«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы білім алушылары үшін дуальды оқыту туралы шарт №


Дуальды оқыту туралы шарттың әрекет ету мерзімі



бет2/8
Дата21.04.2022
өлшемі32,65 Kb.
#31795
1   2   3   4   5   6   7   8
2.Дуальды оқыту туралы шарттың әрекет ету мерзімі

5. Дуальды оқыту туралы осы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негізде бұзылуы мүмкін.

6. Білім алушыны жұмыс орнына жіберу, қабылдау дуальды оқыту туралы осы шарттың негізінде шығарылатын басшысының бұйрығымен және кәсіпорынның (ұйымның) құрылымды бөлімшесінің өкімімен рәсімделеді.
3. Білім алушының құқықтары және міндеттері

7. Білім алушы:

1) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

2) кәсіпорында бекітілген жетекшісінің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалануға, кітапхана және оқу залдары базасындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер қорын, зертханалық базаны, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға;

3) өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы өту барысында денсаулығына зақым келген зиянның өтеуіне;

4) белгілі бір мамандық бойынша біліктіліктің тиісті деңгейін тағайындау және белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлікті (сертификатты) «Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде №10348 тіркелген) нысанға сәйкес алуға құқылы.

8. Білім алушы:

1) өндірістік оқыту және кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемені сақтауға;

2) кәсіпорынның (ұйымдардың) жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;

3) өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;

4) өндірістік оқыту және кәсіби практикадан өту үшін белгіленген мерзімде кәсіпорынның қарауына келуге;

5) өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;

6) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы өту туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге орындаған жұмыс туралы есеп беруге;

7) кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнындағы сабаққа хабарлама келмеген жағдайда бұл туралы кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнына себебін айтуға және ауырған немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, 3 күн ішінде тиісті медициналық анақтаманы жіберуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет