«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................29



бет2/10
Дата30.03.2023
өлшемі79,55 Kb.
#77508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Темірбаева Айгерім4(9) мдт жа (2) (1)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................29


І.КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі: Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі ғаламдану процесіндегі өзінің ұлттық мектебін халық педагогикасы дәстүрлерінде құру, ғылым-білім пәндерін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында тек қазақ тілі құнарында өркендету, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру. Бұл бүгінгі мәдени-әлеуметтік ортадағы жеткіншектердің дәстүрлі еңбекке деген құндылық бағдарын қалыптастыруды, ата-бабалар тәжірибесін меңгертуді міндет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз өркениетті мемлекет болуына байланысты Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы, қазақ тілінің «Мемлекеттік тіл» ретінде жариялануы, қазақ этнопедагогикасының дербес ғылым мәртебесіне жетуі, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
тұжырымдамасының», «Мәдени мұра бағдарламасының» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарының қабылдануы жасөспірімдерді халқымыздың дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етеді.
Бүгінгі таңда жасөспірімдерге көпсалалы ұлттық мектептерде халықтың дәстүрлі еңбегімен тығыз байланыста тәрбие беруге зор үміт артылып отыр.
Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі еді, ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы еңбек тәрбиесіне зияны тиді.
Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік-әміршілдік әдіске негізделген тәрбие кезінде жеке адам елеусіз қалды, оның өзіндік мүмкіндігіне, өмірлік мақсатына мән бермеушілік және оның еріктілік негізінде дамуына тежеу салушылық орын алды. Жас ұрпақ ата тарихындағы дәстүрлі еңбек тәрбиесінен, ана тілінен, төл мәдениетінен қол үзді. Сондықтан да бүгінгі таңда, отарлау мен бодандықтың бұғауынан азат етілген ерікті қоғамда, тәуелсіз және құқылық мемлекет құру кезеңінде қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңартудың қажеттігі туып отыр. Ол үшін:

  • Қазіргі қазақ мектебінің болашақта «Қазақ ұлт мектебіне» ұласуын көздеп оның жүйесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан белгілеу;

  • Оқу-тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық

нысанда қалыптастыру;

  • Қазақтың көпсалалы ұлт мектебін балабақшадан бастап университетке дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын

қамтитын, әрі қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, дәстүрлі еңбек тәрбиесін, рухани болмыс-бітімін осы басқыштардың әрқайсысында да әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе ретінде қалыптастыру;




  • бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие

нысанына, оның ұлттық ұстанымына баса назар аударып, нағыз демократиялық дербес мектеп жасау қажет.

  • «Қазақ ұлт мектебі» тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе

ала алады, өйткені ол Қазақстанның ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздің ең негізгі көпсалалы оқу-тәрбие мекемесі болып табылады.
Жеткіншектерді жан-жақты дамыту ғасырлар қойнауынан келе жатқан еңбек тәрбиесінің ең негізгі мақсаты. Халық өзінің жас ұрпағы есті, адал, мейірімді, еңбекқор, ержүрек, ар-ожданы мол, парасатты болып өссін деген үмітпен өмір тәжірибесі сынынан өткен тәлім-тәрбие мұрасын қолданған.
Әсіресе, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-терген ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың ауызекі творчестволық үлгілері – жеткіншектердің дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Сондықтан «Қазақ халық педагогикасының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасын» жасауға жоғарыдағы аталған құжаттармен қатар, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы, ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамалары тірек етілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет