Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы



бет44/130
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52502
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   130
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
101. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
102. Мақсаты бейнелеу әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, шынайы нысандардың бейнесітуралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.
103. Міндеттері:
1) бейнелеуге деген қызығушылықты шақыру;
2) қолдың көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;
3) түсті, көлемді, пішінді көру арқылы қабылдауды қалыптастыру;
4) бейнелеудің әртүрлі құралдарымен таныстыруды жалғастыру;
5) ересектің әрекетін бақылауға және әрекетті еліктеу бойынша орындауға үйрету;
6) созылымды материалдарды пайдаланудың бастапқы икемділіктерін қалыптастыру және олардан пішіндер құру;
7) еліктеу бойынша қарапайым заттар мен құбылыстардың суретін салуға үйрету;
8) аппликацияны педагогтың көмегімен және үлгі бойынша орындауға үйрету;
9) музыканы мұқият тыңдау икемі арқылы естіп қабылдауын дамыту;
10) балалардың музыкалық-сенсорлық қабілетін дамыту.
11-параграф. 1- жартыжылдық
104. Сурет салу:
1) балаларды ересектің сурет салуға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге үйрету;ересекпен бірге пішіні әртүрлі заттарды зерделеу, нобайы бойымен жүргізуге үйрету;штрихтар мен сызықтарды қисындыру арқылы әртүрлі заттар мен құбылыстарды бейнелеуге болатындығын түсінуді қалыптастыру;дайын бейненің жетіспейтін жеке бөліктерінің суретін салу;жұмыс процесінде эмоцияны байқату, өзінің шығармашылық әрекетінің нәтижелерін бір-біріне көрсету;
2) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сары, көк сәйкестендіру; заттардың көлемі (үлкен, кіші) туралы; заттардың пішіні: дөңгелек туралы білімдерін қалыптастыру;
3) дағдыларды қалыптастыру: үстелде дұрыс отыру;оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау;педагогтың көмегімен қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау;педагогтың көмегімен қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау;бояумен жіңішке және жуан жолақтарды (қылқаламның ұшымен және жалпағынан) жүргізу;сызықты әртүрлі бағытта жүргізу, бейнені бүкіл парақтың бетіне орналастыру; қағаз сүлгіні пайдалану;
4) ересектің көрсетуі бойынша суретте қарапайым заттар мен құбылыстарды (жаңбыр жауады, жылға ағады) салу.
105. Күтілетін нәтижелер:
1) жағынды сала біледі, әртүрлі сызықтарды жүргізеді;
2) дайын бейненің жетіспейтін жеке бөліктерінің суретін салады;
3) геометриялық пішіндер: дөңгелек туралы түсінігі бар;
4) негізгі түстер: қызыл, сары, көк туралы түсініктері бар;
5) заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы түсініктері бар;
6) педагогтың көмегімен қарындашты, қылқаламды үш саусақпен ұстайды;
7) сурет салғанда үстелде дұрыс отырады.
106. Мүсіндеу:
1) балаларды оқыту: ермексаздан, саздан, түсті қамырдан әртүрлі пішіндерді, ыдыс заттарын, ойыншықтарды мүсіндеу процесіндегі ересектің әрекетін бақылау; балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату; созылымды материалдың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: илеу, кесектерді үзіп алу, біріктіру, бөліктерін жұлу, тура және айналдыра қимылдау арқылы жаю, жалпайту; мүсіндеу алдында зерделе: заттарды сипап сезу, негізгі бөліктерін ерекшелеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау; заттың көлемді пішінін ерекшелеу және тану;
2) дағдыларды дамыту:сазды, қамырды, ермексазды жұмсарту; саздың, қамырдың, ермексаздың үлкен кесегінен кіші кесекті үзіп алу;пішін жасау қимылы - жаю;
3) цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндеу; цилиндр пішінді бөліктерді бір-біріне жабыстыра отырып, біріктіру;
4) сазды (қамырды, ермексазды) алақан арасында домалақтап, жалпайту арқылы дөңгелек пішінді заттарды илеп: шелпек, құймақ жасау;
5) созылымды материалдармен жұмыстың қарапайым ережелерімен (жұмысты арнайы тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу) таныстыруды жалғастыру.
107. Күтілетін нәтижелер:
1) созылымды материалдармен әрекеттерді (умаждайды, үлкен кесектен үзіп алады, оларды үлкен кесекке біріктіреді) орындайды;
2) педагогпен бірге және еліктеу бойынша пішін жасау қимылын орындайды, жаяды;
3) педагогпен бірге және еліктеу бойынша цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндейді;
4) цилиндр пішінді бөліктерді: сақина, қалаш етіп біріктіреді;
5) сазды (қамырды, ермексазды) алақан арасында домалатып, жалпайту арқылы дөңгелек пішінді заттарды: шелпекті, құймақты илеп жасайды;
6) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады;
7) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
108. Аппликация:
1) балаларды ересектің аппликацияны орындау процесін бақылауға үйрету;ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру;ересекпен бірлескен әрекетпен пішіні (нобай бойымен жүргізу) әртүрлі заттарды зерделеу;
2) қағаздың: жырту, умаждау, бүктеумүмкіндіктерінпайдалану; қағазды текстурасы бойынша(барқыт, жылтыр, тегіс) ажыратуға;аппликацияны шынайы нысандармен сәйкестендіруге үйрету;
3) негізгі түстер: қызыл, сары туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші) туралы; заттардың пішіні: дөңгелек туралыбілімдерін қалыптастыру;
4) дағдыларды қалыптастыру:сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру;ересектің көмегімен қылқаламды дұрыс пайдалану; ересектің көмегімен дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару;ересекпен бірге қағаз бетіне бір бөліктен тұратын дайын дайындамаларды (алма, алмұрт, лимон) жапсыру;артық клейстерді алып тастау үшінқағаз сүлгіні пайдалану.
109. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) ерсекпен бірге қағаз бетіне аппликацияны жапсырады;
3) заттардың мөлшері (үлкен, кіші) туралы түсінігі бар;
4) негізгі түстер: қызыл, сары туралы түсінігі бар;
5) заттардың пішіні (дөңгелек) туралы түсінігі бар;
6) орындалған жұмысқа қуанады;
7) аппликация жұмысы кезінде үстелде отырады.
110. Музыка:
1) музыканы тыңдау:әртүрлі сипаттағы (байыпты, көңілді, шапшаң қимылды) музыканы тануды қалыптастыру;өлеңді тыңдауын қалыптастыру;
2) ән айту:әнге және дыбысқа, қайталанылатын музыкалық тіркестің интонациясына еліктеуді қалыптастыру;қосылып ән айту дағдысын дамыту;
3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:музыканың сүйемелдеуімен қарапайым ырғақты қимылдау; зал ішінде жүру және жүгіру, музыкалық сигнал бойынша шашырау және бірге жиналу дағдысын қалыптастыру;музыканың сүйемелдеуімен қарапайым: заттармен ырғақты қимылдарды орындау, алақанын соққылау (тәрбиешінің көмегімен және көрсетуімен), мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда ересектермен бірге таныс қимылдарды және әрекеттерді орындауқимылдарын қалыптастыру;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар:дыбыс динамикасы (қатты-ақырын) арқылы естіп қабылдауын дамыту;әртүрлі қарқындағы (жылдам, баяу) ойындар арқылы сенсорлық қабылдауын дамыту.
111. Күтілетін нәтижелер:
1) таныс әндерді таниды;
2) ересекпен бірлесіп қарапайым әндерді айтуға ынтасын білдіреді;
3) ересекпен бірлескен әрекеттер арқылы музыканың сүйемелдеуімен қарапайым би қимылдарын орындайды;
4) музыкалық аспаптарда (сылдырмақ, бубен, қоңырау, сыбызғы) ойнаудың қарапайым тәсілдері туралы түсінігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет