Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы



бет36/130
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52502
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
41. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
42. Мақсаты бейнелеу әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру, кез-келген қолжетімді құралдармен сурет салу, мүсіндеу қалауын қалыптастыру болып табылады.
43. Міндеттері:
1)бейнелеу әрекетіне жағымды эмоционалды әсерді туындату;
2) ересек адамның әрекетін бақылауға, еліктеу бойынша орындауға үйрету;
3) қолдың көру-қимыл координациясын дамыту;
4) түсті, мөлшерін, пішінін көру арқылы қабылдауын қалыптастыру;
5) әртүрлі сурет салу, мүсіндеу, жапсыру құралдарыментаныстыру;
6) еліктеу бойынша сурет салудың, мүсіндеудің қарапайым дағдыларынаүйрету;
7) жапсырмалаусыз жапсырма жасауды үйрету;
8) түрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым ережелерін таныстыру;
9) музыкалық аспаптарға қызығушылықты дамыту және музыкалық туындыларға эмоционалды ықыластықты тәрбиелеу.
11-параграф. 1-жартыжылдық
44. Сурет салу:
1) балаларды ересектің сурет салу процесін бақылауға балаларды үйрету; ересектің сурет салуға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру; ересекпен бірге пішіні әртүрлі заттарды зерделеу (нобайы бойымен жүргізу); қағаздың қасиеттерімен, әртүрлі сурет салу құралдарымен: бояу, қарындаш, фломастер, бор, гуашь танысу танысу;
2) дағдыларды қалыптастыру: сурет салу кезінде үстелде дұрыс отыру; ересек адамның көмегімен қарындашты ұстау және көрінетін із салу мақсатында қарындашпен қағаз бетінде жүргізу; ересек адаммен бірге қағаз бетіне әртүрлі құралдармен (саусақпен, қолмен, мақта таяқшамен, қарындашпен, қылқаламмен) дақ, жағу, сызықтың суретін салу; қағаз сүлгіні пайдалану.
45. Күтілетін нәтижелер:
1) әртүрлі жағындыларды, шимайларды сала алады;
2) сурет салудың әртүрлі құралдары туралы түсінігі болады;
3) сурет салғанда үстелде отырады.
46. Мүсіндеу:
1) балаларды ермексаздан, саздан, түсті қамырдан әртүрлі пішіндерді, ыдыс заттарын, ойыншықтарды мүсіндеу процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға үйрету;балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату;созылымды материалдың қасиеттерімен таныстыру: илеу, кесектерді үзіп алу, біріктіру, бөліктерін жұлу, тура және айналдыра қимылдау арқылы жаю, жалпайту;мүсіндеу алдында зерделеу (заттарды сипап сезу) арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау;
2) дағдыларды қалыптастыру:сазды, қамырды, ермексазды жұмсарту; саздың, қамырдың, ермексаздың үлкен бөлігінен кіші бөлігін үзіп алу, оларды үлкен кесекке біріктіру;сазды, қамырды, ермексазды алақандар арасында домалақтау;
3) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен таныстыру.
47. Күтілетін нәтижелер:
1) педагогпен бірге және еліктеу бойынша созылымды материалдармен әрекеттерді (умаждайды, үлкен кесектен үзіп алады, оларды үлкен кесекке біріктіреді) орындайды;
2) еліктеу бойынша сазды, қамырды, ермексазды алақандар арасында тура қимылдармен жаяды;
3) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады;
4) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
48. Аппликация:
1) балаларды оқыту:аппликация орындап отырған ересектің әрекеттерін бақылау;таныс ойыншықтарды, заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру;еліктеу бойынша практикалық іс-әрекет арқылы көлемді пішіндерді (шар, текше) ажырату;еліктеу бойынша практикалық әрекет арқылы заттарды мөлшері (кіші, үлкен) бойынша салыстыру;
2) фланелеграфтағы жұмысдағдыларын қалыптастыру: педагогтың көмегімен қарапайым пішіндерді салу;фланелеграфтағы жұмыс: педагогтың көмегімен қарапайым композияция құрастыру; педагогтың көмегімен қарапайым пішіндерді қағаз бетіне орналастыру.
49. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) дайын пішіндерді фланелеграфта, қағаз бетінде орналастырады;
3) орындалған жұмысқа қуанады.
50. Музыка:
1) музыканы тыңдау:әртүрлі сипаттағы (байыпты, көңілді, шапшаң қимылды, сергек) музыкаға деген эмоционалды үн қатуға тәрбиелеу;өлеңнен үзіндіні тыңдай білуді дамыту;
2) ән айту:өлең сөздерін тыңдай білуді қалыптастыру;қосылып айтуды және музыканың сүйемелдеуімен дыбысқа еліктей білуді қалыптастыру;
3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:музыкаға деген әсерін құлақ түруімен және ырғақты қимылмен білдіру; зал кеңістігінде бағдарлау, музыканың сүйемелдеуімен жүру;ересектердің көрсеткен қарапайым қимыл дағдыларын (қол шапалақтау, аяғын тыпырлату) қалыптастыру;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар:музыкалық құралдармен: бубенмен, сылдырмақпен танысу.
51. Күтілетін нәтижелер:
1) музыкалық шығарма сипатын (байыпты және көңілді) ажыратады;
2) өлеңді дыбысқа еліктеу арқылы айтады (ересектермен бірге);
3) ересектер көрсеткен қарапайым қимылдарды орындайды;
4) кейбір музыкалық құралдарды (бубен, сылдырмақ) таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет