Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
6) білім беру қызметі – білім алушылардың ерекше білім беру
қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру
субъектілерінің мақсатқа бағытталған, педагогикалық негізделген,
дәйекті өзара
іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері
шешілетін процесс;
7) білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын
бастауыш білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
8) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу
бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып аяқтағаннан кейін
өткізілетін бағалау түрі;
9) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке
мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол
жеткізуі үшін жағдай жасау;
10) оқу жүктемесінің инварианттық компоненті –
білім беру ұйымдарының
типіне, түріне
және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық
білім алушылар оқып білуге міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу
жоспарының құрамдас компоненті;
11) оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге
деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу
жоспарының құрамдас компоненті;
12) оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім
алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер
жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен
жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
13) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы біртұтас оқу-тәрбие
процесінің құраушы бөлігі, үлгілік оқу
жоспарында айқындалған оқу
жүктемесінен тыс іске асырылатын білім алушылардың бос уақытын
ұйымдастыру нысандарының бірі;
14) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін регламенттейтін
және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және
вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
15) формативті бағалау – сыныпта күнделікті
жұмыс барысында
жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып
табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел
өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз
етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
16) элективті курс – білім алушылардың таңдауы бойынша курс, білім
алушылардың білім дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарының
вариативті компонентінің құрамдас бөлігі.
3. Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген бастауыш білім
берудің мақсаттары жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің
сапасын арттыруға;
2) қазақ, орыс және шетел тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру
үшін
қажетті жағдай жасауға;
3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың
теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін
дамытуды көздейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық
бағыттылығының үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндері
мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен
дағдыларды кезең-кезеңмен толықтырып отыруға;
5) күнделікті білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім
берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара
байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің
бірлігі принципін іске асыруға;
6) балалардың денсаулығын
сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім
алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру
қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі
жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен
дамытуға;
Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының
қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
4. Жеңіл ақыл-ой кемістігі және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім
алушыларға арналған білім беру ұйымдарындағы инварианттық компоненттің оқу
пәндерінің көлемі мен мазмұны «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарларына
және «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің,
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 8424 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу бағдарламалармен
айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: