«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы білім алушылары үшін дуальды оқыту туралы шарт №


Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттемелері



бет4/8
Дата21.04.2022
өлшемі32,65 Kb.
#31795
1   2   3   4   5   6   7   8
5. Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттемелері:

12.Оқу орны:

1) осы Шартқа, білім беру ұйымының Жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.

13. Оқу орны өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1) оқу процесінің тізбесіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту үшін білім алушыны кәсіпорынға (ұйымға) жіберу;

2) білім алушыны дуальды оқыту туралы осы шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;

3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс жоспарын өтудің білім беру бағдарламасын және күнтібелік кестесін кәсіпорынның өкілімен бірге әзірлеу және келісу;

4) оқу орнының тиісті мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері немесе оқытушылар арасынан оқу орны басшысының бұйрығымен өндірістік оқыту және кәсіптік практика жетекшілерін тағайындау;

5) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушының сақталуын қамтамасыз ету;

6) білім беру бағдарламасы мен оқу процессіның тізбесіне сәйкес білім алушының өндірістік оқыту, кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылау;

7) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың өндірістік оқыту мен кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;

8) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;

9) өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында білім алушының қатысуымен жазатайым, келеңсіз оқиғалар болған жағдайда тергеуге қатысу;

10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16138 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын (бұдан әрі – жан басына шаққандағы қаржыландыру) бекіту қағидасына сәйкес, оқу орны қаржыландырған жағдайда аталған қағидаға сәйкес, кәсіпорындағы (ұйымдағы) тәлімгерге еңбек ақы төлеу бойынша өтемақы төлеуді жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет