«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі


Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың



бет8/10
Дата30.03.2023
өлшемі79,55 Kb.
#77508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Темірбаева Айгерім4(9) мдт жа (2) (1)

2.2.Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың
маңызы 

Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты – еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.


Балабақшада еңбек тәрбиесінің алғашқы бастамасы қалыптасады. Еңбек, педагогтік тұрғыдан мектеп жасына дейінгі жастағы балалар үшін бұлжымас міндет саналады. Еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі - оның ойынмен тығыз байланыстылығында. Олардың ойыны мен еңбегін ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардан нақты отбасы жағдайында белгілі еңбек сипатындағы іс-әрекеттерді талап етуге әбден болады.
К.Д.Ушинский балалар ойынын олардың оқудан тыс іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте алып қарастырады. Балалардың оқудан тыс іс-әрекеттері ойын қатарына қосылмас, әйтсе де осыдан ойынға өте ұқсас жайттар көптеп қосылады. Ол бала ойынының оның бос уақытындағы ермегінен, істеген жұмысынан тек шартты түрде ғана айырмашылығы бар, ол іс-әрекеттердің көбінде бірін-бірі алмастырып жататындығынан атап көрсеткен.
«Баланың оқудан тыс іс-әрекеттері мен ойыны өзара қабысып жатады, сол үшін баланың көңілі қалайтын іс-әрекеті қай кезден басталып, ал ойынының қай жерде аяқталатынын аңғару қиын: мүмкін, мейлі ол – атыз қопсыту, гүл отырғызу, қуыршағына көйлек тігу, себет тоқу, сурет салу, ұсталық ету немесе кітап түптеу т.б. секілді жұмыстар болсын – осының бәрі бала үшін шынайы еңбек болып есептеледі, олар осы іс-әрекеттерге рақаттана беріліп, сол үшін кәдімгідей күйіп-піседі, ойын-еңбегі жолында қиындықтан қашпай, қайта төзімділік танытады. Осының өзі адам табиғатының негізгі заңы еркін еңбек екендігін меңзейді...»
Алайда баланың бос уақыттағы іс-әрекеттері мен ойыны Ушинский үшін басқа сипаттағы жеке іс-әрекет ретінде ойынмен сәйкес келмейтін құбылыс
болып көрінеді.
Міне, осындай қасиеттермен сапаның ұштасуы әрбір баланың бойынан өзіндік ерекшеліктерді аңғаруға мүмкіндік береді. Біз мұнымен күнделікті тәрбие тәжрибесінде ұшырасып отырамыз. Кейбір балалардың бойындағы осындай еңбек және ойын элементтері көп уақытқа созылмай дұрыс қалыптасып кетеді, ал екінші бір балаларда – ойындағы мінез құлқының дамығаны сондай, тіпті оны қалыпқа келтіру үшін кәдімгідей тәрбиелік ықпал жасауға, күш салуымызға тура келеді.
Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі тәрбиеде ойынның еңбекпен тікелей байланысты болуын қолдайтын тәжірибесі біздің тұсымызға таяу келеді. Оның: «Ойын – еңбек, еңбек – ойын» формуласы белгілі. Ойын мен еңбектің өзара байланысын осы тұрғыда түсінетін Е.И.Тихеева балабақшадағы педагогикалық процестің құрылымына өзіндік үлес қосты. Алайда, Е.И.Тихееваның әдісі бойынша оқытуды қарастырғанда оның ойын-еңбек принципі негізінде жүргізген жөн. Е.И.Тихееваның тәжірибесі бойынша мұның бәрі еңбек сипатына қойылатын талап деңгейінде болуын қадағалайды.
Ойынның еңбекпен бұл секілді байланысы жасанды болып табылады. Е.И.Тихееваның көпшілікке танымал осынау жүйесін практика қабылдай қоймағаны, еңбек пен ойынның тап осындай байланысының дамымағаны кездейсоқ емес. Ойын тікелей еңбекке айналмайды, сондай-ақ ойын да тікелей еңбек бола алмайды.
А.С.Макаренко ойынның балалар дамуындағы рөлін айқын көрсетіп берді әрі оның еңбекпен диалектикалық байланысын ашып берді. Ол былай деп жазады: «Қайраткер және қызметкер ретіндегі әрбір жеке адамның бүкіл тарихы – ойынның дамуы және оның бірте-бірте еңбекке ұласуы сипатында көзге елестейді. Бұл өте баяу жүретін құбылыс. Бала сәби кезінен бастап ойынмен айналысады, оның еңбектену функциясы аса елеусіз, өзін-өзі күту шеңберінен шыға алмайды, өз бетінше тамақтана бастайды. Көрпесін қымтанады, шалбарын киеді. Бірақ осы іс-әрекеттің өзіне ол көптеген ойын элементін енгізеді»[25 бет].
Мектеп жасына дейінгі балалар ойынның іске ауысуы, әсіресе, тәрбие арқылы ықпал жасаған кезде айқын көрінеді. Балалардың өзіне-өзі қызмет етуі кезінде оқу емес, еңбектік мәні бар іс-әрекеттері көбірек дами түседі. Мұның қатарына: гүлдерді суару, табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды бағып-күту, бөлме іші мен өздеріне қажетті әр алуан ойшықтарды ретке келтіру, топ үшін сурет салуға арналған альбомдар мен кітапшаларды әзірлеу т.б. жұмыстар жатады. Балабақшадағы бала өмірін дұрыс ұйымдастыру баланың еңбек етуіне ауадай қажет өміршең әдет-дағдыларды меңгертеді. Бұл еңбек пе әлде ойын ба? Мұндай іс-әрекет орындалуы бойынша, сөз жоқ, еңбек, бірақ бұл іс-әрекеттің орындалу процесі ойындық сипат алуы мүмкін. Осы ойын мотивін бұзып алмай, оны еңбекке икемдеу, ал кейбір жағдайда еңбектің өзін ойынға бір табан жақындата түсу жетекшінің негізгі міндеті болуы тиіс.
Балалар еңбегінің тағы бір маңызды қайнар көзі – баланың ересек адамдардың еңбегіне еліктеуі. Бұл ұмтылыс олардың ойынынан аңғарылады. Балалар тамақ әзірлеу үстіндегі өз аналарына ұқсауға тырысады, мысалы мұғалім, тәрбиеші, ұшқыш т.б. Бірақ балаларды еңбекке тәрбиелеуде ойын кезіндегі еліктеулері жеткіліксіз. Баланы айналадағы дүниенің талабына сай келетін еңбек сипатындағы іс-әрекеттке бейімдеу қажет. Мәселен, олар: табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды баптап-күтуге, көктемде көкініс отырғызу үшін атызды қопсытуға, шыршаға ойыншық әзірлеуге тағы басқа осы секілді өздеріне лайықты жұмыс түрлеріне белсене қатысулары керек.
Бала еңбегін зерттеу барысында анықталғандай мектеп жасына дейінгі балалар өз еңбектеріне ойын элементтерін жиі әрі құлшына қосып отыратын көрінеді. Осынау фактілермен өмірде күнделікті кездесіп отырамыз. Ендеше, осыны мектепке дейінгі жастағы балаларды еңбекке баулуда әрдайым ескерген жөн. Ойынға ойын элементтерін енгізе отырып, балаларға тәрбиелік ықпалдың тиімділігін арттыруға, ойын көмегімен балалар тарапынан байқалған олардың еңбекке деген құлшынысын дамытуға және нығайтуға болады. Балалар орындайтын еңбек міндеттері олардың бойында белгілі бір өзіндік қасиетті тәрбиелейді, балаларда міндеттерін беріле атқаруға, тапсырылған істі жауапкершілікпен атқаруға деген сезімдері пайда болады, өз беттерінше еңбек ету қабілеттері дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі қоғам мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Күнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қисынды бірлікте жүргізе отырып, тәрбиенің өзге салаларын да іске асыру міндеті қойылады.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Мектепке дейінгі жас – негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Н.К.Крупская мен А.С.Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағұлматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторын (көру, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді. Тәрбиеші ұйымдастырған еңбек әрекетінде үлкендердің сөзі, өнегесі еңбекпен
ұштастырылып, ол баланың білімі мен іскерлігінің терең, дәл, дұрыс болуына ықпал етеді. Ересек адамдар балаларға еңбектің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетке бағыттайды, көрсетеді, үйретеді, ақыл-кеңес беріп көмектеседі.Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің ролі ерекше. Баланың жас ерекшелігін,қызығушылығын ескеріп ұйымдастырылған еңбек оларда сезімтал көңіл күй, терең тебіреніс тудырып, еңбекке дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырудың алғашқы нышандарын сездіреді. Еңбек барысындағы тебіреніс өзге адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты, көпшілдік сезімнің алғышартын қалайды.Отбасында, балабақшада дұрыс ұйымдастырылған еңбек баланың мінез-құлқының моральдық жағымен қатар ерік-жігер, мақсаттылық, табандылық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау дағдысын қалыптастырады.Еңбек барысында тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну баланың еңбекке қызығушылығын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады. Ал мәнін түсінбеген еңбек оларды қызықтырмайды. Сөйтіп, сәбилік және мектепке дейінгі шақтағы еңбек барысында баланы жан-жақты дамытудың, еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырудың негізі қаланады[106бет].
Мектеп жасына дейінгі кезеңде өзіндік ерекшілігі – оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады.
Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері мен талаптарына сәйкес еңбектің төмендегі түрлері ұйымдастырылады:
1. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек және өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілік (топ бөлмесін, учаскені тазалау). Бұл – баланы еңбектікке даярлайтын ерекше іс-әрекет.
Балалардың бәрі баланың күш жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс-әрекетке жаттығу баланың бұлшықеті мен жүйкесінің дамуына, бұлшықет қимылдарының үйлесуіне, белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Сәбилік кезеңінен бастап өзіне-өзі қызмет етуге (өздігінен киінуге, шешіну, төсегін жинау) үйрету, дағдыландыру дербестікке, тазалық пен реттілікті қажетсінуге, мәдени - гигиеналық талаптарды саналы орындауға баулиды.Еңбектің бұл түрлері сәбилер, естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топтарында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет