А.Ф.Лесгафт E) А.П.Усова ***** 5.Дене тәрбиесінің ерекше жүйесін жасаған ғалым, педагог, дәрігер: A) И.М.Сеченов B) Н.И.Пирогов C) П.Ф.Лесгафт D) Д.И.Писарев E) Н.И.Новиков ***** 6.Мектепке дейінгі педагогиканың бастамасын көрсеткен ғалым: A) М. Мантессори. B) Ж.Ж.Руссо C) Я.А. Коменский D) К.Д.Ушинский E)Р.Оуэн ***** 7.“Аналар кітабы” еңбегінің авторы: A) И.Г. Пестолоцци B) Р.Оуэн C) Е.И.Тихеева D) Ф.Фребедь E) М.Мантессори. ***** 8.Қазіргі кезде Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар: A) А.Аркин, А.Усова B) А.Менжанова, Б.Баймуратова т.б C) С. Рубенштейн, Л. Зенгер D) Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоции E) А.С. Макаренко, Н.К.Крупская ***** 9.Мектеп жасына дейінгі балаларға жүйелі түрде білім мен іскерліктің қажеттілігі туралы мәселені алғаш көтерген ғалым: A) Я.А.Коменский B) А.П.Усова C) Ф.Ф.Фребель D) Е.И.Тихеева E) И.П.Песталоций ***** 10. Қазақстандағы алғаш рет мектепке дейінгі педагогика мәселесімен айналысқан кім? A) А.Г.Давиденко B) А.С.Әміренова C) Б.Б.Баймұратова D)Н.Құлжанова E) Р.Жұмағожина
1
№ 11
дәріс
Қазақстанда балабақшалардың даму тарихы Жоспары 1.Қазақстанда тұңғыш балабақшаның ашылуы. 1919 – 1930 жылдар аралығында балабақшалардың жағдайы. 2.Кеңес өкіметі тұсындағы балабақшалардың өрлеуі. 3.Нарықтық экономика тұсындағы балабақшалар және оның типтері. Балаларды мектепалды дайындау мәселелері.
1.Қазақстанда тұңғыш балабақшаның ашылуы. 1919 – 1930 жылдар аралығында балабақшалардың жағдайы.
Өткен тарихымызға назар аударсақ, Қазақстанда қазан төңкерісіне дейін жалпы мектепке дейінгі кезеңде қоғамдық тәрбие беретін балабақша болмағаны жұртшылыққа аян.
Ұрпақ тәрбиесі, көбінесе, отбасында ата-баба мұрасы, халықтық өнегелі тәрбиесі, әдебиеті, ұлт мәдениеті, салт-дәстүрі арқылы жүзеге асырылып келгені де белгілі.
Қазақстан Республикасында балаларды нәрестелік шағынан қоғамдық мекемелерде тәрбиелеу, олардың күтімі мен денсаулығын жақсарту, тегін тәрбие беру, мектеп аралық сабақтастық мақсатында 1917 жылы 2 қараша бірінші рет декларация жарияланып, бұл іс қолға алына бастаған.
1917 жылғы 9 қараша РСФСР Халық комиссарлар Советінің «Халық ағарту істерінің мемлекеттік комиссиясын құру туралы » декреті жарияланды. 1917 жылы мамыр айында Алматыда тұңғыш балабақша ашылып, онда әр түрлі ұлттан 100-ге тарта бала тәрбиеленді.
1919 жылы 22 шілде Қазақстанның Халық ағарту Комиссариатының әлеуметтік тәрбие бас басқармасы алқасының шешімі бойынша мектеп жасына дейінгі мұсылман балалары үшін Сарсенов атындағы елу орындық балалар үйін ашу ұйғарылып, ол үй қарашаның бірінен балаларды қабылдауға тиісті болса да, бала саны толмағандықтан ол мекеме желтоқсан айының соңында ғана іске қосылады. Орталық мұсылман (қазақ) балалары үшін ашылған балалар үйіне Орынбор, Орал, Ақмола, Семей, Бөкей, Ақтөбе, қостанай губернияларынан және екі автономиялық Торғай, Алтай аймақтарынан жас шамасы әр түрлі қырық жеті бала қабылданды. Олардың қырық екісі қазақ та, қалғаны басқа ұлт балалары еді. Жыныс жағынан жиырма сегіз ер бала, он тоғызы қыз бала болды.
Халық Ағарту комиссариатының орынбасары Михаил Покровскийдің алқа мәжілісінде жасаған баяндамасында «Қырғыздардың Сәрсенов атындағы мектеп жасына дейінгі орталық балар үйі Орынбар қаласы, Совет көшесі, 57-үйде орналастырылады»-делінген.
Аталған балалар үйінде бес адам қызмет атқарған. Оның біреуі – Дубина Анна Яковлевна мекеме меңгерушісі, жасы 32, білімі 8 класс, Москва қаласында ашылған қысқа мерзімді курсты тамамдаған. Қазақ тілді мамандар болмауы себепті жаңадан ашылған балабақша меңгерушілері орыс халқының өкілінен тағайындалған. Төрт қызметшінің екеуі тәрбиешілер: Бегімбетова Шақзада және Қаратаева Заида, қысқа мерзімді курсты бітірген. Ал балаларды күтуші, аспазшы міндетін атқарушылар да орыс қыздары болды. Балалар үйінің материалдық базасы нашар. Балалардың мерзімді тамақтанып, демалуына толық жағдай жасалмауы, жылу мен жарықтың жеткіліксіздігі, бөлмелердің тарлығы тәрбие жұмысының талапқа сай өткізілуіне қиындық келтірді. Балалар үйінің меншікті шаруашылығының болуы ( жер алаңы, үй жануарлары, құстары т.б) олардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, өз шама-шарқына қоғамдық еңбекке үйренуіне мүмкіндік берді. Өзінің материалдық базасы біршама жөнделіп, тәжірибе жинақталған соң 1923 жылы ол қазақтың өлкелік тәжірибе үйі болып бекітілген. Алайда Орынбор қаласының негізгі тұрғындары орыс ұлты болуы себепті аталған орталықты Қызылордаға көшіру ұйғарылған.
1926 жылы 12 қаңтарда Халық Ағарту Комиссариаты алқасының шешімі бойынша аталған балалар үйі таратылады.
Социалистік қоғамның саяси әлеуметтік, экономикалық даму тарихында балаға деген қамқорлық алғаш рет біздің елімізде ғана мемлекеттік істің бірі ретінде қаралды.
РКП (б)-ның VІІІ-съезі ( 1919ж.) қабылдаған партия программасында «Халық ағарту жүйесінің ең таяудағы міндеті- ясли ( бөбекжай ) мен балалар бақшасының санын арттыру, әйелдерді күндіктен құтқарудың бірден бір жолы»- деп атап көрсетілген.
Сонымен қатар 1919 жылы 26 желтоқсанда «Сауатсыздықты жою» туралы декрет қабылданып, мемлекеттік құжаттарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасында халыққа білім берудің біріңғай сындарлы жүйесі қалыптаса бастады.
1919 жылы Торғай губерниясы бойынша 37 балалар алаңы ашылып, онда мыңға жуық тұрғылықты халық балалары тәрбиеленді.
1920 жылы республика көлемінде 22 балабақша болып, онда 667 бала тәрбиеленген.
Торғай болысы, Ақтөбе уезінде меншікті бір балабақша ашылады. Кейіннен бұл балабақша «Балаларды қорғау» бөліміне беріліп, осыдан соң Ақтөбе қаласы Бестамақ болысының сегізінші ауылында мұсылман балалары үшін 18 орындық бір, Орынборда он бір, Қостанайда үш, Ордада бір балабақша іске қосылады. Көпшілік жерлерде қоғамдық тәрбие мәнісін түсінбеушіліктен қазақ отбасылары балаларын балабақшаға беруден бас тартады. Бұл балабақшаларда көбінесе ата-анасыз қалған жетім балалар тәрбиеленді. Ата-аналары бар балалар үшін жиырма бес орындық маусымдық балабақша, алаңдар ашылды.
Ел арасында босып жүрген жетім балалардың көбеюі Халық ағарту комиссариатында: «Жас Қазақ Республикасының келешегіне зиянкестік келтіретін, социализмге қарсы элементтер осылардан қалыптасуы мүмкін»- деген алаңдатушылық тудырды. Сол себептен партия, кеңес, кәсіподақ ұйымдары ата-анасыз қалған балаларды тәрбиелеп өсіруге барлық шараларды қолданды. Осы мақсатта мұсылман балалары үшін Орынбор Нежинка ауылында-1 ( 30 бала), Юзевте-1 (41 бала), Покровкада-1 (43 бала), Семейде-1 (28 бала), Торғайда-2 көшпелі балабақша іске қосылып, Манғышлақта 11 балабақша ашу ұйғарылған.
1920 жылы қараша, желтоқсан айларында республика бойынша «Балалар аптасы» ұйымдастырылған, оның негізгі мақсаты- еңбекші қауымды балаларға, бюалалар мекемелеріне көмекке тарту еді.
Жергілікті ұйымдар, кәсіпорындар жетім балалар бақшасына, балалар үйіне көмек көрсетуді көздеп жұмыстан тыс уақытта киім-кешек, төсек орын жабдықтарын тегін тігіп беруді міндеттеріне алды. Ал кейбір жерлерде коммунистік үлкен жексенбілік өткізілді. Бұл жөнінде 1920 жылғы 26 қарашада Верныйдың «Правда» газеті былай деп жазды: «Ата-анасыз жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан сәбилерге жұртшылық болып көмектесу ісіне азаматтардың барлығы ат салысып, зор саналылық, қайрымдылық көрсеткенін сүйсінерлік сезіммен атап өтеміз».
Қалай десек те бұл тарихи кезең, Қазан төңкерісінен Жас Қазақ Республикасы азамат соғысынан (1919-1920), одан 1921 жылы егіннің шықпауынан күйзеліске ұшыраса да, қиыншылықтарды жеңу, халық шаруашылығын қалпына келтіру, әйелдерді күндіктен құтқару, қоғамдық еңбекке қатыстыру, ана мен балаға, панасыз балаларға балалар үйін, сәбилерге ясли, балалабақша ашуға үкімет тарапынан қамқорлықты күшейтуге барлық күшті жұмылдырды.
Алайда, елдегі ашаршылықтың, азық-түліктің жеткіліксіздігінен балалар алаңын, балабақшалардың ашылуын тоқтата тұруға мәжбүр болды.
1921 жылы Қазақ АССР үкіметінің сауатсыздықты жою жөнінде Қазақстан Орталық Төтенше комиссиясы құрылды. Бұл комиссия барлық ұлттың қалың халық бұқарасын оқыту үшін партиялық, бұқаралық күштермен ерікті қоғамдардың қызметін ұштастырып отырды. «Қызыл керуен», «Қызыл отау», үлкендерге арналған курстар т.б мекемелер ұйымдастырылып, онда жастармен саяси-тәрбие жұмыстары жүргізілді.
Осы жылы онсыз да тұрмысы нашар, күйзелген халық арасында сүзек, тырысқақ ауруларының тарауы ел ішінің жағдайын төмендетті. Балаларды басқа жерге қоныс аудару қажет болды. Осының салдарынан көптеген алаңдар мен балалабақшалар жабылып қалды. Мысалы: Ақмола қаласындағы балалалар алаңы, Адай ағарту бөлімінің өзінен жеті балабақша жабылған.
Ел ішінде тараған аурудың, ашаршылықтың салдарынан балабақшалар саны жыл сайын азая түсті. Мәселен: 1921 жылы 1 маусымда Қазақстанда 115 балабақша болып, онда 5320 бала тәрбиеленсе 1923-1925 жж аралығында Қазақстан бойынша тоқсан бес балабақшадан жиырма екі балабақша, он балалар алаңы ғана қалған (Ақмола-8, Сырдария губерниясында-2).
Балабақшалардың күрт азаюына ауылдық, қалалық, облыстық оқу бөлімдері басшыларының осыншама жауапты жұмысқа селқостық жасауы, жете назар аудармауы да себеп болды.
Азамат соғысының зардабын жеңу, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын жақсарту шараларын жүзеге асыру, шаруашылықтың барлық саласында жұмысшы күші қажеттігін туғызды.
Республиканың шаруашылық, саяси және мәдениет құрылысында 1921 жылғы маусымда өткізілген Қазақстан большевиктерінің бірінші облыстық конференциясының маңызы жер болды. Конференция жергілікті Кеңестерді одан әрі нығайту, жергілікті қызметкерлерді кеңес аппаратына жұмысқа тарту туралы, партия ұйымдарының қалың бұқарамен байланысын күшейту туралы маңызды шешімдер қабылдап, сауатсыздықты жою міндеті қойылды. Бұл міндетті орындау жергілікті партия, кеңес ұйымдарының жұмысы болып танылған.
Бұл конференцияның тарихи маңызы-ол РКП (б) Орталық Комитетінің басшылығымен Қазақстанның партия ұйымын құрып қалыптастыру жұмысын аяқтауында.
1922 жылы Советтік Социалистік Республикалар Одағының құрылуының, сондай-ақ 1923 жылы өткізілген партияның XІІ съезінде ұлт мәселесі бойынша қабылданған шешімнің Қазақстанды көркейту үшін зор тарихи маңызы болған. Ұлттар арасында әлі де болса теңсіздік бар екенін көрсете келіп, партияның съезі бұл теңсіздікті «Одақтағы артта қалған халықтардың шаруашылық және мәдениет жағынан табысқа жетуіне жәрдемдесуі» арқылы АССР барлық кеңес республикаларының бірлестігіне-Советтік Социалистік Республикалар Одағына-кірді. Бұл оқиға Қазақстанның социалистік мәдениеті мен экономикасын неғұрлым тез өркендетуге шын мәнісінде зор үлес қосқан.
1924 жылғы қаңтарда Қазақ АССР Кеңестерінің ІV съезінде Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасының тұңғыш Конституциясының қабылдануы қазақ халқының, өзінің ұлттық мемлекетін орнықтырудың айғағы болып, ел өмірін, мәдениетін көтеруге, балаларға қоғамдық тәрбие беру мәселесіне бағыт сілтеді.
Балабақшалар мен балалар алаңының жылдан жылға қысқаруына байланысты 1926 жылғы 9 наурызда Халық Ағарту комитетінің № 41 шешімі бойынша Қызылордада қазақ балаларына арналған елу орындық аймақтық балалар мекемесін ашу, оған мекежай бөлу, қажетті бұйымдармен жабдықтау, қазақ қыздарынан тәрбиешілер дайындау ұйғарылды. Сонымен қатар республика бойынша жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесі қаралды. Балалы аналарды қоғамдық еңбекке тарту мақсатында көктемгі, күзгі науқан кезінде маусымдық балабақшалар ашылып, оның жұмыс мерзімі бес айға белгіленді. Жазғы алаңға қабылданған балаларды жас шамасына қарай топтастырған жағдайда, ересек балалар бөбектерді ойнату, киіндіру, оларға қамқорлық жасау арқылы тәрбиешіге көмектксуге, шамасына қарай еңбек етуге үйренеді делінген.
Сондай-ақ бұл қаулыда маусымдық балабақшаларды көптпе ашу, болашақта тұраты балабақшалар ашуға негіз болатындығы атап көрсетіліп, Ақмолада-8, Сырдарияда-2, Адай уезінде-1 мұсылмандық балалар алаңы іске қосылды.
2.Кеңес өкіметі тұсындағы балабақшалардың өрлеуі.
КОКП (б) Орталық комитетінің 1930 жылғы 25 шілде де Бүкілодақтық Орталық комитетімен СССР Халық комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 14 тамыздағы қаулысына сәйкес Қазақстан Орталық Атқару комитеті мен Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1930 жылғы 27 тамыздағы «Республикада жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізу туралы» Заң қабылдады. Бұл Заң 1930-1931 жылдың көктемінен күшіне енгізіле бастады.
Аталған заңды жүзеге асыру мақсатында көшпенділердің киіз үйлерінің орнына балабақша, мектеп салу, киіз үйді мекендеуші көшпелі ауылды тұрақтандыру бағытында жұмыстар жүргізілді.
1931 жылы балалар алаңының саны қауырт өсіп, оларда 180 мың бала тәрбиеленді. Жазғы алаңға жиналған балалардың ұлттық құрамы жағынан аралас болғандықтан олардың арасында наразылық басым болды. Мұндай жағымсыз көріністер интернационалдық тәрбие жұмысының талапқа сай жүргізілмейтіндігінен екендігі анықталып, Халық Ағарту комиссарияты тарапынан қатты сыналды.
Осы жылдары «За дошкольное воспитание» атты жеті бағытта Сталиндік мәдени эстафета жарияланып, жергілікті халыұқтың (қазақ) балаларының 47% ғана балабақша қамтылғаны, ал Алматы, Оңтүстік Қазақстан сияқты облыстардың бұл эстафетаға қатыспағандығы атап көрсетілді.
Халық ағарту комиссариатының «Көктемгі егіс науқаны кезінде балаларды балабақшада тәрбиелеуді ұйымдастыру байқауын өткізу» жоспары бойынша социалистік жарыс жарияланып, ең бірінші кезекте жарысқа қатысатын колхоз балабақшалары белгіленді.Балабақша мен алаңдар 6-8 сағат орнына науқанға, жарысқа байланысты жұмыс уақытына сәйкес ұзартылды. Жарыс барысында тек Ақмола облысы бойынша елу балалар алаңы ашылып,оның жиырма бесі қазақ балалар алаңы болды. Ал Маңғыстау, Тайпақ, Жәнібек, Орал, Жымпиты, Жаңғалыда 2197 бала қамтылып, оның 365 –і селолық аймақтарда, 5738 баланың 220 ғана қазақ балалары болды. Қарағанды облысында ашылған 595 алаңда 31593 баланың 3051ғана қазақ балалары еді. Осы мәліметтерден қазақ балалары балабақшалармен, алаңдармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегені аңғарылады.
1936 жылы 27 шілдеде Орталық Коиссарлары Кеңесінің 1933 жылғы 6 шілдеде (СЗ, 1935, № 32, 309ст) қабылданған қаулысын өзгертіп, «Балабақшаны басқару тәртібін өзгерту» жайында қаулы қабылданды. Себебі Халық Ағарту Комиссариатына қарасты балабақшалар Халық Шаруашылық Комиссариатының қарамағына ауыстырғаннан кейін, кейбір ұйымдар өздеріне бөлінген балабақшаларды жауып тастауға дейін барды. Бірқатар халық ағарту бөлімдері балабақшаға бөлінген қаржыларды басқа мақсаттарға пайдаланған. Мысалы: Еңбекші ауданы (Солтүстік Қазақстан) балабақша үшін бөлінген қаржыны парк салуға, пәтер сатып алуға, Павлодар аудандық партия комитетінің қаулысы бойынша балабақша үйін финанс бөліміне берген. Шемонайха, Зайсан, Түркістан, Ленгер аудандары бөлінген қаржыны басқа мақсатта пайдалану салдарынан балабақшалар жабылып қалған. Алматы қалалық Кеңесі бөлінген қаржыны «Социалистік Алматы» газеттерін қаржыландырса, Ақтөбе облысы Степной ауданының НКВД-ның бастығы балабақшаларды жауып, балабақша үйлерін жұмыскерлерге пәтерге берген. Шымкент қалалық Ағарту бөлімінің инспекторы екі бақшаға ешбір көмек бермеген. Бюджет бойынша бір айға бөлінген 2138 сом ақшаның 300 сомын ғана жұмсаған. Тексеру барысында көптеген балабақшаларда бір балаға күніне 2 сомның орнына 1сом 14 тиын ғана жұмсау салдарынан берілетін тағамның сапасы өте төмен болған. Баянауылда бір балабақшада отыз бес бала болса, онда 3 тәрбиеші,15 көмекші адам жұмыс істеген. Сонда бір ересек адамға екі баладан келеді. Осыған қармастан балабақша үйіне ешбір жөндеу жұмысы жүргізілмеген, тазалығы төмен, тәрбие жұмысы мүлде жоқ. Анықтамада балабақша «Советтік асханаға ұқсайды» -делінген.
1936 жылы Халық Комиссарлары кеңесі балабақшалардың 10 үлгі жобасын бекітті. Осыған байланысты арнайы тәрбие жұмысын өткізетін, ойын-ермек ұйымдастырытын бөлмелер бар жаңа типті балабақшалар салына бастады.
Халық Комиссарлары Кеңесінің 1936 жылғы 27 шілдедегі қаулысына сәйкес Халық Ағарту Комиссариаты бес жаңа балабақша салуды жоспарлаған: Алматы облысы-100 орындық, Шымкент, Қостанай, Петропавл, Ақтөбе-әрқайсысы 75 орындық. Аталған құрылысқа қаржының жоқтығынан оларды салуды келешекке қалдыру ұйғарылды. Қаржат мәселесіне байланысты Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесінің1937 жылы 19 сәуірдегі № 744-1 қаулысы бойынша балабақшаға ата-аналардан алынатын төлемақы көлемі белгіленген, оның мөлшері төмендегідей: 40 сомнан - 10%, 50с. - 15%, 60с. - 20%, 70с. – 25%, 80с. – 30%, 100с. – 35%, 120с. – 40%, 140с. – 45%, 160с.жоғары-50%. Балабақшаға 2-3 баласы бартын ата-аналарға төлем мөлшері 25 % жеңілдік берілген. Бұл төлем ақыны осыдан 3 жыл бұрын (1934 ж.) бекітілген мөлшермен салыстырсақ: 1934 жылы 40 сомнан – 40%, 100 сомнан – 65%, ал 1937 жылы 40 сомнан – 10%, 100 сомнан – 35%, яғни ата-аналарға төлемақы мөлшері едәуір жеңілдетілгенін көруге болады.
Орталық партия комитеті Пленумының 1940 жылғы 9 ақпанындағы қаулысында ҚазССР – нің құрылғанына 20 жыл(4.10.40 ж.) толуы қарсаңында балабақшалардың жұмысын жақсартуға байланысты республикалық социалистік жарыс жарияланған.
Қабылданған қаулы – қарарлар мен Халық Ағарту Комиссариятының № 1959 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында мектепке дейінгі мекемелердің материалдық базасын, тәрбие жұмысын, білікті мамандармен қамтамасыз ету барысын тексеру нәтижесінде Ақмола облысы бойынша жоспарда көрсетілген 23 балабақшаның орнына 20 балабақша ғана істейтіні, қалған үйлерді жеке пәтерлерге пайдаланған. Қазақ ауылдарында баланы қоғамдық мекемелерде тәрбиелеудің маңызы туралы үгіт – насихат жұмысы жүргізілмегендіктен балабақшаларға не бәрі үш- төрт – ақ қазақ баласы ғана қамтылған. Осы сияқты деректер басқа да облыстарда орын алған. Ал іске қосылған балабақшалар көбінесе бейімделген ескі үйлерге оналастырылған. Мысалы: Шет ауданында балабақша меңгерушісі Құсабаева- партия мүшесі, білімі 2 класс, тәрбиеші-Атабаева – партия мүшесі, білімі жоқ. Қаржыландыру жағынан аржыландыру жағынан 32700 сомның орнына 11138 сомы ғана жұмсалған, бұл жалпы қаржының 1\3 бөлігі ғана еді. Жабдықтаулары да нашар, көмекші әдебиеттер жоқ. Басқа облыстарда да қазақ балабаөшаларының жағдайы қанағаттанарлықсыз еді.
1940 жылы 14 тамызда Қазақ ССР Халық комиссарияты мектепке дейінгі мекемелердің:
- қазақ балашаларының жағдайы, әсіресе ауылды жерлерде өте төменгі дәрежеде екендігін баяндап, 15 қазанға дейін қазақ балабақшаларында жұмыс істейтін мамандар жайлы нақты мәлімет беру;
- жылына 3 рет аймақтық жиналыстар өткізу;
- 15 қазанғадейін қазақ балабақшаарын білімді меңгеруші, тәрбиешілермен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдап, оның орындалуын облыстық, қалалық, аудандық халық ағарту бөлімдеріне міндеттеді.
1939 жылы республика бойынша он тоғыз балабақша жабылып, 1940 жылы қайтадан он бір балабақша ашылды. Қазақ балабақшаларымен қатар Шымкентте 14 ұйғыр, өзбек ( 394 бала ) балабақшалары, Қарағандыда үш (83 бала) неміс балабақшасы, Алматы қаласында екі (83 бала) ұйғыр, Алматы облысы бойынша 40 (12000 бала) балабақша, оңтүстік Қазақстанда 1 (31 бала) тәжік балабақшалары ашылып іске қосылды.
Осы жылдары жазғы маусымда мектептердің демалысы кезінде уақытша балабақшалар ұйымдастырылған.
Респуплика көлемінде 517 балабақша(19706 бала), 239 маусымдық балабақшада 7502 бала тәрбиеленсе, тұрақты 37 балабақшада 1231 бала тәрбиеленген.
1920-1940 жылдар аралығында қазақ балабақшаларының санының аз болуының бірден-бір себептері:
• Әлеуметтік жағдайдың төмендігі;
• Балабақшада тәрбие жұмысын ана тілінде ұйымдастыруға мамандардың, бағдарлама, оқу-әдістемелік құрал-жабдықтардың, балалар әдебиетінің жетіспеуі;
• Баалбақшаларды орналастыруға ыңғайлы, лайықты үйлердің болмауы; тұрақты балабақшалардан гөрі жазғы, маусымдық алаңдардың ашылуы;
• Кейбір жергілікті оқу басқармаларының тұрақты балабақша ашуға, ашылған балабақшаларды сақтап қалуға, материалдық базаларын жақсартуға ықпал жасау мәселелеріне жете мән бермей, жаупсыздықпен қарау салдары керітартпа себептер болғандығы.
3.Нарықтық экономика тұсындағы балабақшалар және оның типтері. Балаларды мектепалды дайындау мәселелері
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылдары оның қоғамдық-әлеуметтік, саяси-нарықтық жүйесіне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар әкелді. Өтпелі кезең деп аталып жүрген 90-жылдары еліміздің білім беру жүйесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің жаңа тұрғыдағы парадигмасы қалыптасты. Мектеп жасына дейінгі сәбилерге берілетін білім-тәрбиенің ішкі мазмұны ұлттық негізде жаңарту мәселесі алға қойылды. Бұл бағытта мектепке дейінгі ұйымдардың мазмұнын жаңарту, басқаруды жетілдіру, жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатындығынан туындайтын мәселе екендігін көрсетті.
1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ Советтік Социалистік Республикасының он бірінші сайланған Қазақ ССР Жоғары Советінің кезектен тыс сесиясында қабылданған Тіл заңы 1990 жылы 1 шілдеде күшіне енді.
Елбасының жүргізіліп отырған саясаты, сан қырлы, ауқымды істері арқылы елімізді аз уақыт ішінде әлем жұртшылығына танытты, дүние жүзінің іргелі елдері мойындады.
Алдағы ХХІ ғасырға тәуелсіз ел болып қадам басқан мемлекетіміз саяси мәні зор – жариялық, демократиялық жаңартулар халық ағарту ісіне де зор ықпалын тигізді.
Әлемдік өркениет биігіне талпынған балабақшалардың тыңнан даму жолдарын іздестіріп, алға өрлей түсуі, атқараттын мідеттің мәні де ерекше.
Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болуы, демократиялық негіздегі жаңа тұрғыда ойлай алатын ұрпақ даярлаудағы өзіндік бағыттарын нығайта түсу нәтижесінде ұлттық білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ісі бойынша көптеген ресми нормативтік құжаттар даярланды.
Республикадағы мектепке дейінгі ұйымдар сан жағынан қысқаруына қарамастан, ондағы тәрбие жүйесінің сапасы жақсарып, дами бастады.
Мектепке дейінгі гимназия ең қабілетті балаларға арналған үзіліссіз білім беру қағидасын іс жүзіне асыратын жаңа мекеме үлгісі.
Мектепке дейінгі гимназияда оқып тәрбиеленген балалардың тест қорытындысы бойынша оқытатын сыныптарға түсуге мүмкіншілігі болады.
Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдар бірыңғай міндеттерді атқара отырып, өздеріне тән негізгі қызмет түрлеріне байланысты ажыратылады.
Мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың бір немесе бірнеше бағыттарын басымдықпен дамытуды жүзеге асырады. Бұл ұйым өз бағдарламасын дайындап, сол бағдарламен жұмыс жасауына болады. Бағдарлама мазмұны мектепке дейінгі тәрбиенің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттары негізінде құрастырылып, білім беру мекемелерімен келісіледі. Ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Қазақстанда тұңғыш балабақшаның ашылуы. 1919 – 1930 жылдар аралығында балабақшалардың жағдайы.
2.Кеңес өкіметі тұсындағы балабақшалардың өрлеуі.
3.Нарықтық экономика тұсындағы балабақшалар және оның типтері.
4.Балаларды мектепалды дайындау мәселелері.