5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту 24. Мақсаты есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың естіп қабылдау дағдыларын (есту-көру және есту негізінде) және ауызша сөйлеу тілінің айтылу тараптарын дамыту болып табылады.
25. Міндеттері:
1) есту қызметін дамыту (жетілдіру) және қалыптастыру;
2) тілдік және тілдік емес дыбыстардың табиғаты туралы көзқарастарын байыту;
3) ауызша сөйлеу тілін қабылдаудың сенсорлық негіздерін дамыту;
4) есту зейінін (түйсігін) дамыту;
5) анық, нақты табиғи сөйлеуді қалыптастыру;
26. Жартыжылдыққа бағдарламалық талаптардың көлемін баланың естіп қабылдауы мен сөйлеу тілінің даму деңгейіне және түзете оқыту процесідегі жетістіктеріне байланысты сурдопедагог өз бетінше таңдайды. Бағдарламалық талаптар әліпбилік реттілікпен көрсетілген. Олардың мақсатқа сәйкестілігін сурдопедагог дербес орналастырады.
27. Бір жыл бойы балалар күніге дыбыс күшейткіш құралдармен пайдалануды, сабақта сапқа тұруды, серуендеу уақытында дыбыстық, дауыстық белгіге сурдопедагогқа немесе тәрбиешіге жақындауды үйренуі керек.
28. Дыбыстықынталандырулар дыбыс күшейткіштермен және таза есту арқылы қабылдау үшін беріледі. Баланың естіп қабылдауы мен сөйлеу тілінің даму деңгейіне қарай материал естіп-көру, есту, есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша, ауызша-дактилді түрде қабылдау үшін беріледі. 2-3 дыбыстауды айыру заттар мен бейнелері бар суреттерге сүйене отырып, жүзеге асырылады. Тілдік және тілдік емес дыбыстарды қабылдау, дыбыстау көзінен ара қашықтықты тұрақты арттырып отырып жүзеге асырылады.
29. Оқудың бірінші жылында бала дыбыстар әлемімен, қатынас жағдайларымен танысады, жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру және қарым-қатынасқа түсу үшін, ауызша сөйлеу тілінің қажеттілігін түсіне бастайды.
6-параграф. 1 - жартыжылдық 30. Тілдік емес дыбыстау:
1) дыбысты оқшаулау және оның көзін, орналасқан жерін сөзбен атау немесе оны сұқ саусағымен ымдап көрсету;
2) ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату;
3) қарама-қарсы сипаты бойынша ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату;
4) есту-көру арқылы ұсынылған тілдік емес дыбыстауды ажырату;
5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған дыбыстауға деген реакциясы;
6) тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы: шу және қоршаған ортағы дыбыстар, музыка, ән шырқау, жануарлар дауыстары;
7) музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларға деген реакциясы, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыстармен дыбыс тіркестерін айту;
8) музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларды, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыс ырғағымен дыбыс тіркестерін дәл айту;
9) тілдік емес дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы.
31. Тілдік дыбыстау:
1) естіп-көру жәнеесту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау;
2) есту арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру және дәл айту;
3) дыбысқа еліктеулерді дәл көрсету, естіп-көру жәнеесту арқылы айыру;
4) естужәне естіп-көру арқылы былдыр және толық сөздерді айыру;
5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік дыбыстауға деген реакциясы(дыбыс күшейткішпен және жалаң құлаққа);
6) тілдік дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы.
32. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау;
2) дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздер мен дыбыстарды дәл айту (шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы);
3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды қоюда қолдануға болатын фонетикалық ырғақтық қимыл-қозғалыстары пайдалану;
4) дыбыстар мен буындарды қысқа және ұзақ айту;
5) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгерту;
6) сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау;
7) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту;
8) ауызша сөйлеу (айту) мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлесу.
33. Күтілетін нәтижелер:
1) дыбыстарды, дыбысқа еліктеуді, былдыр мен толық сөздерді, дәл айтады;
2) естіп-көру жәнеесту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындайды;
3) тыңдау реакциясын көрсетеді;
4) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен тілдік емес және тілдік дыбыстау темпін өзгертеді;
5) дыбыстау көзін, орналасқан жерін табады;
6) ауызша айту мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлеседі;
7) дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді таниды;
8) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады;
9) естіп-көру жәнеесту арқылыбылдырды, толық сөздерді айырады, ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;
10) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес және тілдік дыбыстауларға реакция білдіреді;
11) тұрмыстық дыбыстарды, қалалық және табиғи шуларды таниды.