Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Таным" білім беру саласы



бет50/130
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52502
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
142. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
143. Мақсаты ойын және өнімді әрекет барысында заттардың қасиеттері мен сапасын қабылдау үшін балаларды әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтерінің арасындағы сәйкестіктерді табуға, салыстыру, сәйкестендіру икемділіктеріне, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтері арасындағы сәйкестікті табуға үйрету; құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойнауға жағымды қатынас пен қызығушылықты қалыптастыру; қоршаған болмысқа эмоционалдық-танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады.
144. Міндеттері:
1) әртүрлі заттармен және үздіксіз көптіктермен балардың тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастыруды жалғастыру;
2) зерттеушілік бағдарлау тәсілдерін қалыптастыру;
3) теңдік немесе теңсіздікті орната отырып, көптіктерді саны бойынша салыстыруға үйрету;
4) көптіктерді салыстыру және түрлендіру үшін салыстырудың практикалық тәсілдерін (үстіне салу, қабаттастырып қою) пайдалануға үйрету;
5) заттарды санауға және үш көлеміндегі көптіктермен әртүрлі операцияларды (салыстыру, біріктіру және ажырату) орындауға үйрету;
6) геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру;
7) заттардың көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру;
8) кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді қалыптастыру;
9) көру, есту, тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту;
10) жеке заттарды жалпы ортадан ерекшелей отырып қабылдауға үйрету;
11) үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды орындауды, ересектің әрекетіне еліктеу бойынша құрылыстармен ойнауға үйрету;
12) құрылыстарды тануға және шынайы нысандармен салыстыруға үйрету;
13) табиғатта құбылыстары,жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру;
14) көкөністер, жемістер, ағаштар, жануарлар, құстар туралы білімдерін қалыптастыру.
8-параграф. 1 - жартыжылдық
145. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) сандық түсініктер және санау:дискретті және үздіксіз көптіктермен заттық-практикалық әрекеттерде "көп", "аз", "бос", "толық", 1, 2 саны туралы түсінікті бекіту;элементтерінің сандары 2 көлеміндегі көптікті әрекеттің санымен салыстыру: үстел үстінде неше матрешка болса, алақанды сонша рет шапалақта;
2) үздіксіз көптіктерді саны бойынша салыстыру: "көп"-"аз", "артық"-"кем";үстіне салу және қабаттастырып қою тәсілдерін пайдалана отырып, қандай заттардың артық, кем екенін анықтап, сандары бойынша тең емес екі топты салыстыру;
3) екі көлеміндегі көптіктерді біріктіру және ажырату операцияларын орындау;заттар мен дыбыстарды, заттар мен қимылдарды, дыбыстар мен қимылдарды саны бойынша салыстыру: көп, 1, 2;
4) екі көлеміндегі заттарды санау, заттардың санын саусақтар санымен сәйкестендіру;
5) үздіксіз көптікті саны бойынша салыстыру (үлкен шелекте құм көп, кіші шелекте құм аз); еліктеу бойынша дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіру (арттыру, кеміту);
6) көлем:заттарды бір-біріне қабаттастыра қою тәсілін пайдалана отырып, биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстыру;салыстырылатын екі заттың қайсысының биік (аласа) екенін тану және көрсету;үш заттың арасындағы көлемдік арақатынасты (үлкен-кіші-ең кіші) табу;
7) геометриялық финуралар:геометриялық фигураларды: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажырату;геометриялық фигураларды пішіні, түсі бойынша біріктіру;көлемді геометриялық фигураларды ажырату;
8) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша: алға, артқа, солға, оңға қозғалу;өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол;
9) мезгілдік бағдарлау:жыл мезгілдері: күз, қыс;тәулік бөліктері: түн, күн.
146. Күтілетін нәтижелер:
1) дискретті және үздіксіз көптіктермен заттық-практикалық әрекеттерде "көп", "аз", "бос", "толық", 1, 2 саны туралы түсінігі бар;
2) үздіксіз көптіктерді саны бойынша "көп"-"аз", "артық"-"кем" салыстырады;
3) сандары бойынша тең емес екі заттық топты салыстырады;
4) үлгінің негізінде заттарды сандық белгілері бойынша топтастыруды жүзеге асырады;
5) дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіреді (арттыру, кеміту);
6) 2-3 затты көлемі, биіктігі бойынша салыстырады;
7) геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратады;
8) көлемді геометриялық пішіндерді ажыратады;
9) берілген бағытта: алға, артқа, солға, оңға қозғалады;
10) өз дене мүшелерінде бағдарлайды;
11) жыл мезгілдері: күз, қыс туралы түсінігі бар;
12) тәулік бөліктері (түн, күн) туралы түсінігі бар.
147. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:суретте бейнеленген әрекеттерді өз әрекеттерімен сәйкестендіру, суреттегі әрекеттерді бейнелеу;ересектің әрекетіне еліктеу бойынша 3 элементтен құрастыру процесінде пішіндерді (шар, текше, үшбұрышты призма) ажырату;ойын барысында практикалық байқап көру тәсілдерін пайдалана отырып, көлемді пішіндерді (текше, шар, кірпіш, үшбұрышты призма) жіктеу;көлемдерді қабылдау: кіші, үлкен, өте үлкен;қызыл, сары, көк, жасыл түстерді салыстыру, түстерді үлгі бойынша ерекшелеу;
2) үшқұрамды пирамиданы көлемін ескере отырып, тәжірибелікөлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру;3 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру;
3) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: дыбысталудың белгілі бір әрекетпен өзгеруіне әсерін білдіре отырып, музыкалық үш аспаптың (дағыра, металлофон, сыбызғы) дыбысталуын жіктеу; 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу дәйектілігін анықтау; қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажырату;
4) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: ересектің сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықтарды сипай отырып таңдау (үш ойыншықтың ішінен); геометриялық фигураларды (шар, текше, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (үлкен, кіші, өте үлкен) сипай отырып қабылдау; заттарды белгілері бойынша ерекшелей отырып, сипап көру; қатты және жұмсақ нысандарды және 2 көлеміндегі заттарды қабылдау және жіктеу;
5) дәм сезуді дамыту: тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу; әртүрлі дәмдік сезімдер "тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл" туралы түсінікті қалыптастыру; қышқыл дәмі бар тағам өнімдерімен (лимон, қараөрік) таныстыру;тамақты дәмі "тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл" бойынша анықтау.
148. Күтілетін нәтижелер:
1) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) сәйкестендіреді;
2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажыратады;
3) берілген сенсорлық белгілері бар нысандарды көптіктің ішінен ерекшелейді;
4) үшқұрамды пирамидканы құрастырады;
5) 3 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;
6) геометриялық пішіндерді (шар, текше, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (үлкен, кіші, өте үлкен) сипай отырып жіктейді;
7) сипай отырып заттың жұмсақ, қатты екенін ажыратады;
8) 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу дәйектілігін анықтайды;
9) қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажыратады.
149. Құрастыру:
1) көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін зерделеу: екі қолымен сипай ұстау, нобайы бойымен қолымен жүргізуарқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға;құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен сәйкестендіруге, салған құрылыстарын ойында пайдалануға үйрету;
2) білімді қалыптастыру: негізгі түстертуралы, түстерді: қызыл, сары, көк сәйкестендіру; заттардың көлемі: үлкен, кіші, орташа туралы;заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;
3) құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарының бөліктерін (текше, кірпіш, пластина) түсі, көлемі, пішіні бойынша ажырату; қандай да бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды салу;пішінді үстел жазықтығының жағдайына (тұр, жатыр) тәуелсіз тану; 2-5 текшеден мұнара құрастыру;үлгі бойынша мәшинеге арналған кең жол салу; қарапайым құрылымдарды салу;
4) заттық емес құрастыру: ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; "жоғарыда", "төменде" кеңістіктік қатынастарды (сатыдағы, топ бөлмесіндегі жаттығулар) үлгілеу; практикалық әрекеттер барысында өз денесінде бағдарлау: "Ойыншықты сол (оң) қолыңда ұста", "Сол аяғыңды, оң аяғыңды бас";
5) таяқшалардан құрастыру: үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды салу; үлгі бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды (жол, дуал, жалауша) салу;
6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: заттарды оның бейнесінің сұлбасымен сәйкестендіру; трафареттің сұлбасын саусақпен жүргізу арқылы жазық пішінді ерекшелеу;
7) дағдыларды қалыптастыру:конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру; затты екі қолымен зерделеу (затты сипау); құрылыс жиынтығының элементтерінің көлемін, пішінін бір-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою тәсілдерінің көмегімен салыстыру; кірпішті қысқа қырымен, ұзын қырымен қою.
150. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады;
2) құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;
3) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;
4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады;
5) үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салады;
6) затты оның сұлбасымен және бейнесімен салыстырады;
7) кеңістіктік қатынастарды: жоғарыда, төменде ажыратады;
8) ойында құрылыстарды пайдаланады.
151. Жаратылыстану:
1) табиғат құбылыстары: қоршаған әлемде болып жатқан өзгерістер; табиғат құбылыстары (жаңбыр, бұлт және жел); күз бен қыс туралы түсініктерді қалыптастыру; экологиялық мәдениет негіздерін: табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
2) өсімдіктер әлемі: көкөністер (пияз, қырыққабат) туралы білімді кеңейту; жемістер (алма, алмұрт, қараөрік) туралы білімдерін кеңейту; ағаштармен (қайың) таныстыру;
3) жануарлар әлемі: жануарлармен (мысық, ит, түлкі) танысу; оларды дауыстары (дыбысқа еліктеу) бойынша тану; жабайы құстармен (торғай) танысу.
152. Күтілетін нәтижелер:
1) педагогтің көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді анықтайды;
2) иллюстрациядан күз бен қыстың қарапайым белгілерін көрсетеді;
3) кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады;
4) иллюстрациядағы қайыңды атайды немесе көрсетеді;
5) кейбір үй және жабайы жануарларды біледі;
6) иллюстрациядағы торғайды атайды немесе көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет