I. Курстың қорытындылары 1) Баланың дамуын функционалдық талдау 2) ЖДБ 3) ЖДБ-ны іске асыру нәтижелері II. Үй тапсырмасы
№
Дағдыларды дамыту
Ескерту, түсініктемелер
1
Көрнекі қабылдау
Мақсаттары / Міндеттері
Суреттерді тану Мақсаты: суреттерді тануға және атауға үйрету. Материал: жемістердің, жануарлардың және жиһаздың 10 бейнесі. Іске асыру тәсілі:
2
Моторға еліктеу
III. Жалпы ұсынымдар (Баланың ерекшеліктеріне қарай ұсыныстар береміз) Бағдарламалармен жұмыс істеу кезінде ата-аналарға арналған жадынама. 1. Әрқашан жаңа жәрдем іздеңіз. 2. Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін "Жарайсың!" деп баланы мадақтаңыз, күліңіз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 5-қосымша
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Педагогтер құжаттарды қағаз немесе электрондық (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған кезде) форматта толтырады. Электрондық форматта толтыру кезінде қағаз нұсқасы талап етілмейді. 1. Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері: күн сайын сабақ кестесіне сәйкес: 1) білім алушылардың сабаққа қатысуын немесе қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруін есепке алу журналын (word (ворд) немесе pdf (пдф) электрондық форматында); 2) қысқа мерзімді (күнделікті) жоспарын (word (ворд) немесе pdf (пдф) қағаз немесе электрондық форматта) толтырады және жүргізеді; оқу жылы бойы қажеттілігіне қарай: 1) педагогтің жұмысты есепке алу журналын (word (ворд) немесе pdf (пдф) қағаз немесе электрондық форматта); 2) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналын (word (ворд) немесе pdf (пдф) қағаз немесе электрондық форматта) толтырады және жүргізеді; оқу жылы басталғанға дейін: 1) бірлестіктегі (секция, үйірме, клубтағы) қосымша білім беру педагогінің жұмыс жоспарын (word (ворд) немесе pdf (пдф) қағаз немесе электрондық форматта); 2) қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарын (word (ворд) немесе pdf (пдф) қағаз немесе электрондық форматта) бір рет құрастырады. 2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы басшысының (директорының) орынбасары: оқу жылы бойы қажеттілігіне қарай: 1) бірлестіктегі (секциядағы, үйірмедегі, клубтағы) сабақ кестесін (word (ворд) немесе pdf (пдф) электрондық форматында); 2) білім алушылар контингентін сақтау мақсатында қосымша білім беру ұйымына баратын балалар туралы мәліметтерді (word (ворд) немесе pdf (пдф) қағаз немесе электрондық форматта); 3) педагогтердің оқу жүктемесі туралы мәліметтерді (тарифтеу) (word (ворд) немесе pdf (пдф) қағаз немесе электрондық форматта) құрастырады / толтырады.