«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы білім алушылары үшін дуальды оқыту туралы шарт №


Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері



бет3/8
Дата21.04.2022
өлшемі32,65 Kb.
#31795
1   2   3   4   5   6   7   8
4. Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері

9. Кәсіпорын:

1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелерді және білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;

2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;

3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;

4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға;

5) білім беру ұйымынан жұмыс берушілердің болжалдарына сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап етуге құқылы.

10. Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1) өндірістік оқытуды жүргізу және кәсіптік практикаға басшылық ету үшін өндірістік және қызмет көрсету саласындағы технологияларды меңгерген өндірістің (ұйымның) білікті маманын тәлімгер ретінде бекіту;

2) оқу орнымен бірге білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша жұмыстың оқу жоспарын, жылдық күнтізбелік кесте, дуальды білім беру шеңберінде білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу және келісу;

3) білім алушына дуальды оқытудан өту барысында, құпия және заңмен қорғалатын ақпаратты қоспағанда, арнайы киіммен (формамен), оқыту құралдарымен, қолданыстағы нормативтерге сәйкес шығыс материалдарымен, практикалық материалдар мен процеске қол жеткізуді қамтамасыз ету;

4) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушыны еңбек қауіпсіздігінің әдістеріне оқытуды жүргізу;

5) оқу үдерісінің тізбесіне және (немесе) күнтізбелік кестеге, білім беру бағдарламаларына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практика өткізу үшін жұмыс орындарын ұсыну;

6) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;

7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;

8) білім алушының жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беру;



9) өндірістік оқыту және кәсіби практика аяқталған соң, білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және дуальды оқытуды өту сапасын бағалау;

10) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға өтемақы төлемін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастыру;

11) тиісті бос орын болған жағдайда, оқыған мамандығына (біліктілік) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру тапсырысы (мемлекеттік білім беру гранты) бойынша білім алған түлектің кандидатурасын қарау.



11.Тәлімгер мынадай мідеттемелер алады:

  1. білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқыту;

  2. кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асыру;

  3. білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізу;

  4. білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсету;

  5. білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ, жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру;

  6. білім алушыдан өндірістік қызметпен байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауын талап ету;

  7. білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап ету;

  8. білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізу;

  9. білім алушыға жазбаша пікір беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет