Руссо әрбір балада табиғатынан жағымды нышандар берілетіндігін атап көрсетті. “Табиғи тәрбие” теориясы бойынша, тәрбиеші баланың жеке басын терең құрметтеудің және табиғи жас ерекшеліктерін ескеру негізінде өзінің негізгі міндеті балада нышандары мен қабілеттіктерінің дұрыс дамуы үшін жағдай жасау және оны бұзылған ортаның ықпалынан сақтау болып табылады деп көрсетті.
Ж.Ж Руссо Руссо тәрбиені психологиялық негіздеуге ерекше мән берді.
“Табиғи тәрбие” беру теориясы бойынша, баланы ерікті іс-әрекетте, еңбекте, жеке тәжірибенің негізінде, табиғатты және қоршаған өмірді тану жолымен, жаттығулар мен барлық сезім органдарының үрдісінде тәрбиелеу қажет. Осыдан келіп, мынадай талаптар қойылды: тәрбие үрдісінде неғұрлым аз сөйлеу мен аз моральдық үгіттеу және солғұрлым көп бақылау, жаттығу және тәжірибе.
Тәрбиенің нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі шарттарға Руссо төмендегілерді жатқызды:
1)тәрбиенің тәрбиеленушіге сүйіспеншілігі, оның шығармашылық белсенділігін және еркіндікке және өз бетімен әрекетке ұмтылуды мадақтау;
2) тәрбиенің педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейде болу мүмкіндігі. Баланың өмірін 4 кезеңгебөлді:
1) туғаннан 2 жасқа дейін
2) 2 – ден 12 жасқа дейін
3) 12 – ден 15 жасқа
4) 15 жастан ер жетуіне дейін
Ф. Фребель
Мектепке дейінгі тәрбиеге орасан маңыз бере отырып, оны ойынды дамытудың негізгі құралы деп санады, баланың дене мен психика жағынан қалыптасуында оның үлкен рөл атқаратындығын көрсеттi.
«Балалар бақшасы»деген терминді енгізді, мұның өзі бүкіл дүниежүзінде жаппай қабылданды. Мектепке дейінгі ұйымның, бұлай аталуынан,тәрбиеші әйелді «баулаушы» деп атағандығынан оның балаларға деген сүйіспеншілігі айқын көрінді.
Дидактикалық ойындар мен алуан түрлі сабақтардын жүйесін құруды бастады, оларды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға талдау жасады. Ол балалармен олардың жасына сәйкес жұмыс жүргізудің алуан тәсілдеріне талдау жасай отырып, мектепке дейінгі тәрбие практикасын едәуір байытты.
мектепке дейінп ұйымдар жұмысының теориясын бірінші болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалық ғылымның дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды. Ол мектепке дейінп тәрбие идеясын насихаттау және балалар бақшаларын кең тарату үшін көп ic тындырды.
Сәби және мектеп жасына дейінгі балалар тілінің қалыптасу кезендерін егжей-тегжейлі көрсеттi және затпен таныстырудан бұрын оның атын білу қажеттігін талап еттi. Балалардың түрлі материалдармен (таяқшалар, мозайка, моншақ, сабан, қағаз) істейтін жұмысы жөнінде Фребельдің ұсыныстарында көп құндылық болды.
Е.И.Тихеева
«Қазipгi заманғы балабақша, оның, мәні мен жабдықталуы» (1914) кітабында, «Тілдік сейлеу және оны дамыту жолдары» (1913) мақаласында, сондай-ақ басқа да еңбектерінде балабақшаның принциптері, мазмұны мен әдістері, бала тұлғасын қалыптастырудағы балабақшаның рөлі, халықтық білім берудің артықшылығын ақтап, еркін тәрбие беруге қарсы тұрды. Ол мектепке дейінгі білім беру теориясын тәжірибеге жақындатуға тырысты.
Е.И.Тихеева мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сейлеу және ойлауды дамыту, балаларды мектепте оқуға дайындайтын ұйымдастырылған бағдарлама сессияларын өткізуге, балаларға таныс әртүрлі обьектілерді жұптастыру мен құрастыру қағидаттарына негізделген, сезім мүшелерін дамытуға арналған бастапқы дидақтикалық материалдар жүйесі әдістемесін әзірледі. Ол балабақшаны зертхана ретінде қарады, онда барлық адамдар, acipece ата-аналар, балаларды тәрбиелеу туралы көп білімдер ала алады.