Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет47/130
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52502
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   130
3-параграф. 2 - жартыжылдық
127. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру:бір бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап жүру; топтасып залдың қарама-қарсы қабырғасына қарай жүру; көрсету немесе еліктеу бойынша қолды бастан жоғары ұстап, жол бойымен жүру; қол белде аяқтың ұшымен жүру; шеңбер бойымен (арқан бойымен) жүру; қолды жоғары ұстап өкшемен жүру; бөлменің қабырғасының бойымен, алаң шетімен жұптасып жүру; педагогтың сөздік нұсқауы бойынша бағытты өзгерте отырып, бір-бірлеп жүру;
2) жүгіру:қол ұстасып, жұптасып жүгіру, берілген сигнал бойынша тоқтап, бір-бірінің артынан жүру; арқанды ұстап, бірінің артынан бірі жүгіру; сигнал бойынша жүгіру (жеке), бірінің артынан бірі шеңбер (еденде жатқан арқан) бойымен жүгіру;
3) секіру:бір орнында тұрып аяқ ұшымен секіру, алға қарай қозғала отырып, аяқ ұшымен секіру; тәрбиешінің қолынан ұстап арқан, бау арқылы секіру; тақтай бойымен жүріп, көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см) секіру; орындықтан тізесін бүге секіру;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:допты қақпаға (ені 50-60 см), шеңберге қарай домалату; допты екі қолымен торлы себетке (50 см) лақтыру; допты бір-біріне екі қолымен төменнен лақтыру; допты және шариктерді еңіс тақтай бойымен домалату; допты лақтыру және қуып жету, оны басынан асыра көтеру, шеңберде тұрып, допты тәрбиешіге лақтыру шеңберді еркін домалату;
5) еңбектеу, өрмелеу: қатарлас тұрған (қашықтығы 1,5 м) гимнастикалық екі орындықтан өрмелеп өту; гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеу; тақтай бойымен (ені 30 см) еңбектеу; шеңберден тура және бүйрілеп өрмелеп өту; арқанның астынан (биіктігі 40 см) өрмелеп өту;
6) тепе-теңдік сақтау:тепе-теңдігін сақтай отырып, көлбеу тақтай бойымен (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық бойымен жүру; қол жағдайын (жоғары көтерілген, белде) өзгерте отырып, бірінің артынан бірі аяғының ұшымен жүру; басты оңға-солға бұру, алға қарай ию, артқа қарай шалқайту; бір орында тұрып аяғын дұрыс басып айналу, дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналу;
7) сапқа тұру: еркін тұру; арқан бойымен тұру, бірінің артынан бірі сапқа және шеңбер құрап тұру; тәрбиешінің артынан сапқа тұру;
8) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға ию, артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, алға, иыққа, белге қою, кеуде тұсында айқастыру, жанына қарай созу, кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; қол белде, аяқ иық ендігінде бастапқы қалыпта денені оңға және солға бұру; қолды еркін жіберіп жүрелеп отыру; қолды жоғары қарай түзулеп жүрелеп отыру; қолдаумен жүрелеп отырып, қол белде, тұрған орнында аяқ ұшымен секіру; қол белде, аяқты дұрыс басып айналу; қол қимылдары: айналдыру, бұлғау, шапалақтау; қол қалпын өзгерте отырып қимылдау (жоғары, алға, жанына); саусақтарын жұдырыққа түю және саусақтарды жазу;
9) тәрбиешінің әрекетіне еліктеу бойынша шапшаң қимылды ойындар;
10) спорттық жаттығулар: биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау; ересектердің көмегімен мұзды жолда сырғанау.
128. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларына қимылдық белсенділік пен қызығушылық байқатады;
2) қимыл үйлесімділігінің бастапқы дағдылары бар;
3) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды;
4) шеңбер бойымен, жол бойымен қол ұстасып жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді;
5) жол бойымен, шеңбер бойымен, көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді;
6) допты шеңберге лақтырады;
7) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады;
8) тақтайдан секіреді;
9) тіректен ұстап бір орнында тұрып секіреді;
10) тақтай бойымен еңбектейді;
11) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді;
12) гимнастикалық қабырғаға шығады және түседі;
13) педагогтың қолынан ұстап бау арқылы секіреді;
14) бір орнында тұрып айналады.
129. Мәдени-тазалық дағдылары:
1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру: тамаққа арналған арнайы алжапқыштарды өздігінен (қажеттілік кезінде) киюлерін қалыптастыру, қасыққа қажетті көлемдегі тамақты алуды, тамақтану кезінде және тамақ ішіп болған соң майлықты қолдануды қалыптастыру;
2) гигиеналық дағдыларды қалыптастыру:тіс тазалау барысында тіс щеткасына тіс пастасын жаға білуін қалыптастыру, белгіленген символға бағдарлана отырып, тарақтар тұратын орында өз тарағын таба алуды қалыптастыру, айна алдында жеке тарақпен өздігінен шаш тарауға үйрету; ересектердің көмегі арқылы қағаз орамалдарымен қолдануды үйрету (жырту, қол сүрту, қоқыс салатын себетке тастау); ересек адамның ауызша өтініші және өздігінен шүмекті аша және жаба алуды үйрету; ересектің бақылауымен жуыну барысында жеке гигиена заттарымен (қатты сабын, мөлшерлеуіші бар ыдыстағы сұйық сабын, орамал) қолдана білуді қалыптастыру; ересектің бақылауымен аяқты жууға үйрету; серуендеу алдында, сабақ алдында дәретханаға бару керектігін үйрету (қажеттілігі бойынша), өздігінен және ересектің жарым-жартылай көмегімен беторамалына сіңбіруді, оны қайта қалтаға салуды үйрету;
3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру: өз шкафын тәртіпте ұстау қажеттігін балаларға үйрету (киімдерді белгілі орындарға қою); ересектің көмегі арқылы сілекей аққан кезде беторамалдарымен, арнайы майлықтармен қолдануды үйрету; балаларды өзінің сырт келбетіне: айнада өзіне, бір-біріне, ересектерге қарауға көңіл бөлуге тарту;
4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру:сілтеуші ым бойынша, ересектің көмегімен белгілі бірізділікте киіну және шешіну тәртібіне балаларды үйрету;ересектің жартылай көмегімен түймедегі ілгектердің ағыта білуін қалыптастыру;түрлі көлемдегі түймелер көмегімен біріктіретін, түймелейтін, ағытатын дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін,түрлі ойын модульдері бар жаттығулар, киімді атау және көрсете білуді қалыптастыру (өзінің үстіндегі, шкафтағы, орындықтың үстінде бүктелген);ересек адамның көмегімен бауларды шеше алуға үйрету.
130. Күтілетін нәтижелер:
1) ересектің бақылауымен және өздігінен жуыну барысында жеке гигиена заттарымен қолдана алады;
2) қасыққа қажетті көлемдегі тамақты ала алады;
3) тамақтану кезінде және тамақ ішіп болған соң майлықты қолданады;
4) ересектердің көмегімен айна алдында тарақпен шашын тарай алады;
5) ересектердің көмегі арқылы қағаз орамалдарымен қолдана алады;
6) ересектің жартылай көмегімен және өздігінен беторамалымен қолдана алады;
7) ересектің жартылай көмегімен түймедегі ілгектерді ағыта алады;
8) ересектің көмегімен бауларды шеше алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет