Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Таным" білім беру саласы



бет42/130
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52502
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   130
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
82. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметіндеіске асырылады.
83. Мақсаты заттардың қасиеттері мен сапасын ойын және өнімді әрекетте қабылдауға жағдай жасау, сәйкестендіруге, салыстыруға, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтері арасындағы сәйкестікті жасауға үйрету, құрастыру процесіне жағымды қатынасты және қызығушылығын қалыптастыру, қоршаған әлем туралы қарапайым білімдерінқалыптастыру болып табылады.
84. Міндеттері:
1) балалардың әртүрлі көптіктермен практикалық әрекеттер тәжерибесін жинауына жағдай жасау;
2) заттармен және үздіксіз көптіктермен белсенді әрекеттену негізінде қабылдауды (көру, есту, тактильдік-қимылдық) дамыту;
3) қоғамдық тәжірибені (еліктеу бойынша, үлгі бойынша әрекеттер) меңгеру тәсілдерін қалыптастыру;
4) бағдарлаудың практикалық тәсілдерін (байқап көру, өлшеп көру) қалыптастыру;
5) заттарды берілген белгі бойынша ерекшелеуге және топтастыруға үйрету;
6) әртүрлі талдауыштармен санамай-ақ қабылданатынкөптіктердің санын салыстыруға үйрету;
7) геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру;
8) заттардың шамасы туралы түсініктерді қалыптастыру;
9) ересектермен бірге және үлгі бойынша құрылыс материалынан қарапайым құрылыстарды орындауға үйрету;
10) тірі және өлі табиғат, табиғаттағы тәртіп ережелері және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін қалыптастыру;
11) практикалық әрекет процесінде көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін қалыптастыру.
8-параграф. 1-жартыжылдық
85. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) сандық түсініктерді қалыптастыру:дискретті көптіктермен (заттармен, ойыншықтармен) практикалық әрекеттер;үздіксіз көптіктермен (су, құм, жарма, сусымалы заттар) практикалық әрекеттер;біртекті заттардан көптік құрастыру және көптіктерді жеке заттарға бөлу (педагог "тағы", "көп", "барлығы", сөздерін пайдалана отырып, балалардың әрекеттерін айтып тұрады), еліктеу бойынша топтан "бір және көп"; заттарды бөлу;
2) дискретті және үздіксіз көптіктерді саны бойынша ажырату: "көп - аз";үздіксіз көптіктердің санын "бос-толық" анықтау;
3) сөзбен ("көп", "аз", "біреу") немесе сөзсіз (сәйкес ым-ишараттың көмегімен) жауап бере отырып, "қанша?" сұрағын түсінуге үйрету;
4) екі тең (тең емес) топ заттарын салыстыру;еліктеу бойынша бір текті көптіктен 1, 2 затты ерекшелеу;
5) көлем:заттың көлемін анықтау және бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып көлемі бойынша заттарды салыстыру (үлкен, кіші);
6) геометриялық фигуралар:дөңгелек пішінді заттарды анықтау; заттарды пішініне (шар) қарай топтастыру;
7) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша:алға, артқа, солға, оңға (ересек адамның көмегімен)қозғалу; нұсқау бойынша заттың орналасу орнын анықтау.
86. Күтілетін нәтижелер:
1) еліктеу немесе үлгі бойынша бір текті немесе әртүрлі элементтерден көптік құрайды;
2) топтан "бір", "көп" заттарды ерекшелейді;
3) үздіксіз көптіктің санын: "бос-толық" анықтайды;
4) дискретті және үздіксіз көптіктерді саны бойынша: "көп - аз" ажыратады;
5) еліктеу бойынша бір текті заттар көптігінен 1, 2 затты ерекшелейді;
6) геометриялық фигураны: дөңгелекті ажыратады;
7) берілген бағыт бойынша: алға, артқа, солға, оңға қозғалады(ересек адамның көмегімен);
8) ересек адамның ұйымдастырушы және бағыттаушы көмегімен жұптық сәйкестікті анықтау тәсілімен элементтерінің саны бойынша тең көптіктерді құрайды.
87. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ұсынылған 2-3 үлгінің шегінде заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру;ойын бөлмесінің әртүрлі жерлерінде орналасқан жұп заттарды табу;педагогтың үстеліндегі екі ойыншықтың ішінен таңдау арқылы ойыншықтарды қабылдау; көлемдері бірдей, бірақ пішіндері әртүрлі (дөңгелек, шаршы) қораптарға қақпақтаңдау, байқау арқылы қақпақтың пішінінің қорап пішініне қатысын сәйкестендіру;түстерді (қызыл, сары) ажырату;
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: еліктеу бойынша әртүрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуына (дағараның дыбысы бойынша жүру, бубеннің дыбысына қол шапалақтау) жауап ретінде әртүрлі қимыл реакцияларын шығару; дыбысқа еліктеуді оларға сәйкес 2-3 суреттердің ішінен таңдай отырып, сәйкестендіру арқылы жіктеу; ойыншықты оған сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіру; фонетикалық талдаусыз буын құрамы әртүрлі сөздерді ажырату;
3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:таныс ойыншықтарды үлгісін көрсетпей-ақ сөз бойынша сипап сезіптаңдау, 2 заттан таңдау;көлемді пішіндерді (шар, текше) ажырату, үлгісін көрсете отырып, көру арқылы 2 шардан (үлкен, кіші) таңдау жасау;заттарды сипап сезіп, ажырату (үлкен, кіші), заттар мен нысандарды "дымқыл" - "құрғақ" (сүлгі, ыдыс, шөп, жер) белгілері бойынша жіктеу; заттар мен нысандардың температурасын "ыстық" - "суық" (ыдыс, су, құм) белгілері бойынша ажырату;
4) дәм сезуді дамыту:ыстық және суық тамақ туралы түсінікті қалыптастыру;ыстық және суық сусындарды (шай, шырын) жіктеу.
88. Күтілетін нәтижелер:
1) түстерді (қызыл, сары) сәйкестендіреді;
2) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады;
3) геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипап сезу арқылы ажыратады;
4) заттарды сезімталдықтың әртүрлі түрлерін тексеруге қатыстыра отырып қарастырады;
5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды;
6) таныс ойыншығының бейнесін затпен сәйкестендіреді;
7) екі-үш музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратады;
8) ойыншықтарды сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіреді;
9) "ыстық - суық" белгілері бойынша тамақты, сусынды ажыратады;
10) заттарды және нысандарды "дымқыл - құрғақ", "ыстық - суық" белгілері бойынша ажыратады.
89. Құрастыру:
1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға;ересектің көмегімен құрылыс материалынан қарапайым құрылыстарды орындауғаүйрету;ересек адам жасаған әртүрлі құрылыстармен ойнауға;көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін екі қолымен сипап сезіп зерделеу арқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға үйрету;
2) құрылыс материалдарынан құрастыру:құрылыс материалдарының бөліктерімен, оларды құрастыру мүмкіндіктерімен (текше) таныстыру;еліктеу бойынша "Мен сияқты істе" тәсілін пайдалана отырып, 2-3 текшеден мұнара құрастыру;ойында құрылыс жиынтығының элементтерін зат алмастырушысы ретінде пайдалану;
3) заттық емес құрастыру:бөліктерден бүтін құрай отырып,ойыншықты жинастыру;кеңістікте өзінің орналасу жағдайы туралы түсінікті (жоғарыда-төменде) қалыптастыру;еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру білігін бекіту ("Мен сияқты қой");
4) таяқшалардан құрастыру:таяқшаларды пішіннің (үй, жалауша) суретінің үстіне қою;
5) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру:үлгі бойынша ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;қуыршақтың бет-әлпетін және дене мүшелерін көрсету;
6) дағдыларды қалыптастыру:конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру;бөліктерді бірін біріне орналастыру;затты екі қолымен зерделеу (затты сипау);құрылыс жиынтығының эелементтерін көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыру.
90. Күтілетін нәтижелер:
1) құрастыру процесіне және нәтижесіне деген әсері жағымды;
2) құрылыс материалынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар құрастырады;
3) ойыншықты жинастырады, бөліктерден бүтін құрастырады;
4) таныс құрылыстарды таниды;
5) бұйымдар мен құрылымдарды әр түрлі бағытта орналастырады;
6) таныс құрылыстарды пайдалана отырып ойнайды.
91. Жаратылыстану:
1) табиғат құбылыстары: қоршаған әлем нысандары мен субъектілеріне деген қызығушылықты қалыптастыру;
2) өсімдіктер әлемі: практикалық әрекет үдерісінде көкөністер (қызанақ) мен жемістер (алма, алмұрт) туралы түсініктерді қалыптастыру;
3) жануарлар әлемі: үй жануарлары (мысық) туралы түсініктерді қалыптастыру; жабайы жануарлар (аю) туралы түсініктерді қалыптастыру.
92. Күтілетін нәтижелер:
1) қоршаған әлем нысандары мен субъектілеріне деген қызығушылығын байқатады;
2) таныс көкөністер мен жемістерді көрсетеді;
3) таныс үй және жабайы жануарларды көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет